Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ауруханадан тыс сол жақты төменгі бөлікті бактериальді пневмония

Автор:   •  Май 4, 2023  •  История болезни  •  4,845 Слов (20 Страниц)  •  158 Просмотры

Страница 1 из 20

«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

№1 БАЛАЛАР АУРУЛАРЫ НЕОНАТОЛОГИЯМЕН  КАФЕДРАСЫ

[pic 1]

Кафедра жетекшісі: м.ғ.д. Жумалина А.К.

Оқытушы: 

                               

АУРУ ТАРИХЫ

Клиникалық диагноз: Ауруханадан тыс сол жақты төменгі бөлікті бактериальді пневмония. Жедел ағымды. Ауыр дәрежелі. Тыныс жетіспеушілігінің 1-2 дәрежесі

Куратор: Жалпы медицина факультеті

413Б тобы студенті

Аты жөні: Бахытжанова Наргиза

Ақтөбе қаласы

2022ж

ПАСПОРТТЫҚ БӨЛІМІ.

А.Ж.Т.: Жақсылық Фатима Аманжолқызы

Жасы: 15 жас

Туылған күні:30.05.2007ж.

Жынысы: Әйел

Ұлты: Қазақ

Мекен жайы: Ақтөбе қаласы Юго-Запад-2; Курманғазы көшесі 2А

Ата анасы:

Түскен күні: 20.09.2022 ж. 00:50

Курация күні :

Түскен реті:Жедел жәрдеммен түсті (пәтерден)

       

ШАҒЫМДАРЫ

Түскен кездегі: Қиын бөлінетін қақырықпен жөтелге, аралас типті ентігу, ентігу физикалық жүктемеден кейін үдейді, дене температурасының 38 С көтерілуіне, енжарлық, әлсіздік, тәбетінің болмауына, жөтелдің кесірінен ұйқысының бұзылуына шағымданды

Курация кезіндегі шағымдар: тамақтың қышуы, аз мөлшерде шырышты қақырықты өнімді жөтел, мұрынның бітелуі, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, дене температурасы 37,0 С

АУРУ АНАМНЕЗІ(ANAMNESIS MORBI)

Балада ауру 17.09.2022ж құрғақ жөтелмен басталған. 3 күн бойы ауырған. Дене температурасының көтерілуі, жөтел, әлсіздікпен өткен. Үй жағдайында «Адсорбикс» капсуласын қабылдаған. «Цефозолин» 1,0 мг көлемінде бұлшықетке салған. Бірақ баланың жағдайы алынған емнен жақсармаған. Балада құрғақ жөтел күшейе түскен, температурасы 37,5 С қа дейін көтеріліп, түні бойы ұйқтамаған. Өздігінен емді 3 күн бойы жалғастырған.

Емнен кейін бала жағдайы жақсармады. Құрғақ жөтел мен қызба сақталған. Баланың жағдайы нашарлағанан кейін жедел жәрдем шақырған. ЦОМИД қабылдау бөлімшесіне жеткізілген. Шұғыл түрде кезекші педиатр қараған. Cоматияға госпитализацияланды.

Бала өзінің ауырып қалуын салқындап қалуымен байланыстырады.

ӨМІР АНАМНЕЗІ(ANAMNESIS VITAE)

Бала 2007 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Бірінші жүктіліктен жетіліп туылған.

Жүктілік ағымы ерекшеліксіз. Токсикоздар мен ауырған аурулары болмаған. Тамақтануы тұрақты, рационалды болған. Витаминдер комплексін жүктілік бойы қабылдаған. Босану барысы қалыпты, ұзақтығы қалыпты. Жүктіліктің 38-аптасында өзі босанған.

Бала туылғанда қатты жылаған. Апгар-8 балл. Туылғандағы салмағы 2900г, бойы 53 см. Бала туылғанан кейін емшекті белсенді, өздігіен емген.

Перзентханада: Бала жағдайы қанағаттанарлық. Туылғанда бірден бауырына басқан. Бұлшықет тонусы мен рефлекстері қалыпты, терісі таза. Максимальді дене салмағын жоғалтуы 2-күні 200г шамасында болды.Перзентханадан 3-күні шығарылған. Кіндігі 6 күні түскен. Кіндік жарасы тез жазылған.

Физикалық және психикалық дамуы жынысына және жасына сай. Қазіргі салмағы тиісті болу керек салмағына сай. Қазіргі салмағы 52 кг.

Моториканың дамуы: басын 2 айда ұстай бастады, 4 айда ол бүйіріне аунай бастады, 6 айда ішке аунады, 7 айда отыра бастады, 10 айда ол жар жағалап тұрды, 11 айда ол жар жағалап жүре бастады, бір жастан кете өздігінен жүре бастады.

Психикалық даму: бірінші айда алғашқы күлімсіреуі, үшінші айда уілдей бастады, алғашқы буындарды 6 айда, 2 жасында толық сөйледі, анасын 4 айда тани бастады.

Тамақтануы: 1 жасқа дейін табиғи тамақтандырылған, емізу жиілігі баланың сұрауы бойынша берген.

Алғашқы қосымша тағам 4 айдан бастаған, ботқалар мен шырындардан бастаған, 9 айға дейін: ботқалардың барлық түрлері, көкөніс және жеміс пюресі, ет, балық, сүзбе, жұмыртқа сарысы, нан және печенье сияқты тағамдар қосылған. Баланың тамақ өнімдеріне аллергиясы болған жоқ. Д дәрумені бір айдан бастап күніне 400 ХБ, бір жылға дейін, көктем-күз-қыс мезгілінде алды. Қазіргі уақытта ол күніне 4 рет толықтай тамақтанады.

...

Скачать:   txt (66.7 Kb)   pdf (240.3 Kb)   docx (102.6 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club