Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасындағы геодезия

Автор:   •  Апрель 25, 2018  •  Реферат  •  1,682 Слов (7 Страниц)  •  1,426 Просмотры

Страница 1 из 7

Мазмұны

Кіріспе

  1. Геодезия ежелгі замандағы даму......................4
  2. Орта замандағы даму.........................................5
  3. Ресей Империясында даму................................6-7
  4. Қазақстан Республикасындағы геодезия.........8-9

Қолданылған әдебиеттер


Кіріспе

Геодезия (грек. ge — жер және daі — бөлемін) — Жердің пішіні мен мөлшерін, қабылданған координаттар жүйесіндегі нүктелер орнын анықтаудың әдістері мен тәсілдерін зерттейтін, жер бетінің планы мен картасын салу, жер бетіндегі өлшеулерді жүргізумен айналысатын Жер туралы ғылымдардың бір саласы. Жердің физикалық бетін зерттеу үшін картографиялық және топографиялық әдістер мен пландық және биіктік координаталар құрылады. Геодезия ғылымы астрономиялық және гравиметриямен тығыз байланысты, сондықтан Жердің пішіні мен мөлшері градустық өлшеу әдісімен анықталады. Оның шамасы — географиялық координаттар арқылы доғалардың сызықтық және бұрыштық мәндерін анықтаудан тұрады. Геодезиядағы координаттық негіздер триангуляция, полигонометрия, геометриялық және тригонометриялық нивелирлеу әдістерімен геодезиялық торлар құру арқылы жасалынады. Өндірістік гидротехника және т.б. құрылыс объектілерінің пландық пен биіктік негізін салуды және инжинерлік түсірімдерді орындау мәселелерін инжинерлік Геодезия шешеді. Қазіргі уақытта мұхит, теңіздердің және көлдердің байлықтарын меңгеру үшін олардың жағаларын, түбін зерттеу жұмыстары жүргізіліп, гидрографиясы толықтырылды, бұл су асты Геодезиясын дамытты. Үлкен территорияларда топографиялық жұмыстар тез және тиімді жасалу үшін әуеден жер бетінің фотография бейнесі алынды, осыған байланысты Геодезияның аэрогеодезия мен ғарыштық геодезия саласы қалыптасты. Жер асты байлықтарын (кен қазбаларын, мұнай мен газ өнімдерін, т.б.) меңгеруде инжинерлі-техникалық жобалар мен сызбаларды қамтамасыз ету үшін жер асты Геодезиясының маркшейдерияның) тәсілдері қажет. Геодезияның ғылыми және практикалық шешу әдістері математика мен физика заңдарына негізделген.

                                                

  1. Геодезия ежелгі замандағы даму

Геодезия ете-ерте заманда жер бетін шаруашылық мақсаттар үшін зерттеу қажеттігі туған кезде пайда болды. Адам баласының барлық тіршілігі жермен байланысты екені бәрімізге аян. Сол себепті жерді зерттеуге арналған ғылымдардың бірнеше түрлі тараулары бар. Грек тілінде жерді «геоид» дейді, осыган байланысты жерге арналған ғылымдардың көпшілігі осы буынмен басталады: геодезия, геология, геофизика, геоботаника, геомеханика және т.б.

Бүл ғылымдардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты және өлшеу мәселесі қоғамның даму тарихымен тікелей ұштасып жатады. Қоғам тарихының әр дәуірінде жермен шүғылдану дәрсжесі де әртүрлі сатыда болып келді. Адам қоғамының даму дәрежесінің өзі сол жер байлығын пайдалана білу тәсіліне тәуелді. Сол себептен жер өлшеу әдістерінін дәрежесі адам қоғамының даму тарихын көрсететін бір айқын дерек болып табылады. Осы айтылғандарга мысал регінде геодезия, маркшейдерия ғылымдарының әрбір тарихи кезендерде кандай орын алып  келгендігіне қысқаша тоқталамыз.

Жер өлшеу әдістері мен ірі құрылыстардың көрнекті ескерткіштері дүние жүзінде бірнеше жерлерде бар. Мысалы, біздің заманымыздан бұрыңғы VI ғасырда Ніл өзенінің бойында салынған суару жүйелері мен каналдарда геодезиялық олшеулер қолданылған. Ежелгі  Мысыр (Египет) елінде орасан зор құрылыстар салынған. Ал Египет патшаларының өздері тірі кездеріиде салғызған пирамидаларының ішіндегі  ең үлкені Хеопс пирамидасының төрт қырының әрқайсысы 230,13 метірден де, ал бір-бірінен айырмашылығы 2 см-ден аспайды. Египет пирамидалары «Әлемнің жеті кереметінің» бірі болып саналады. Мүндай құрылыстар салу, арнаулы геодезиялық өлшеулерсіз жүргізілуі мүмкін емес

...

Скачать:   txt (25.5 Kb)   pdf (343.7 Kb)   docx (227.9 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club