Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Минералды тыңайтқыштарды қолдану технологиясы

Автор:   •  Апрель 8, 2020  •  Лекция  •  1,325 Слов (6 Страниц)  •  559 Просмотры

Страница 1 из 6

ДӘРІС № 2

2. ТОПЫРАҚ ҚАСИЕТТЕРІ ЖӘНЕ ТЫҢАЙТҚЫШ ҚОЛДАНУ

Топырақ - төсеніш аналық жыныстың физикалық, химиялық және биологиялық үрдістердің әсерінен үгілу нәтижесінде пайда болған құрлықтың жоғарғы табиғи құнарлы қабаты болып табылады.

Үгілу нәтижесінде пайда болған өнім топырақ, ал түзілген жынысты аналық жыныс деп атайды.

В.В.Докучаев топыраққа ғылыми тұрғыдан «Мен топырақ деп, тек тау жыныстарының сыртқы ауа, су және әртүрлi жанды және жансыз организмдердiң әсерiнен белгілі құрамы, құрылымы және түсіне ие бола отыра табиғи өзгерген жер бетіне жақын жатқан қабаттарды айтуды ұсынар едім. Бұл жағдайларсыз табиғи топырақ түзілмейді, тек жасанды қоспа немесе тау жыныстары болар еді» деген анықтама берген.  

Топырақ қабатының қалыңдығы әртүрлі: ол шөгінді құмбалшықтарда бірнеше метрге дейін, қарқынды эрозия аналық жынысын жұқалаған таулы аудандарда бірнеше сантиметрге дейін созылады. Егіншілікте топырақ деп тек өңделетін қабатты ғана, яғни жақсартатын қоспалар мен тыңайтқыштар енгізілетін қабатты айтады. Жалпы айтқанда «жыртылған қабат»деген терминмен белгіленетін топырақтың беткі қабаты туралы сөз болады.  

Топырақтың рөлі екі жақты. Біріншіден өсімдіктің өсуіне тіреу болса, сол себептен тұрақтылық, аэрация, өткізгіштік және т.б., яғни белгілі физикалық түйіртпектілікке ие болуы керек. Екіншіден топырақ өсімдіктерге азық-түлік қоймасы болып табылады. Өсімдіктердің қорегі үшін қажетті минералдық заттар топырақта жеткілікті мөлшерде болуы шарт.  

Сонымен топырақты зерттеу физикалық және химиялық тұрғыдан жүргізіледі. Топырақ - қарқынды тіршілік ортасын бақылауға болатын тірі дене.

2.1. Топырақтың физикалық қасиеттері  

Механикалық элементтер топырақта немесе жыныста бос (мысалы, құмда) және жекелеген түйіртпектері бірігіп, мөлшері мен формасы, беріктігі әртүрлі агрегатты күйде болады.  

Механикалық элементтердің қасиеті 0,01мм, одан кейін 0,005 және 0,001мм аралығында күрт өзгеріске ұшырайды. Бұл механикалық фракцияларды үлкен екі топқа бөлуге мүмкіндік береді: физикалық құм (>0,01мм) және физикалық балшық (<0,001мм).  

Топырақтың негізгі физикалық компоненттерін үлкен екі топқа біріктіреді: 1мм артық бөлшектер - топырақ қаңқасы, 1мм кіші бөлшектер - топырақ ұнтасы.    

Механикалық элементтердің фракциялары топырақ немесе жыныста әртүрлі сандық қатынаста болады. Топырақ құрамындағы немесе жыныстағы элементарлық бөлшектердiң әртүрлi деңгейде ұнтақталған сандық мөлшерiн және олардың қарым-қатынасын механикалық немесе гранулометриялық құрам деп атаймыз.

Әртүрлі компоненттердің сандық мөлшері топырақтың құрылымын анықтайды, оның түйіртпектілігі құрылымдық бөлшектердің топырақта қандай жолмен байланысқанына тәуелді.  

Н.А.Качинский бойынша фракцияларды жіктеу:  

Тас (>3мм) тау жыныстарының сынықтарынан тұрады. Тастылық - топырақтың кері қасиеті. Топырақта тастардың болуы ауылшаруашылық машиналары мен құралдарының жұмысын қиындатады, өсімдіктердің көктеуімен, өсуіне кедергі жасайды.  

Малта тас (3-1мм) - біріншілік минералдардың сынықтарынан тұрады. Топырақта малта тастың көп болуы өңдеуге кедергі болмайды, бірақ қолайсыз қасиеттерін тудырады - сусіңіргіштігі құйылмалы, сукөтеру қабілеті жоқ, сусиымы төмен. Малта тастың сусиымы (<3%) ауылшаруашылық дақылдарының дамуын қанағаттандырмайды.  

Құмды фракция (1-0,05мм) біріншілік минералдардың (кварц, дала шпаты) физикалық үгілуінің өнімі. Бұл фракциялардың суөткізгіштігі жоғары, ісінбейді, майысқақ емес, малта тастан ерекшелігі қылтүтікшелік және сусиымдылыққа ие. Сол себептен құмдар, әсіресе майда дәнді, ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге жарамды. Егістік дақылдары үшін құмдардың сусиымы 10%-дан кем, орманды дақылдар үшін - 3-5%-дан кем болмауы тиіс.  

Iрi және орташа шаң минералдық құрамы бойынша құмнан аз ерекшеленеді, сондықтан құмның біршама физикалық қасиеттерін иемденеді: майысқақ емес, әлсіз ісінеді, сусиымы жоғары емес, ылғалды ұстайды, бірақ суөткізгіштігі нашар, коагуляция қабілеті жоқ, топырақта жүретін түйіртпек құралу және физика-химиялық үрдістерге қатыспайды. Сол себептен ірі және майда шаң фракциясына қаныққан топырақтар жеңіл шаңданады, лайлану мен нығыздалуға бейім, нашар суөткізгіштігімен ерекшеленеді.  

...

Скачать:   txt (20 Kb)   pdf (263.2 Kb)   docx (92.2 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club