Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Малдың түріне қарай таңбалау мен зоотехниялық есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру

Автор:   •  Февраль 21, 2021  •  Реферат  •  2,009 Слов (9 Страниц)  •  1,453 Просмотры

Страница 1 из 9

Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеуші Университеті

                                          [pic 1]

«Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру  технологиясы»кафедрасы

   РЕФЕРАТ

   

Тақырыбы:Малдың  түріне қарай таңбалау мен зоотехниялық  есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру.

Орындаған:Селмұхан  Айнұр  ВМ-204 топ

Қабылдаған:Нұрғазы  Қуат

Жоспар:

I.Кіріспе

II.Негізгі  бөлім

1.Мүйізді  ірі  қара  малды  таңбалау

2.Жылқыға  таңба  басу  әдістері

3.Мүйізді  ірі  қара  малды  белгілеу және  алғашқы  зоотехникалық  есебін  жүргізу.

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі

 

Шаруашылықтағы мал басын белгілеп, есепке алып, асылдандыру жұмыстарын жүргізу үшін оларды таңбалайды. Таңбалауды әр түрлі әдістермен жүргізеді: ата-аналық бастарды, тұқымға қалдырылатын жас малды салынған белгі-таңбаның ұзақ мерзім сақталатын әдістермен жүзеге асырса, бордақылаудағы бастарды, жайылым мерзіне ғана топтастырған мал бастарын қысқа мерзімдік әдістермен белгілеуге болады. Ұзақ мерзімдік таңбалау әдістеріне сырға (бирка) тағу, құлаққа ен салу, мүйізге белгі салу (нөмірлеу), иыққа, жанбасқа таңба басу болса, қысқа мерзімге, мысалы, қой қырқуда, жүнінің сыртынан жуылатын бояулармен белгілеу немесе мал мойына түрлі түсті боялған қарғы бау тағу жатады. Мал басын белгілеудің қарапайым да жылдам, оңай түрі болып биркалау не сырғалау табылады. Ол үшін малдың құлағын спиртпен өңдеп, арнайы тескіш-қысқышпен теседі де бирка не сырғаны өткізіп, бекітеді. Бектілген бирка не сырға үзіліп түсіп қалмай, ұзақ мерзім сақталап, олардағы жазу анадайдан анық көрінуі шарт. Келесі қарапайым белгілеу әдісі – құлаққа ен салу. Ол үшін алдын ала тазартылып, жуылған және дезинфекцияланған құлақтың әр жеріне белгілі бір санды көрсететін енді кесіп не тесіп салады да, орнын йодпен күйдіреді.

Бұл әдістің кемшілігіне малдың құлағының қатты ауыруы, ен салған жерінің бітіліп не жаралып қалуы. Олай болмас үшін құлаққа арнайы татуировкамен белгі жазуға болады. Оны арнайы 0-ден 9-ға сандардың штамптары бар татуировкалық қысқышты қолданады. Штамптың қажетті сандары батырылған құлақтың жалаңаш жеріне денатурат спирті немесе 3%- дық карбол қышықылының ерітіндісінде ерітілген голланд күйесі, қара тушь секілді арнайы бояуларды жағады. Бұл әдістің кемшіліктеріне орындалуы мен құлақтағы сандарды оқудың қиындығын келтіруге болады. Сандарды арнайы құралдармен малдың мүйізіне жазуға болады. Оң жақтағы мүйізге 0… 9 сандардың клеймосымен малдың жеке басының нөмірі, ал сол жақтағы мүйізге: ұсақ мүйізді қара малдікіне - туылған жылын, ал ірі мүйізді қара малдікіне - жазылады. Қазақтың ежелден мал басын белгілеуде қолданып келген әдісі – таңба басу, таңбалау. Әдетте ірі қара малдың жамбасына не жауырынына қыздырған темірмен қарып таңба басады. Бүгінде бұл әдісті ыстықтың орнына қатты суықпен алмастырып, мал жүнінің боялуын қамтамасыз ететін пигмент меланоцитті бұзу арқылы суықпен таңбалау арқылы іске асырады. Ол үшін сырты мыспен қапталған болат сымды температурасы -90ºС денатуратты спиртпен араластырылған жасанды мұзға немесе температурасы -196ºС сұйық азотқа матырып алып, алдын ала жүні тықырланып алынған және 96º-тық денатуратты спиртпен мұқият өңделген жамбас не жауырын терісіне басып, таңбалайды. Мал оны еш ауырсынбайды. Біраз уақыттан соң таңба басылған жерге пигментенуі бұзылғандықтан бояусыздануынан ағарған жүннің өсуінен қашықтан анық көрінетін белгі пайда болады. Жүн фолликулдарын зақымдаудан сақтадыру үшін суықпен таңбалауды жарты минуттан (30 сек.) асырмау қажет, өйткені одан асқан жағдайда фолликулдарының зақымдалуынан ол жердегі жүннің өспеуінен тері тақырланып, тауарлық сапасын төмендетеді.

...

Скачать:   txt (25.9 Kb)   pdf (145.1 Kb)   docx (29.4 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club