Семей қаласында дендрологиялық мақсатта қолданатын өсімдіктер түрлерін зерттеу
Автор: жанерке ЗУЛЖАЛЕЛОВА • Июнь 20, 2023 • Реферат • 1,527 Слов (7 Страниц) • 180 Просмотры
,Семей қаласында дендрологиялық мақсатта қолданатын өсімдіктер түрлерін зерттеу
Зулжалелова Ж. Қ. 3- курс студенті.
Ғылыми жетекшілері : б. ғ.к. Силыбаева Б. М, аға оқытушы Букабаева Ж. Т.
Кез келген елді мекендердің ауасын тазартудың бірден бір көзі – жасыл өсімдіктер жүйесін дамыту болып табылады. Көгалдандыру мақсатында қолданатын өсімдіктердің жарыққа байланысты, суыққа төзімділігі тәрізді факторлар ескеріледі.
Әсіресе ауасы әртүріл сыртқы факторларға ( автокөлікетер, тұрғын үйлермен, қаланы жылытуға арналған қондырғылар) байланысты қатты ыластанған елді мекендерді көгалдандыру мақсатында әртүрлі бұталар мен жапырақты ағаштар түрлері отырғызылған. Зерттеу жұмысында қалалы жерлерде декоративтік мақсатта отырғызылған сүректі өсімдіктер түрлерінің классификациялары берілген. Оның ішінде қаланың парктері, скверлері және жабық алаңдарда, яғни өсімдіктердің өсу ортасына қолайлы жағдайлар жасалған жерлерде өсетін өсімдіктер жеке қарастырылған (1). Дүние жүзінде көптеген ірі қалаларды көгалдандыру үшін, әсіресе декоративтік мақсатта көптеген тәсілдер қолданады. Жол жиектерінде, үй маңында өсетін өсімдіктермен қатар, үйдің сыртқы қабырғаларын лианды өсімдіктер түрлерімен көмкеріп өсіру, этажды террасаларда гүлдейтін өсімдіктерді өсіру, арнаулы ыдыстарда өсіріп іліп қою сияқты көптеген әдістер қолданылады (2). Жол жағалауларына отырғызылған ағаш пен бұталар, ауадағы көмір қышқыл газды сіңіріп, ауаны отгегімен байытады. Сол сияқты, елді мекендерді желден, күннен, шаңнан қорғауы және шуды азайтуы ол жерлерде отырғызылған сүректі өсімдіктерді саны мен алып жатқан жер көлеміне тікелей байланысты болады. Бұл жұмыстар көгалдандырылатын алқаптың ауа райы, топырақ құрамы, жер бедері және суаруға қажетгі су көздерінің орналасу тәрізді негізгі бағыттары ескерілуі қажет. (3 4).
Қазақстанның елді мекендерінде ағаш отырғызу, оны күтіп-баптауға байланысты арнаулы мекемелер айналысады. Осыған байланысты, Шығыс Қазақстанға қарасты Семей қаласын көгалдандыру жұмыстарымен айналысуға бағыттылған жұмыстар жүргізілуде. Маршрутты ғылыми зерттеу жұмысының обьектісі ретінде Семей қаласын көгалдандыру мақсатында қолданылатын ағаштар, бұталар және жартылай бұталы өсімдіктер түрлерін анықтау және олардың биологиялық ерекшеліктеріне сипаттамалар жасау болып саналады.
Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті:
1. Семей қаласының әртүрлі жерлерінде өсетін ағаштар, бұталар мен жартылай бұталы өсімдіктер түрлерін анықтау;
2. Зерттеуге қажетті өсімдіктер түрлерін гербарийлеу және кездесу жиіліктерін анықтау;
3. Қалада өсетін ағаштардың тіршілік формасына байланысты биологиялық сипаттамасын жасау;
4. Семей қаласын көгалдандыру мақсатында қолданатын сүректі өсімдіктердің тиімділігіне байланысты анықтау жұмыстарын жүргізу.
