Баяу инфекциялар
Автор: Rustembek • Октябрь 22, 2018 • Реферат • 1,706 Слов (7 Страниц) • 930 Просмотры
Жоспары
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Тарихи деректер.
- Қоздырушысы.
- Этиологиясы мен дерттенуі.
- Індеттік ерекшеліктері
- Клиникалық белгілері
- Патолого-анатомиялық өзгерістері
- Балау.
- Емі.
- Иммунитеті.
- Адын алу және күресу шаралары.
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Баяу инфекциялар – жасырын кезеңінің (бірнеше айдан бірнеше жылға дейін) және өту мерзімінің ұзақтығыменен, белгілі бір мүшенің немесе өрме жүйесінің зақымдануыменен ерекшелінетін жұқпалы аурулар.
Әрдайым өліммен аяқталатын бұл баяу инфекциялар қатарына ірі қара малдың кеуектену энцефалопатиясы, қойдың өкпе аденоматозы, висна-маеди және скрепи жатады.
Вирустық баяу инфекциялар өте ауыр түрде өтеді, олар орталық жүйке жүйесінің (ЦНС) зақымдануымен байланысты. Қазіргі кезде олардың 30-дан астам түрлері белгілі болды.
Егер де вирустардың бәрі жоғары вирулентті болса иесінің өлімімен аяқталатын биологиялық тұйық болар еді. Жоғарғы вирулентті вирустар олардың өсіп-өнуіне жағдай жасау үшін, ал латентті вирустар – олардың сақталуы үшін қажет деген түсінік бар.
Баяу инфекциялардың қоздырғыштарына дәстүрлі вирустық аурулардың қоздырғыштарымен қатар табиғи немесе жасанды мутациялық процестер нәтижесінде пайда болатын инфекциондық құрылымдар (приондар, вириоидтар, плазмидалар, транспозондар) жатады.
Негізгі бөлім
Висна-маеди «Висна-маеди лат. Visna – maedi, ағыл. Ovine progressive» – артқы аяқтарының салдануымен созылмалы өтетін пневмониямен мінезделетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер.
Алғаш рет бұл ауру 1915ж Оңтүстік Америкада және АҚШта қойларда кездесті. 1935 және 1951ж аралығында Исландияның көптеген аумақтарында бұл ауру орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен және параличке әкеп соқтырумен көрініп, қойлардың жаппай өлуімен көрінген. Ауру «висна» (сарқылу, жүдеу) деп аталды. 1939жылы Гисласон қойлардың созылмалы үдемелі пневмониясына ұқсас ауруды тіркеп, оны «маэди» (ентігу) деп атады. Кейіннен 20ғ дың 50жылдары Исландияда Сигурдссон висна мен маэдидің вирустық түрін қойларды зақымдау арқылы бөліп алды. Ол бұл жұмысы арқылы екі ауруды бір қоздырғыш тудыратынын дәлелдеп, қойларда дамитын баяу вирустық инфекциялар теориясын жазды. Вирус алғаш рет Исландияда ауру қойлардын, кейінрек бірнеше рет АҚШта бөлініп алынды.
20ғ да ауру көптеген Еуропа елдерінде, Канада, Индия, АҚШ, Исландияда тарала бастады. СССР аумағында өткен ғасырдың 80жылдарында романовтық қой тұқымы арасында кеңінен таралды.
Солтүстік Американың көптеген штаттарында зерттеулер барысында 70пайыз ауру көрсеткіші тіркелді. Исландияда 40жылдары қой шаруашылықтарында 20 30 пайыз шығын тіркелді. Әкелінген шығын нәтижесінде 700000 қойдан 450000қойға дейін кеміді. Ауруды жою үшін 20жыл уақыт кетті, нәтижесінде 650000 қой өлтіріліп өртелді.
Қоздырушысы.
РНК – дан тұратын вирус, Retroviridae тұқымдастығы, Lentivirus туыстастығына жатады. Ол сфирикалық формада болады, диаметрі 70-100 нм.РНК вирусы бір спиральді, гомогендік учаскесі бар бірнеше фрагменттен тұрады.
Бұл вирус қойлар мен басқада жануарлардың культура клеткаларында өсіріледі. Маэдидің штамы өкпелік жасушаларға деген үлкен тропизмдік қасиетке ие, ал висна штамы жүйке клеткаларына деген қасиетке ие.
Вирус термолабиленді, 56С та 10мин ішінде инактивтенеді, спиртке, формалинге, фенолға төзімсіз келеді. Ультрадыбыстық және иондаушы сәулелерге төзімді.
[pic 1]
Этиологиясы мен дерттенуі.
Ауруды ретровирустар тұқымдастығына, лентивирустар тобына жататын, құрамында РНҚ бар вирус қоздырады. Ауру малға көбінесе жабық қора жағдайында аэрогенді жұғады. Саулықтан қозыға вирус уызбен, сүтпен беріледі. Жасырын кезең – 3...4 жыл, танау арқылы жасанды жұққызғанда – 2 жыл. Денеге енген вирус 2-3 апта өткесін әуелі қанда, кейінірек көптеген басқа мүшелерде табылады. Вирус лимфоциттер мен макрофагтарды тұрақты мекендейді. Ашығу, мұздау, төлдеу сияқты стресс-факторлар арандатып, аурудың клиникалық нышандануын тездетеді. Ауру нышандары бірте-бірте күшейіп, 3-6 ай, кейде 12 ай дегенде шыңына жетеді. Аурудың дерттенуі күрделі процесс, ол әлі толық зерттелмеген. Қанда ауру қоздырушысымен қатар оған қарсы бағытталған антиденелер (бейтараптайтын, комплементті байлайтын, т.б.) болады. Алайда антиденелер провирус сатысында латентті күйдегі вирусты организмнен аластай алмайды. Әдетте лимфоциттер мен макрофагтарды мекендеп, оларға зиян келтірмейтін вирус мезгіл-мезгіл торшалардан шығып баяу өршитін аурудың себепшісі болады. Вирустың антигендік тұрғыдан түрленетіні белгілі. Алайда бұл фактордың вирустың организмде сақталуындағы, ми мен жұлынды және өкпені зақымдауындағы рөлі әлі беймәлім. Ми мен өкпеде өршитін өті зілді дерттік процестің деңгейі қанда болатын ерекше антиденелердің бар-жоғына тәуелді емес.
...