Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Зерттеу нәтижелерін ұсыну

Автор:   •  Декабрь 5, 2022  •  Лекция  •  452 Слов (2 Страниц)  •  373 Просмотры

Страница 1 из 2

Дәріс (1 с.) Зерттеу нәтижелерін ұсыну.

Жоспар:

  1. Ғылыми зерттеу нәтижелері
  2. Ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялау туралы ой

1 Ғылыми нәтижелер және оларды жариялау

Ғылыми нәтижелерді екі түрге бөлуге болады:

1. теориялық-әдіснамалық (теориялық зерттеулер үшін), атап айтқанда: тұжырымдама, гипотеза, жіктеу, заң, әдіс;

2. аспаптық (қолданбалы және эмпирикалық зерттеулер үшін), атап айтқанда: тәсіл, технология, әдістеме, алгоритм, зат пен оның әсері, құбылыс.

[pic 1]

Теріс нәтиже ғылыми қоғамдастық үшін әрдайым ерекше құнды болып келеді, өйткені ол басқа зерттеушілердің күш-жігерін "үнемдейді". Сондықтан теріс нәтиженің шынайылығын мұқият тексеру керек. Жарияланымдар. Жарияланымдар ғылыми қауымдастық ішінде және көпшілік арасында ғылыми нәтижелерді таратудың маңызды тәсілі болып табылады. Осы әдіс арқылы авторлар ғылыми растығы үшін жауапты болатын өз еңбектерінің нәтижелерін жариялайды. Жаңа ғылыми нәтижелер туралы шығатын жарияланымдар зерттеу жұмысының нәтижелері мен пайдаланылған әдістерінің толық сипаттамасын беруге тиіс.

Егер жұмыстың нәтижесіне бірнеше ғалымның еңбектері сіңсе, онда зерттеулер немесе эксперименттер жоспарын әзірлеуге, деректерді есептеу, талдау және интерпретациялау және қолжазбаларды дайындауға елеулі үлес қосқан ғалымдардың ғана авторларлық құқықтары бар болып есептеледі және осы ғалымдар ғана мақаланы жариялауға келісім беруі тиіс. Сондай-ақ, авторлар жарияланымның мазмұнына бірлесіп жауап береді. Ғылыми жарияланымды құру схемасы. Ғылыми мақаланы жазу және басып шығару үрдісі формализациялауға негізделеді. Ғылыми жазбаша еңбектердің (баяндамалар, қысқаша хабарламалар, конференциялардағы сөз сөйлеу тезистері, тұрақты және шолу мақалалары, патенттер, материалдың арнайы танымал ұсынымдары, таза ақпараттық іріктемелер және т.б.) әртүрлілігіне қарамастан, мақалаларды дайындау рәсімін тұрақты кезеңдерді қамтитын жалпы үлгі түрінде қарауға болады.

1. Материалды жариялау туралы ойдың пайда болуы (жариялау идеясын қалыптастыру).

2. Құқылы авторлармен кеңесу.

3. Жариялау туралы шешім қабылдау.

4. Ғылыми семинардағы баяндама.

5. Жариялау үшін орынды (журналды) таңдау.

6. Мақаланы дайындау көшбасшыларын таңдау.

7. № 1 нұсқаны жазу.

8. Авторлардың тізімін және олардың кезектілігін анықтау.  

9. № 1 нұсқаны барлық авторлардың оқуы және № 2, 3 және т. б. келесі нұсқаларды дайындау.

10. Нәтижелерді баяндауда принциптік келісулерді немесе келіспеушіліктерді анықтау және оларды талқылау.

...

Скачать:   txt (6.6 Kb)   pdf (738.4 Kb)   docx (718.2 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club