Ішек микробиомы
Автор: nagymetqyzy • Апрель 26, 2023 • Реферат • 567 Слов (3 Страниц) • 178 Просмотры
Ішек микробиомы
Адам денесінің қалыпты микрофлорасы. Адам организмінде қалыпты микрофлора бірлестігі ретінде микроорганизмдердің шамамен 500 түрі мекендейді. Олар бір-бірімен және адам организмімен тепе –тең жағдайда болады.Бұл микроорганизмдердің көпшілігі адамға зияны тимейтін комменсал болып табылады. Микрофлора адамның қоршаған ортамен байланысатын қуыстарында жайғасады. Қалыпты жағдайда өкпеде, жатырда және басқа да ішкі органдарда микроорганизмдер болмайды. Әртүрлі биотоптардың: тері, ауыздың шырыш қабығы, жоғарғы тыныс жолы, асқорыту және несеп жыныс жүйесінің қалыпты микрофлорасын ажыратады. Адам организмінді тұрақты және транзитті микрофлора болады.
Адам микрофлорасы – бұл тері мен басқа да қабаттардағы микроағзалардың жиынтығы. Микрофлораның қалыпты жағдайы- эубиоз деп аталады. Микрофлораның басты функциясы ағзаның түрлі ауруларға төзе алушылық қабілетін қалыптастыру болып табылады.
Жаңа туған нәрестелер микробиомы. Нәрестенің ең алғаш дем алғанынан бастап оның денесін көптеген пайдалы микроағзалар бойлайды. Жаңа «микротұрғындар» асқорыту және зәршығару жолдарынан орын алып өздерінің күрделі және маңызды жұмыстарын бастап кетеді. Олар тамақты қорытып, дәретті қадағалайды, В және К дәрумендерін, темір, калций, Д дәруменін таратуға арналған аминқышқылдарын өндіріп шығарады.
Жаңа туған нәрестелерде асқазан-ішек жолдары іс жүзінде стерильді. Дегенмен, кейбір пренатальды колонизация орын алуы мүмкін: меконий толық стерильді болмауы мүмкін. плацентада бифидобактериялар мен лактобактериялардың ДНҚ табылған.
Ішек микрофлорасының қалыптасу процесі баланың өмірінің алғашқы күндерінде орын алады. Ол үш фаза бөлінеді:
I фаза – туылғаннан кейін 10-20 сағатқа созылатын асептикалық.
II фаза – өтпелі, асқазан-ішек жолдарын микроорганизмдермен колонизациялау (туғаннан кейінгі алғашқы 2-4 күн). Бұл уақытта тұрақты флора әлі қалыптаспаған.
III фаза – трансплантация, бифидофлора микробтық ландшафттың негізіне айналғанда.
Нормофлораның қалыптасуының ең маңызды факторы - табиғи тамақтану, әсіресе ерте (туғаннан кейінгі алғашқы сағаттардан бастап) ана сүтімен емізу. Ана сүті, ең алдымен, уыз сүті пребиота бифидогенді факторларға өте бай(ана сүтіндегі лактоза, бифидус фактор I, бифидус II фактор, левулоза).
Алғашқы микроорганизмдер баланың денесіне ананың туу жолынан өткенде енеді. Микробиоманың тұрақты құрамы 1,5 – 2 жыл ішінде қалыптасады. Оған мыналар әсер етеді: Босану түрі (физиологиялық немесе кесарь тілігі); Азықтандыру тәртібі; Гигиеналық жағдайлар;Нәрестенің немесе емізетін ананың антибиотикті қолдануы
...