Крахмал, клетчатка, пектин заттарының адам ағзасы үшiн мәнi
Автор: Aselyaaaaa • Октябрь 26, 2020 • Реферат • 2,064 Слов (9 Страниц) • 606 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік универсисеті
«Азық-түлік өнімдернің технологиясы мен қауіпсіздігі» кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Крахмал, клетчатка, пектин заттарының адам ағзасы үшiн мәнi.
Орындаған: Утегенова Асель
Тобы: ЖТ-18-2К1
Қабылдаған: Желеуова Ж.С.
Шымкент
Жоспар
1. Кіріспе беті
2. Негізгі бөлім
- Крахмал және оның адам ағзасы үшін мәні
- Клетчатканың адам өмірі үшін маңызы
- Пектинді заттардың адам өмірінде алатын орны
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе
Крахмал, клетчатка және пектинді заттар деген не және олардың адам ағзасы үшін мәнін, маңызын білу үшін ең алдымен көмірсуларға тоқталғанымыз дұрыс болады. Көмірсулар - табиғатта ең көп таралған қосылыстар, әсіресе өсімдіктердің құрамында 70 - 80% - ке дейін, ал адам және жануарлар ағзасында 2% - ке дейін болады. Көмірсулардың адам ағзасы үшін маңызы зор. Қалыпты жағдайда ағзаның тәулігіне жұмсаған қуатының 60 - 70% көмірсулар арқылы өтеледі. Әсіресе мидың, қан жасушаларының, бүйректің қызметіне қажет қуат. 1г көмірсу тотыққанда 4,1 ккал (17,15 кДж) қуат бөлінеді. Адам ағзасында көмірсулар бейорганикалық, заттардан пайда болмайды. Сондықтан олар көмірсуларды тек тағам арқылы енгізеді. Көмірсулар көбіне өсімдіктекті тағамдардың құрамында мол болады. Адам денесіне жиналған артық көмірсулар бауырда, бұлшықеттерде қор ретінде жиналады.
Осы көмірсулар өз алдына 3 топқа бөлінеді: моносахаридтер, дисахаридтер және полисахаридтер. Міне, көмірсулардың полисахаридтер тобы— молекуласында гликозидті байланысқан 10-нан артық моносахарид қалдықтары бар көмірсулар. Полисахаридтерге моносахаридтердің әр түрінен құралатын жоғарыда айтып кеткен целлюлоза, крахмал, хитин, пектиндік заттар, гликопротеиндер, гепарин жатады. Полисахаридтердің биологиялық маңызы әр алуан.Полисахаридтердің маңызды өкілі — крахмал мен целлюлоза.
Көмірсулар адам ағзасына нәруыз бен майлардың дұрыс алмасуына қажет. Олар нәруыздармен қосылыстарда кейбір гормондар, ферменттер, сілекей секреттері мен басқа да маңызды қосылыстар түзеді. Ерекше рөлді ішекте жартылай қорытылатын, энергия бөлуде аз рөл ойнайтын клетчатка, пектиндер, гемицелюлозалар ойнайды. Бірақтан бұл полисахаридтер ас талшықтарының негізін құрайды және тамақтануда маңызды рөл атқарады. Көмірсулар тамақ (глюкоза, крахмал, пектиндік заттар), тоқыма және қағаз (целлюлоза) өнеркәсіптерінде, микробиологияда (көмірсуларды ашыту арқылы спирт қышқылдар алу) қолданылады, медицинада дәрі-дәрмек жасау үшін пайдаланылады.
Негізгі бөлім. Крахмал және оның адам ағзасы үшін мәні
Крахмал - бұл адам ағзасына күнделікті тапсырмаларды орындау үшін қажетті қуат беретін глюкозаның негізгі көзі. Глюкозаның осы көзі денеде көмірсуларға айналады және кейіннен қолдану үшін әр жасушаларға таратылады. Гидролиз нәтижесінде түзілген глюкозаның бір бөлігі бауырда және бұлшық етте гликоген түрінде жиналады. Крахмал - табиғатта кең тараған полисахарид. Күріште 80%-ке дейін, бидай мен жүгеріде 70—75%, картоп түйіндерінде 20% крахмал болады. Крахмал термині ортаңғы ағылшынша «sterchen» сөзінен шыққан, бұл «қатайту» дегенді білдіреді. Крахмал екі молекуладан тұрады және олардың құрылымы тізбек пен тармақтан тұрады.. Крахмал адам ағзасы өндіретін энергиядан басқа жақсы энергия көзі болып табылады. Крахмал тек жасыл өсімдіктерде және түрлі жармалардың - сұлы, арпа, күріш, және картоп, ұн сияқты негізгі тағамдарда болады.
...