Семей қаласындағы ағаштар мен бұталардың негізгі түр құрамы
1- Кесте
№ | Атауы (қазақ, латынша,орысша) | Гүлдену уақыты | Экологиясы |
1 |
Қарағайлар (Сосновые- Pinus) тұқымдасы. Кәдімгі қарағай (Сосна обыкновенная- Pinus sylvestris) | Жыл сайын мамыр айында. | Аязға және қуаңшылыққа төзімді, топырақ талғамайды |
2 | Қарағайлар (Сосновые- Pinus) тұқымдасы. Сібір қарағайы (Pinus sibirica Rupr. Cосна сибирская) | Маусым айы | Аязға төзімді және жарық сүйгіш |
3 | Қарағайлар тұқымдасы (Сосновые- Pinus) Кәдімгі шырша (Picea abies Link.-Ель обыкновенная) | Мамыр айы Маусым айы | Аязға және көлеңкеге төзімді. |
4 |
Қарағайлар (Сосновые- Pinus) тұқымдасы Сібір самырсыны немесе май қарағай (Abies sibirica- Пихта сибирская ) | Мамыр айы | Аязға төзімді, түтінге және газға төзімсіз. |
5 | Кипаристер (Кипарисовые -Cupressaceae) тұқымдасы Кәдімгі арша (Juniperus communis - Можжевельник обыкновенный ) | Сәуір, мамыр айы | Аязға және көлеңкеге төзімді. |
6 |
Раушангүлділер (Розоцветные- Rosaceae) тұқымдасы Сібір шетені (Sobrus sibirica- Рябина сибирская) | Мамыр, маусым айлары | Аязға және көлеңкеге төзімді. |
7 | Раушангүлділер (Розоцветные- Rosaceae) тұқымдасы Жидек алма ( Malus baccata- Яблоня дикая) | Мам-ыр, маусым айлары | Көлеңкеге және аязға төзімді. |
8 |
Раушангүлділер (Розоцветные- Rosaceae) тұқымдасы Кәдімгі алмұрт (Pyrus comminus Груша обыкно-венная) | Сәуір, мамыр айлары | Көлеңке ге төзімді Аязға төзімді |
9 |
Раушангулділер (Розоцветные- Rosaceae) тұқымдасы. Алқызыл долана (Crataegus sanguinea L.- Боярышник кровавокрасный) | Сәуір, мамыр айлары | Көлеңкеге және аязға төзімді. |
10 |
Шамшаттар (Боковые-Fagaceae) тұқымдасы Кәдімгі емен (Quercus robir L.- Дуб обыкновенный) | Сәуір,мамыр айлары | Жарық сүйгіш өсімдік , аязға төзімді |
11 | Жиделер (Лоховые Elaeagnaceae) тұқымдасы Боз жиде (Elaeagnus angustifoli Лох узколист-ный) | Сәуір, мамыр айлары | Қуаңшылыққа төзімді өсімдік. |
12 |
Зайтундар (Маслиновые Oleaceae) тұқымдасы Кәдімгі жұпаргүл (Syringa vulgaris L.- Сирень обыкновенный ) | Сәуір, мамыр айлары | Көлеңкеге және аязға төзімді |
13 |
Қайыңдар (Березовые-Betulaceae) тұқымдасы Қотыр қайың (Betula pendula - Береза повислая) | Сәуір, мамыр айлары | Газға төзімсіз, аязға төзімді |
14 |
Талдар (Ивоцветные – Salicaceae) тұқымдасы Ақ тал (Salix alba - Ива белая) | Сәуір,мамыр айлары | Қуаңшылыққа төзімді |
15 |
Талдар (Ивоцветные – Salicaceae) Тұқымдасы. Ақ терек (Populus alba L.- Тополь белый) | Сәуір, мамыр айлары | Көлеңкеге және аязға төзімді. |
16 |
Талдар (Ивоцветные – Salicaceae) тұқымдасы Қара терек (Populus nigra L.- Тополь черный) | Сәуір, мамыр айлары | Көлеңкеге және аязға төзімді |
17 | Талдар (Ивоцветные – Salicaceae) тұқымдасы Пирамидальді терек (Тополь пирамидальный-Popular nigra) | Сәуір және мамыр айлары | Көлеңкеге және аязға төзімді |
18 | Қарағаштар (Вязовые-Ulmaceae) тұқымдасы Жылтыр Карағаш (Вяз гладкий- Úlmus laévis) | Сәуір және мамыр айлары | Көлеңкеге , газға және аязға төзімді |
19 |
Жөкеағаштар (Липовые - Tіlіaceae.) тұқымдасы Жөке ағашы (Tilia-Липа) | Маусым, шілде айлары | Ылғалды топырақта, ашық күн көзінде және көлеңкелі жерлерде өседі |
20 |
Үйеңкілер (Клёновые-Aceraceae) тұқымдасы Татар немесе қара үйеңкі (Acer tataricumL.- Клен татарский немесе черноклен ) | Сәуір, мамыр айлары | Қуаңшылыққа және Тұзды топыраққа төзімді |
...