Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қылқан жапырақты бунақденелілердің зиянкестері

Автор:   •  Сентябрь 7, 2022  •  Реферат  •  3,133 Слов (13 Страниц)  •  357 Просмотры

Страница 1 из 13

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

      СӨЖ

Тақырып: Қылқан жапырақты бунақденелілердің зиянкестері

                                                                   

                                                                           Орындаған: Ахметов О.А

                                                                                Топ:ЛД-511

                                                            Семей 2018

Қылқан және жапырақкеміргіш бунақденелілер жапырақтардың негізгі ұлпаларымен қоректенеді, дамуының белсенді фазасында тіршілік етуі ашық болады; тек салыстырмалы түрде дернәсілдердің аз ғана бөлігі жапырақтарды тесіп,  тіршілік етеді. Бұл топқа орман насекомдарының әртүрлі отрядтарының өкілдері кіреді. Оларға көбелектер, егеушілер және т.б бунақденелілер жатады.  Көбелектердің, егеушілердің және ткачтардың саны тербелмелі болып өзгеріп тұрады, сондықтан оларды әдетте жеке жаппай қылқанжапырақкеміруші тобына біріктіреді немесе алғашқы зиянкестерге жатқызады.  Қоңыздар жаппай көбею ошағын түзбейді, сан мөлшерінің ауытқуы орташа болады, кейде ғана бақтардағы жас ағаштарда ошақ түзуі мүмкін.  Бунақденелілердің белсенді  түрде тіршілік етуі климаттық факторларға  тікелей байланысты болады. Қолайлы ауа райы олардың қоректенуіне, өсуіне, дамуына, таралуына және көбеюіне оң ықпал жасаса, қолайсыз  жағдайлар олардың жаппай қырылуына әкеліп соқтырады. Құстар, паразиттер, жыртқыштар  және т.б. жаулары үшін олар оте оңай қорек көзі болып табылады. Бунақденелілер дернәсіл (жұлдызқұрт)  сатысында, қылқан немесе жапырақпен қоректенеді, ал ересек фазасында гүлдердің шірнеліктерін пайданаланады   немесе мүлдем қоректенбей тіршілік ете алады. Осыған байланысты ересек сатыдағы насекомдардың тіршілік  процестері, дернәсілдік сатысында жинаған денедегі майлы қор заттарына байланысты өтеді. Дернәсілдерде осы қорлық заттардың жинақталуы, жапырақтардың биохимиялық құрамының жыл мерзіміне байланысты әртүрлі болуына және қоректену мерзіміне тығыз байланысты.   Барлық қылқан және жапырақкеміргіш бунақденелілерге жаппай көбею және көп мөлшерде жұмыртқа салу тән. Қылқан және жапырақкеміргіш насекомдарда  локомоторлы функциясы жақсы дамыған, алыс және тез ұшуға қабілетті, желмен пассивті жылжуға бейімделген түрлері бар(монашенканың, жұпсыз жібек көбелегінің жұлдызқұрттары желмен таралады).  Көптеген қылқан және жапырақкеміргіш насекомдарда біржылдық тіршілік циклі болады. Тек кейбір түрлері оңтүстік аудандарда жылына екі генерация береді(қарағай егеушісі),  ал Сібірде генерация  екі жыл бойы дамиды(сібір жібек көбелегі). Осы топқа жататын көптеген өкілдері өздерінің әртүрлі даму фазасында,  экологиялық жағдайға байланысты диапаузаға кетеді. Мысалы, жұпсыз және сақиналы жібек көбелегі тұрақты эмбриональді диапаузасы бар, ал егеушілердің кейбір түрлері пілләләну кезінде диапаузаға кетеді. Диапауза ұзақтығы 3-4 жылға созылады. Мамық жібек көбелегі, қуыршақ фазасында диапаузаға 4-8 жылға дейін кетеді.  Қоректену ерекшеліктеріне қарай қылқан және жапырақкеміргіш бунақденелілерді екі топқа бөлуге болады.  Бірінші топқа жататын насекомдар өсімдіктермен  көктемде қоректенуге маманданған, ол кезде жапырақтар ақуызға өте бай болып келеді, азықтық құндылығы жоғары, бірақ химиялық құрамы өзгермелі тұрақсыз болады. Осы топқа кіретін насекомдар даму циклі бойынша бірнеше топқа бөлінеді: а) Жұмыртқа фазасында  қыстайтындар (сақиналы және жұпсыз жібек көбелегі,монашенка, қарағай мұр көбелегі, сары қарағай егеушісі); б) Жұлдызқұрт фазасында  қыстайтындар (златогузка, тал бұйра көбелегі, қарағай және сібір жібек көбелегі); в) Қуыршақ фазасында  қыстайтындар (қарағай түн көбелегі,  мұр жібек көбелегі және т.б.). Екінші топқа жататын насекомдар өсімдіктермен  жазда қоректенуге маманданған, ол кезде жапырақтар ақуызға бай емес, азықтық құныдылығы төмен, бірақ химиялық құрамы тұрақты  болады.Осы топқа жататын насекомдар қуыршақ фазасында қыстайды (қызыл құйрық, қарағай мұр көбелегі және т.б.). Жапырақкеміруші насекомдардың көбісі көпқоректілер, алайда әртүрлі ағаш түрлерінде қоректену кезінде олардың даму мерзімі, көбеюі және тіршілік етуі әртүрлі болады.  

...

Скачать:   txt (40.4 Kb)   pdf (204.2 Kb)   docx (17.2 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club