Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Биологии"

Автор:   •  Октябрь 18, 2023  •  Контрольная работа  •  870 Слов (4 Страниц)  •  153 Просмотры

Страница 1 из 4

11) Өкпенің үлестері, бронхтық және алвеолалық ағаштар;

Өкпе (pulmones) – кеуде қуысында оның артқы қабырғасына дейін созыла және омыртқа бағанының алдында, жүрек және ірі қан тамырларының жанында орналасып, көкірекаралық (mediastinum) арқылы бөлініп, өкпеқаппен (pleura) қапталған жұп мүшелер.

Әрбір өкпе өкпе саңылаулары (fissura interlobales) арқылы үлестерге бөлінеді.

Оң және сол өкпеге де қиғаш саңылау (fissura obliqua) тән. Ол жоғарыдан (ұшынан 6-7см төмен) басталып, қиғаш көкеттік беіне түседі де, өкпе затына етерң енеді.

Оң жақ өкпеде қосымша көледенең саңылау (fissura transversus) болады. Ол 6-шы қабырға деңгейінде қиғаш саңылаудың ортасынан басталады.

  • Оң жақ өкпеде 3 үлес: lobus superior, media et inferior
  • Сол жақ өкпеде 2 үлес: lobus superior et inferior.

Әр өкпенің әр үлесіне басты бронхтардан үлестік бронхтарға (bronchi lobales) бөлінеді:

Оң жақ өкпенің жоғарғы үлесіне өтетін үлестік бронх өкпе артериясының үстінен (аретрия үстілік бронх) өтеді, ал қалған үлкестік бронхтар (оң және сол өкпенің) барлығы артерия астынан (аретрия асталық бронхтар) өтеді. Үлестік бронхтар дитохомды жолмен 10-11рет бөлініп, өкпенің бронхтық ағашын құрайды.

Өкпеде жалпы 6 түтікшелі жүелерді ажырата аламыз. Олар: бронхтар, өкпе аретриялары, өкпе веналары, ьронхтық артериялар, бронхтық веналар, лимфа тамырлары.

Өкпе сегменттері – үлестік бронхтардың 1-ші тармағв жіне өпке артериясына сәйкес келетін өкпе бөлігі. Тамыр-бронх бір-біріне параллель орналасқан.

Бронх-өкпе сегменті – өкпенің морфофункциональдық бірлігі. Клиникада маңызы - патология кезінде алғашқы өзгерістер осы жерлерде басталады. Егер де осы ерте сатысында анықтайтын болса, тек 1сегментті кесіп алып тастауға болады.

Әбір бронхта 10 сегменттен бар. Олар:

Оң өкпеде.

  • Жоғарғы үлесінде 3 сегмент:
  • Ұштық сегмент (segmentum apicale/ S1) – жоғарғы медиальды бөлігі;
  • Алдыңғы сегмент (segmentum anterius / S3) – I-IV қабырғалардың арасында;
  • Артқы сегмент (segmentum posterius / S2) – сыртқа және артқа бағытталып, II-IV қабырғалармен шектескен.
  • Ортаңғы үлесінде 2 сегмент:
  • Латеральды сегмент (segmentum laterale / S4) –негізі алдыға және сыртқа, ұшы жоғары және медиальды;
  • Медиальды сегмент (segmentum mediale / S5) – төс маңында, алдыңғы кеуде қабырғаларымен IV-VI қабырғалар арасында, жүрек пен көкетке түйісіп жатады.
  • Төменгі үлесінде 5 сегмент:
  • Жоғарғы сегмент (segmentum apicale / S6) – омыртқа маңында, төменгі үлестің сынатәрізді ұшында;
  • Медиальды базальды сегмент (segmentum mediale | S7) – негізі төменгі үлестің медиастинальды және ішінара көкеттік бетінде;
  • Алдыңғы базальды сегмент (segmentum basale antrius / S8) – көкеттік бетінде, үлкен бүйірі қолтық аймағында VII-VIII  қабрғалар арасында орналасқан;
  • Латеральды базальды сегмент (segmentum basale laterale | S9) – негізі көкетпен, бүйірі ұолтық аймағында VII-IX  қабырғалар арасында орнаалсқан,
  • Артқы базальды сегмент (segmentum basale posterius / S10) – омыртқа бағаны жанында орналасқан.

Сол өкпеде.

  • Жоғарғы үлесінде 5 сегмент:
  • Ұштық-артқы сегмент (segmentum apicoposterius / S1+2) – негізі III-V ұабырғалардың артқы бөлігімен жанасады;
  • Алдыңғы сегмент (segmentum anterius / S3) – I-IV қабырғалар арасында орналасқан ең ірі сегмент;
  • Жоғарғы тілшелік сегмент (segmentum linguale superius | S4) – алдында III-V қабырғалар арасы, қолтық аймағында IV-VI қабырғалар аймағын алады.
  • Төменгі тілшелік сегмент (segmentum linguale inferius / S5 ) – көкетпен жанаспай, жоғарғы тлшелік сегмент астында орналасқан.
  • Төменгі үлесінде 5 сегмент:
  • Жоғарғы сегмент (segmentum apicale/superius / S6) – омыртқа бағаны жанында;
  • Медиальды базальды (жүректік) сегемент (segmentum basalis mediale/cardiaca / S7)
  • Алдыңғы базальды сегмент (segmentum basalis anterius / S8) – жоғарғы тілшелік сегменттен қиғаш саңылау арқылы бөлінген, көкеттік және медиастнальды беттерді түзеді;
  • Латеральды базальды сегмент (segmentum basalis laterale | S9) – қолтық аймағында X-XII қабырғалар деңгейінде орналасқан;
  • Артқы базальды сегмент (segmentum basalis posterius / S10) – VII-X қабырғалармен, көкетпен, төмендеген қолқамен және өңешпен жанасқан.

10-11рет бөлінгеннен кейін бронхтар үлесшелік бронхқа (bronchus lobularis) айналады. Олар шеміршек тіні сақталмаған шеткі бронхшаларға (bronchioli terminalis) 🡪 тыныс бронхшалары (bronchioli respiratorii) 🡪 альвеалярлық жолдар  (ductuli alveolares) 🡪 альвеолярлық қапшық (sacculi alveolares)

Барлық бронхтардың жиынтығы – бронх ағашы, ал тыныс бронхшаларынан бастап өкпе альвелаларымен аяқталатын бөлігі – альвеолярлық ағаш (abor alveolaris) деп аталады.

...

Скачать:   txt (10.5 Kb)   pdf (88.7 Kb)   docx (195 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club