Кенорындарындаа игеру тиімділігінің сараптамасы
Автор: rtrtrt • Июль 6, 2021 • Курсовая работа • 8,990 Слов (36 Страниц) • 463 Просмотры
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Кенорындарындаа игеру тиімділігінің сараптамасы»
Орындаған: Шомақов Қанағат
Мазмұны
Кіріспе...........................................................................................................................3
1 тарау. Мұнай мен газ кенорындарын игеру режимдері
1.1. Тау жыныстарының коллекторлық қасиеттері..................................................5
1.2. Геологиялық-геофизикалық зерттеудің және мұнай-газды аймақтарды игерудің негізгі кезеңдері...........................................................................................7
2 тарау. ҚР-ның мұнай нарығының ағымдағы жағдайды талдау
2.1. Ағымдағы жағдайды, саланың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау................................................................24
2.2. Мұнай мен газды өндіру....................................................................................26
Қорытынды.................................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................32
Кіріспе
Мұнай газ кен орындарын игеру мен пайдалану пәнінің негізгі мақсаты болып келешек инженер маманын мұнай мен газ кенорындарын игеру мен арнайы шешімдерді қабылдау мен мұнай мен газды өндірудің техникасы мен технологиясы дұрыс таңдау болып табылады.
Мұнайды ұңғыма арқылы өндіру мұнай кенорындарын игерудің тиімді жолы, ал мұнайды шахталы әдісі бойынша пайдалану көбіне аз мөлшерде және сирек түрі болып келеді. Табиғи газы бар кенорындар тек ұңғымалармен игеріледі. Ұңғымалар негізі болып вертикаль немесе көлбеулі тереңдікке қазылған және аз мөлшердегі диаметрімен жердің үстіңгі беткейлерін мұнай қорымен байланысты обьектілер мұнай мен газ өндірісінде кең тараған және қымбат обьектілер болып табылады. Мұнай мен газ ұңғымаларын пайдалану негізі өте қиын және жауапты процесс, өйткені ұңғыма іші қондырғыларының жұмысы мен әсіресе сұйықтардың қозғалысы (мұнай, газ және су немесе олардың қосындысы) ұңғымада біздің көзге көрінбейді, яғни оларды тікелей бақылаумен параметрлерін есептеу мүмкін еместігінен, қиын басқарушы жұмыстары болып табылады.
«Мұнай мен газ ұңғымаларын пайдалану» пәнінде ұңғыма түбінен сағасына дейін сұйықтық көтерілу процесін, ұңғыма ішкі және саға жабдықтарын, ұңғыманы бұрғылаудан соң немесе жөндеуден кейін оны меңгеру, ұңғыманы зерттеу әдісі, өнімді қабатқа әсер ету мен ұңғыма шектік аудандарға, пайдаланудың әртүрлі мүмкіндігімен ұңғымаларды пайдалану мен жер асты жөндеу жұмыстарын оқытады.
...