Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Биологии"

Автор:   •  Сентябрь 16, 2019  •  Контрольная работа  •  6,268 Слов (26 Страниц)  •  653 Просмотры

Страница 1 из 26

1.Сұрақ : Самай сүйек құрылысы.

Жауабы : Самай сүйегі, os temporale, жұп , құрылысы күрделі. Онда тепе- теңдік және есту ағзалары орналасады. Самай сүйегі 3 бөліктен тұрады: 1. қабыршақты бөлігі,pars squamosa

2.дабыл бөлігі , pars tympanica

3. тасты бөлігі , pars petrosa.

Самай сүйегінің сыртқы жағында келесі құрылымдар орналасады.

1 – қабыршақты бөлік (pars squamosa);

2 – бетсүйектік өсінді (processus zygomaticus);

3 – буындық төмпешік (tuberculum articulare);

4 – төмпешігі жақсүйектік шұңқыр (fossa mandibularis);

5 – бізтәрізді өсінді (processus styloideus);

6 – сыртқы есту тесігі (porus acusticus externus);

7 – дабылдық бөлік (pars tympanica);

8 – емізіктік өсінді (processus mastoideus).

Самай сүйегінің ішкі жағында келесі құрылымдар орналасады.

1 – қабыршақты бөлік (pars squamosa);

2 – пирамиданың жоғарғы жиегі (margo superior partis petrosae);

3 – дабыл қуысының төбесі (tegmen tympani);

4 – емізіктік тесік (for. mastoideum);

5 – сигматәрізді қойнау жүлгесі (sul. sinus sigmoidei);

6 – су құбырының кіреберісі (aqueductus vestibuli);

7 – доға асты шұңқыры (fossa subarcuata);

8 – бізтәрізді өсінді (processus styloideus);

9 – ішкі есту тесігі (porus acusticus internus);

10 – пирамиданың артқы беті (facies posterior partis petrosae);

11 – тасты бөлік немесе пирамида (pars petrosa);

12 – пирамиданың алдыңғы беті (facies anterior partis petrosae);

13 – доғатәрізді томпақ (eminentia arcuata).

Ішкі есту жолы (meatus acusticus internus) арқылы бет және кіреберіс-ұлу нервтері өтеді. Латералді және төменгі жағына қарай кіреберіс су құбырының сыртқы апертурасы (apertura externa aqueductus vestibuli) орналасқан. Бұл тесіктің аймағында ішкі құлақтың эндолимфалық сұйығының алмасуы жүреді.

Төменгі бұдырлы бетінің орталығында терең, тегіс және жалпақ мойындырық шұңқыры (fossa jugularis), ал оның алдында ұйқы өзегінің (canalis caroticus) сыртқы тесігі орналасады. Мойындырық шұңқырында мойындырық венасының буылтығы орналасады, ал ұйқы өзегінен ішкі ұйқы артериясы өтеді. Мойындырық шұңқырының латералді жағында төмен және алға бағытталған үлкен өткір бізтәрізді өсінді (prcessus stylodeus) орналасқан, бұл бірнеше бұлшықеттер мен байламдардың басталу орны болып табылады.

Оның негізінде бассүйектен бет нервтері шығатын біз-емізіктәрізді өсінді (for.stylomastoideum) бар. Тасты бөлігінің негізі кеңейген, емізіктәрізді өсіндіге (processus mastoideus) айналады, ал бұл өсіндіге төс-бұғана-емізіктәрізді бұлшықет бекінеді. Емізіктәрізді өсінді медиалді жағынан емізіктәрізді тілікпен (incisura mastoidea), яғни қосқарыншалы мойын бұлшықетінің артқы қарыншасының бастамасымен шектеледі. Емізіктәрізді өсіндінің ішкі ми жағында сигматәрізді қойнаудың (sulcus sinus sigmoidei) жуан жүлгесі доғатәрізді өтеді. Бұдан бассүйектің сыртқы бетіне емізіктәрізді тесік (for.mastoideum) өтеді. Емізіктәрізді өсінді ішінде ауалы ұяшықтар болады, олар емізіктәрізді үңгір арқылы ортаңғы құлақтың қуысынан жиналады.

Қабыршақты бөлік (pars squamosa) сопақша, вертикаль тұрған табақша пішіндес болады. Оның ішкі ми бетінде мидың және артерия қатпарларының іздері көрінеді. Сыртқы самай беті тегіс болады және самай шұңқырын түзуге қатысады. Қабыршақты бөліктің сыртқы есту жолының алдынан латералді өсінді, содан кейін бетсүйектік доға түзіп бетсүйек өсіндісі өтеді. Қабыршақты бөліктің самай бетінде, өсінді негізінде төменгі жақсүйекті шұңқыр орналасады. Ол алдымен буындық төмпешікпен (tuberculum articulare) шектелген.

Дабыл бөлігі (pars tympanica) сыртқы есту тесігін және сыртқы есту жолын (porus et meatus acusticus externus) алдынан, төменгі жағынан және артынан жұқа табақша түрінде шектейді. Самай сүйек ішінен

...

Скачать:   txt (82.1 Kb)   pdf (131.5 Kb)   docx (36.5 Kb)  
Продолжить читать еще 25 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club