Ішек инфекциялары
Автор: Лаззат Кабдрахимова • Ноябрь 21, 2020 • Практическая работа • 3,015 Слов (13 Страниц) • 748 Просмотры
Тәжірибелік сабақ №2
Тақырыбы: Ішек инфекциялары (Іш сүзегі және А, В паратифтері, Сальмонеллез. Азық-түлік арқылы жұғатын токсикалық инфекциялар. Ботулизм).
Тапсырма №1 Жағдаятты есептерді шешіңіз.
№4 ЕСЕП
Науқас Ш, 20 жаста, 1 күн бұрын құсу, іштің ауруы, көп мөлшерде сұйық, жасыл түсті, иісі бар нәжісі пайда болған кезде жедел ауырып қалды. Өз бетімен 10 таблетка белсендірілген көмір қабылдап, оның әсері болмады, температурасы 39,2С көтерілгендіктен жедел жәрдем шақырды, «жедел ішек инфекциясы» диагнозымен жұқпалы ауруханаға жатқызылды.
Эпидемологиялық анамнезінде: 2 күн бұрын тағамға 3 шикі тауық жұмыртқасын қабылдады.
Өмір тарихында:науқасқа антибиотиктердің барлық түрі жақпайды-Квинке ісіну пайда болады.
Қабылдау бөлімінде қараған кезде:жағдайы орташа қалыпта, әлсіздік,жүрек айну,іш қуысының ауырсынуы.Тері жамылғылары ақшыл-қызғылт түсті. Тыныс алуы везикулярлы, тамыр соғысы-90/мин, АҚ-115/90 с.б.б.Тілі құрғақ, таза.Нәжісінің мөлшері көп, сұйық,иісі бар, қоңыр-жасыл түсті.
1.Сіздің болжамды диагнозыңыз.
2.Емнің жоспарын құрастырыңыз.
3.Аурудың патогенетикалық дамуын көрсетіңіз.
4.Этиотропты емнің нұсқауларын көрсетіңіз.
5.Аурудың таралу механизмін атаңыз.
1.Сальмонеллез
2.Асқазанды жуу.
Дезинтоксикалық терапия.
5.Таралу механизмі: фекальді-оральді
№5 ЕСЕП
Науқас кеше үйде қақпағы көтерілген шыны ыдыстағы саңырауқұлақ консервісін жеген. Бірнеше сағаттан кейін көз көруі нашарлап,көзінің алдына тор,тұман пайда болып,1 зат 2-еу болып көрінген,тынысы тарылып,ентіге бастаған.
1.Не жайында ойлайсыз?
2.Емдік шарлар.
3.Жұғу жолы қандай?
4.Алдын алу жұмыстары.
1.Тағамдық ботулизм.
2.Инфекциялық стационарға міндетті түрде жатқызу керек.
Асқазанды жуып-шаю және ішекті тазалау клизмаларын жасайды.
3.Токсин дамыған тағамдық азықтандыру арқылы
4.Консервілерді үйдің жағдайында дайындаған кезде ұқыпты болу керек. Консервіленген тағамды сақтауға қатаң бақылау сақталу керек.
№7 ЕСЕП
36 жастағы науқас түстікке асханадан тамақтанады,қуырдақ ет және картоптан жасалған тағам жеген.
Тамақтанып болған соң қайта жұмысқа барады. Жұмысқа барысымен арада 2-3 сағат өткеннен кейін басы ауырып, басы айналды, жүрегі айнып,құсқан. Кенеттен асқазанның тұсы ауырған,дене қызуы 39-40 °С көтеріліп,қан қысымы төмендеп,кешке жақын іші өтті.
- Бұл қандай ауру?
- Қандай жедел көмек көрсету керек?
1.Тағамдық токсикоинфекция
Гастриттік синдром
2. Тағамдық токсикоинфекциялармен науқастанғандарды жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу қажет. Бірінші рет науқасты қарап және диагноз қойған соң асқазанын шайып, жуындысы бактериологиялық әдіспен зерттеледі. Егер жоғалтқан сұйықтықтың мөлшері 1,5-2 литрден аспаса, ауыз арқылы жоғалтқан сұйыктықтың мөлшеріне тең сұйықтық ішкізеді.
...