Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ғарыштық биотехнология

Автор:   •  Ноябрь 20, 2018  •  Реферат  •  1,735 Слов (7 Страниц)  •  1,309 Просмотры

Страница 1 из 7

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Ғарыштық биотехнология
  2. Ғарышта оттегі өндірісі
  3. Марс планетасында оттегіні бөліп алу

ІІІ Қорытынды

Кіріспе

Ғарыштық биотехнология – дамытудағы зерттеу жетістіктері және ғарышты пайдалану елдің даму дәрежесінің көрсеткіші. Бұл саланың даму қарқыны өте жоғары. Ғарышыт игеру – бүкіл адамзат аймағын өсу қарқынымен жалғастыруда.Ғарыш игеруде негізгі мәлеселелердің бірі – оттегі. Адам азықсыз ұзақ уақыт өмір сүруі мүмкін, ал сусыз -бірнеше күн. Бірақ ауасыз тек бірнеше минут  қана өмір сүре алады. Тыныс алу-адам ағзасының ең маңызды функциясы.Сонымен қатар оттегі тек кемеле ғанаемес, Марс планетасынанда оттегі бөлу тәжірибиелері жұргізіп жатыр. "Марсқа басқарылатын миссияны жіберу - ғарышты зерттеудегі келесі маңызды қадамдардың бірі. Алайда, адамның тыныс алуына жағдай жасау қиын болып отыр", - деді Лиссабон университетінің докторы Васко Герра зерттеу авторларының бірі. "Ыдырау әдісі төмен температуралы плазма көмегімен Марсқа басқарылатын миссия үшін екі есе пайда береді. Ол оттегінің тұрақты, сенімді көзін ғана емес, сонымен қатар отын көзін де алуға мүмкіндік береді, себебі көміртегі монооксиді зымырандар үшін отын ретінде пайдалануға ұсынылады", - деді.

 Ғарыштық биотехнология – дамытудағы зерттеу жетістіктері және ғарышты пайдалану елдің даму дәрежесінің көрсеткіші. Бұл саланың даму қарқыны өте жоғары. Ғарышыт игеру – бүкіл адамзат аймағын өсу қарқынымен жалғастыруда.

Соңғы онжылдықга биотехнологияның жаңа бағыты - ғарыштық биотехнология қарқынды дами бастады. 1957 жылдан бастап медико-биологиялық тәжірибелер бойынша тірі организмдерге ғарыштағы болатын факторлардың әсерін зерттеулер жүргізіле басталды. Алғашқы зерттеулерде «Бион» бағдарламасы бойынша жануарлар мен өсімдіктер организмдері пайдагіанылып, тәжірибелер арнайы биоспутниктерде жүргізілген. «Бион-М №1» ғарыштық аппарат ұшқан кезінде «БиоКосмос-1» жобасы бойынша өсімдіктердің өсуіне және дамуына ғарыштық кеңістік факторларының әсерін анықтайтын зерттеулер және ғарыш жағдайында өсімдіктерді өсіру технологиясы мен өндеу бойынша зерттеулер жүргізілді.

Ғарыштық кеңістігінің ерекше факторлары ретінде - еселенген (ұлғайтылған) радиациялық фон (радиация), ауыр зарядталған түйіршіктердің тасқыны, микрогравитация, жердің әлсізделген магниттік өрісін, вибрацияларды атауға болады. 1989 жылы «Био-препарат» акционерлік қоғамының негізінде ғарыштық биотехнология зертханасы қалыптасты.

Ғарыштық биотехнологиясында өсімдіктерден бөлінген жасушалық дақылы, өсу үдерістерін, каллустардың қалыптасуы, жасу-шалық дифференциялану, морфогенез және т.б. үдерістерін зертеу үшін модельдік жүйе ретінде қолданылды. Сонымен қатар жасуша дақылы, өсімдіктердің әртүрлі абиотикалық күйзеліс (стресс) факторларға төзімділігін зерттеу үшін модель ретінде өте лайықты болып келеді. Ғарышта қолданылатын аспаптар мынандай талаптарға сай болу керек: салмағы жеңіл (аспаптың массасы үлкен болмауы керек), көлемі неғүрлым шағындау, герметикалық қамтамасыз етілген, улы емес, химиялық заттардың сұйық болмауы (гель сияқты болу) керек. Осы талаптарға Петри табақшасында өсірілетін жасушалық дақыл сай болып табылады.

Ғарыштағы тәжірибелерде нысан ретінде пайдаланатың жасушалық дақылдың артықшылықтарына:

1) нысандарды, яғни экспланттарды өте оңай өсіру;

2) ғарыш жағдайларында жасуша және ұлпалардың өсуі мен даму үдерістерін бақылау және реттеу мүмкіндігі;

3) жасушалық дақыл арқылы өсімдіктің барлық даму кезеңдерін (онтогенездің барлық сатыларын) зерттеу, яғни жыныс және денелік (сомалық) жасушалардан бастап, көпжасушалық агрегаттардан, дифференцияланып жіктелген жасушалардан эмбриоид пен бүтін өсімдікке дейін зерттеу мүмкіндіктері жатады.

...

Скачать:   txt (25.7 Kb)   pdf (100.5 Kb)   docx (19.8 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club