Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Патологияның дамуындағы мембраналардың рөлі

Автор:   •  Октябрь 20, 2021  •  Реферат  •  551 Слов (3 Страниц)  •  544 Просмотры

Страница 1 из 3

КеАҚ  «Қарағанды Медицина  Университеті»

Биомедицина кафедрасы

СӨЖ

Эссе тақырыбы: Патологияның дамуындағы мембраналардың рөлі

                                                Орындаған: Ирисметова Р.Ф.

                                   Топ: 1-004 Педиатрия

                                             Тексерген: Турдалиева Б.Н

   

                                                   

Қарағанды 2021ж.

Патологияның дамуындағы мембраналардың рөлі

Биологиялық мембрана — жасушаның және жасуша ішіндегі бөлшектердің   бетінде орналасқан молекулалық мөлшердегі қалыңдығы 5 — 10 нм, ақуызды-липидтік құрылымды жұқа қабықша. Биологиялық мембрана фосфолипидтік құрылымына байланысты өткізгіштік қасиетіне ие, яғни жасушада тұздардың, қанттың, амин қышқылдарының, иондардың, т.б. заттардың алмасу өнімдерінің концентрациясын, олардың тасымалын және алмасуын реттейді. Клетканың протоплазмасын қоршап тұрғаны биологиялық жасушалық мембрана деп аталады.

Клеткалық мембрана қос қабатты ақуызды-липидті молекулалардан тұрады. Жай микроскоппен қарағанда организмнің ең кіші құрылымы жасуша болып есептеледі. Организмді біртұтас жүйе деп қарасақ, жасуша соның бір бөлігі. Организм мен жасуша арасында әрдайым өзара қарым- қатынас, өзара әсерлену және қызметтерін реттеу, үздіксіз жүріп жатады. Сол үшін жасушаны организмнің бір бөлігі деп қана емес, оны белгілі бір қызмет атқаратын ең қарапайым тірі жүйе деп қарау керек. Қазіргі таңда жасушаның жалпы патологиясын зерттеуден жасуша құрамындағы өте нәзік құрылымдарды- органеллаларды зерттеуге өту кезеңі басталды деп толық айтуға болады. Сонымен жасушаларды зерттеуді оларды қоршап тұрған және оның сыртқы қабығы болып есептелетін плазмолемманың өзгерістерінен бастаймыз. Плазмолемма (цитоплазмалық мембрана) патологиясы, Плазмолемманың өзі екі қатар белоктардан және оның ортасындағы  осфолипидтерден, яғни үш қабаттан тұрады. Мембраналық белоктардың бір бөлігі липидтік қабаттың ішке қарай өтіп ішкі белоктар деп, ал мембрананың бетіндегі белоктар сыртқы белоктар деп аталады. Мембрана белоктары жасушаны таңбалау, рецепция, тасымалдау, қорғау және түйісу қызметтерін атқарады.

...

Скачать:   txt (6.3 Kb)   pdf (84.8 Kb)   docx (8.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club