Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қоршаған температураға, дене жағдайына, жеделдетілген жүктемеге, физикалық және ақыл-ой белсенділігіне, тамақтануға жүрек-қан тамырлар жү

Автор:   •  Ноябрь 8, 2020  •  Курсовая работа  •  3,647 Слов (15 Страниц)  •  647 Просмотры

Страница 1 из 15

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

«Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті» ШЖҚ РМК

Жаратылыстану ғылымдары факультеті

Биология кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Адам және жануар физиологиясы пәнінен

тақырыбы: Қоршаған температураға, дене жағдайына, жеделдетілген жүктемеге, физикалық және ақыл-ой белсенділігіне, тамақтануға жүрек-қан тамырлар жүйесінің реакциясы.Органдарды қанмен қамтамасыз етудің олардың функционалдық жағдайына тәуелділігі. Жүрек-қантамыры жұмысын реттеудің заманауи әдістері

Орындаған: Мейрамхан Ақзира

Курс: 2  Тобы: Бг-23

Жетекшісі: Мукатаева Жанат Макановна

 

Нұр-Сұлтан-2019

                                       Жоспар

I.Кіріспе........................................................................................3

II.Негізгі бөлім

  1. Температураның жүрек-қантамыр жүйесіне әсері..............................5
  2. Физикалық жүктемелердің қанайналым жүйесіне  әсері...................6
  3. Ақыл –ой белсенділігінің жүрек –қантамыр жүйесіне әсері..........................................................................................................7
  4. Tамақтануға жүрек-қан тамырлар жүйесінің реакциясы................................................................................................9
  5. Органдарды қанмен қамтамасыз етудің олардың функционалдық жағдайына тәуелділігі..........................................................................11
  6. Жүрек-қантамыры  жұмысын реттеудің заманауи әдістері………………………………………………………….........15

III.Қорытынды.................................................................................................19

IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................21

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі :Адам орта есеппен 70-80 жыл өмір сүреді. Осы қысқа мерзім ішінде оның жүрегі күні-түні тоқтамастан қантамырларына қан  айдайды. Қанайналым жүйесі ағзаның қоректік заттарға деген мұқтаждығын қамтамасыз етеді.

Курстық жұмыстың мақсаты :Адам организміндегі қан айналым жүйесінің маңызын анықтау.

Курстық жұмыстың міндеті:Қан айналым жүйесінің сыртқы орта факторларына әсерін анықтау; қанайналым жүйесінің жұмысын зерттеу әдістерімен танысу.

Жүрек-қан тамыр жүйесі - адам ағзасында және жануарларда қан айналымын қамтамасыз ететін органдардың жүйесі. Бұл жүйенің қызметі арқасында оттегі мен қоректік заттар дененің мүшелеріне және тіндеріне жеткізіледі,ал көміртегі диоксиді,басқа метаболизм өнімдері мен қалдықтар ағзадан сыртқа шығарылады.

Жүрек-қан тамыр жүйесі тұйық және ашық болып бөлінеді. Адамдарда барлық омыртқалылар сияқты тұйық болып табылады. Жүрек-тамыр жүйесінде жүрек – бұлшықет орган, қанның қозғалуын қамтамасыз етеді,оны қан тамырларына айдайды – қан айналдыратын түрлі диаметрлі қуыс құбырлар. Қанайналым жүйесінің барлық функциялары сыртқы және ішкі ортадағы тұрақты өзгеретін жағдайларда гомеостазды сақтауға мүмкіндік беретін нейро-рефлекстық реттеудің арқасында қатаң үйлестіріледі.

Қан тамырлары - бұл қан  ағатын құбырлар. Қанды жүректен мүшелерге  дейін тасымалдайтын тамырлар артериялар деп аталады, ал мүшелерден жүрекке тасымалдайтын тамыр вена деп аталады. Артериялар мен веналарда газ алмасу және қоректік заттардың диффузиясы жүрмейді, бұл тек жеткізу жолы ғана болып табылады. Қан тамырлары жүректен алыстаған сайын кішірек болады. Тамырлардың  бірнеше классификациясы бар: анатомиялық, гистологиялық, морфо-физиологиялық. Р витаминінсіз тамырларды күшейту мүмкін емес. Бұл комбинация варикозды веналардың алдын алу, атеросклероз және басқа ауруларды емдеу үшін қолданылады.

Қан тамырлары 3 түрге бөлінеді: веналар, артериялар және капиллярлар.

3

Жүрек (лат. соr, грекше καρδιά) - іші қуыс бұлшықетті орган, ол жиырылып босаңсу арқылы қанды тамырларға айдайды. Жүректің қызметі жүрекшелер және қарыншалардың қабырғасын құрайтын бұлшықет талшықтарының жиырылуы мен босаңсуына байланысты.Биологиялық  түріне байланысты жүрек  бөлімдерін екі, үш немесе төрт камераға бөлуге болады. Сүтқоректілер мен құстарда төрт камералы жүрек. Сонымен бірге қан ағымына байланысты: оң жақ жүрекше, оң жақ қарынша, сол жақ жүрекше және сол жақ қарынша деп бөледі.

...

Скачать:   txt (55.7 Kb)   pdf (164.3 Kb)   docx (27.4 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club