Маш өсімдігінің кереметі
Автор: rustem04 • Октябрь 1, 2018 • Реферат • 664 Слов (3 Страниц) • 1,420 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Маңғыстау облысы білім басқармасы
Мұнайлы ауданы Батыр ауылы №10 жалпы білім беру орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Секция: Биология
Тақырыбы: Маш өсімдігінің кереметі
Авторы: Орынбай Арайлым
6 «А» сынып оқушысы
Жетекшісі: Сейдагалиева Б.К.
Ақтау- 2017 жыл
Мазмұны
І Кіріспе............................................................................................................3
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Химиялық құрамы және құнарлығы.........................................................4
2.2. Маштың пайдасы......................................................................................5-6
2.3. Маш сұлулықты қолдау үшін....................................................................6
ІІІ. Тәжірибелік бөлім
3.1. Маш бұршағын өсіру................................................................................7-8
3.2. Маштан дайындалатын тағамдар............................................................8-9
3.3. Сауалнама.................................................................................................9
3.4. Маш өсімдігі туралы аңыз.......................................................................9-10
Қорытынды......................................................................................................11
Қосымшалар..................................................................................................12-13
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................14
Аңдатпа
Адам баласы өсімдіктерді сонау көне дәуірден бастап күні бүгінге дейін өз қажетіне жаратып, пайдасына асырап келеді. Сондықтан халық өсімдіктерді — басқа пана, жанға сая деп бағалаған[1]. Осындай өсімдіктердің көбі біздің елімізде өсіріледі. Осы өсімдіктердің біріне адам ағзасына пайдалы өсімдіктердің бірі және соңғы уақыттары жиі тұтынып бастаған-маш бұршағы.
Мақсаты:
Маш туралы мәліметтер жинау
Машты үй жағдайында өсіру
Маштың адамға пайдасын анықтау
Міндеттері:
Оқушылардың маш туралы түсініктерін кеңейту, танымдық қабілеттерін анықтау;
Маштың денсаулыққа пайдалылығын, маштың құрамындағы минералдар мен дәрумендердің адам ағзасына тигізетін әсерін анықтау; Қасиеттерін сипаттау.
Өзектілігі: Әрбір адамның жақсы көретін тағамы бар. Мен маш тағамдарын жақсы көремін. Бірақ бұл өсімдік туралы көп адам біле бермейді. Менің анам маштан дәмді тағамдар әзірлейді. Мен маш туралы көп білгім келеді, өйткені әжем машты үнемі пайдаланып денсаулығын нығайтып жүреді. Сондықтан мен машты зерттеуге қызықтым. Менің ойымша бұл өсімдік өте пайдалы. Оны біздің аймақта өсіруге климатымыз өте қолайлы, пайдасы мол!
Практикалық маңызы мен қолдану аясы:
Маш өсімдігін үй жағдайында аз уақыт ішінде өсіріп тағам ретінде тұтынуға болады, ол өсінділердің құрамы дәрумендер мен жасушаларға, әртүрлі пайдалы макро-микроэлементтерге бай. Денсаулыққа өте пайдалы, дәрумендер мен минералдарға өте бай, дәмі тіл үйіретін маштан дайындалған әр түрлі дәмді тағамдарды барлық бала жесе, - көп аурудың алдын алуға болады. Менің ұсынысым, мектеп пен аурухана асханасында да маштан дәрумендер мен минералдарға өте бай әр түрлі тағамдар дайындалса, оқушылар мен оқытушылардың, науқастардың денсаулығы жақсара түсер еді. Дәмі тіл үйіретін, денсаулыққа өте пайдалы машты дұрыс пайдалана білейік!
...