Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Омыртқалы жануарлардың жыныстық көбеюге жауапты репродуктивті жүйесі

Автор:   •  Февраль 4, 2023  •  Контрольная работа  •  1,329 Слов (6 Страниц)  •  297 Просмотры

Страница 1 из 6

Тақырыбы: Омыртқалы жануарлардың жыныстық көбеюге жауапты репродуктивті жүйесі

Оқу мақсаты: 8.2.1.1 омыртқалы жануарлардың жыныс мүшелерін салыстыру 

Бағалау критерийлері:

  • омыртқалы жануарлардың жыныстық көбею ерекшеліктерін атайды;
  • тиісті терминологияны қолдана отырып, омыртқалы жануарлардың көбею жүйесінің құрылымдық ерекшеліктерін сипаттайды;
  • омыртқалы жануарлардың жыныстық жүйелерін салыстырады.

Ресурстар: Оқулық 106-107 беттер, жұмыс парақтағы  мәтін

Тапсырма 1. Сабақтың терминологиясын үйреніңіз. Үшінші бағанға сіз анықтай алатын терминдердің алдына "+" белгісін қойыңыз.

Бағалау критерийлері: Сабақтың кілтті терминдермен танысады;

Көбею

тіршіліктің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ететін барлық тірі организмдерге тән өзіндік көбею қасиеті.

Жыныссыз көбею

Келесі ұрпақ репродуктивті жасушалардың - гаметалардың қатысуынсыз соматикалық жасушалардан дамитын көбею түрі

Жынысты көбею

Екі ата-ананың генетикалық материалын қосылуынан тұратын биологиялық көбею процесі

Ұрықтану

Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылу процесі

Гамета

Жыныс жасушасы. Атлық (сперматозоид) және аналықтан (жұмыртқа жасушасы)тұрады

Аталық без

Аталықтарда (Ер адамдарда) жынысын реттеп, осы жерде аталық жыныс жасушаларын, яғни сперматозоидтарды  және аталық гормондарды түзеді.

Сперматогенез

Сперматозоидтардың түзілу үдерісі. Аталық безде дамиды.

Аналық без

Аанлық жыныс бездері. Бұл аналық  жыныс жасушалары дамитын және пісетін орын, сонымен қатар ішкі секреция безі және жыныстық гормондар түзеді

Овогенез

Жұмыртқа жасушасының түзілу үдерісі. Аналық безде дамиды.

Ұрық шашатын жол

Сперманы аталық безден шығаруға қызмет ететін арна

Аналық жолы

Піскен аналық жасушаларды (жұмыртқа жасушаларын) шығаруға қызмет ететін түтік. Мүшенің қабырғалары жиырылып, жұмыртқаны клоакаға қарай итеруі.

Әкқабық безі (Скорлуповая железа)

Әр түрлі минералдардың жоғары концентрацияланған ерітіндісін шығаратын жұмыртқа түтігінің бөлігі

Клоака

Кейбір омыртқалылардағы артқы ішектің кеңейтілген соңғы бөлігі зәр шығару және жыныс жолдарымен байланысқан. Мұнда несепағарлар, жыныс жолдары (ұрық шашатын немесе жұмыртқа жолдары) және қуық ашылады.

Зәр шығаратын өзегі

Зәрдің, спермалардың сыртқа шығаруын қамтамасыз етеді.

Жатыр

Аналықтың (Әйелдің) ұрпақты болу жүйесінің бөлімі, ұрықтанған жұмыртқалардың пісуіне қызмет етеді

2-тапсырма. Жыныссыз және жыныстық көбею процестерінің сызбаларын салыстырып, кестені толтырыңыз.

Бағалау критерийлері: Жынысты және жыныссыз көбею түрлерін салыстырады;

Салыстыру критерийлері

Жыныссыз көбею

Жынысты көбею

Ұқсастығы

 

 

Айырмашылығы

 

 

 

Тапсырма 3. Таратпа материалды қолдана отырып, кестені толтырыңыз.

 Бағалау критерийлері:

  • омыртқалы жануарлардың жыныстық көбею ерекшеліктерін атайды;
  • тиісті терминологияны қолдана отырып, омыртқалы жануарлардың көбею жүйесінің құрылымдық ерекшеліктерін сипаттайды;
  • омыртқалы жануарлардың жыныстық жүйелерін салыстырады.

 

Класс атауы

Жыныс жүйесі (мүшелер)

уылдырық/

жұмыртқа/ тірідей туу

Ұрықтану: сыртқы/ ішкі

Даму сызбасы

1

Балықтар

2

Қосмекенділер

3

Жорғалаушылар

4

Құстар

5

Сүтқоректілер

Қосымша

...

Скачать:   txt (18.8 Kb)   pdf (1.7 Mb)   docx (1.8 Mb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club