Гипофиздің қысқаша анатомиялық.физиологиялық сипаттамасы
Автор: Qwerttyy • Апрель 16, 2023 • Реферат • 2,452 Слов (10 Страниц) • 261 Просмотры
Жоспар:
1)Кіріспе.
1.1Гипофиздің қысқаша анатомиялық.физиологиялық сипаттамасы.
2)Негізгі бөлім.
2.1Адипозо.генитальды дистрофия.
2.2Симмос.Шиен синдромы.
2.3Нанизм. Ергежейлік.
2.4Акромегалия.Қантсыз диабет.
3)Қорытынды.
4)Қолданылған әдебиеттер.
Эндокринология - грек тілінен аударғанда мынадай мағына береді:
endon – ішкі, crіno – бөліп шығару логос – ілім, демек,
эндокринология – ішкі бездер жүйесінің ауруларын зерттейтін ғылымның тарауы.
Медицинаның басқа клиникалық пәндерімен салыстырғанда эндокринология жас ғылым. Эндокринология ілімі 19 ғасырдың ортасынан бастап дамыды.
Ішкі бездер жүйесі – бұл жоғары маман дандырылған ішкі бездер жүйесі, ол 2 топқа бөлінеді:
1. Аралас қызмет атқаратын бездер. Ол бездер ішкі және сыртқы ортаға өз сөлдерін бөліп қызмет атқарады, сондықтан, олар аралас қызмет атқаратын ішкі бездер тобына жатады. Олар: Ұйкы безі, жыныс бездері.
1. Ішкі секреция атқаратын бездер.
Қанға тек өз гормондарын бөліп шығаратын бездер: сол топқа гипофиз, қалқанша безі, қалқанша маңындағы бездер, және бүйрек үсті бездері жатады.
Сонымен қатар ішкі секреция бездерге гипоталамус жатады. Оны нейрогипофизарлық без деп атаймыз. Гипоталамус рилизинг гормондарды статиндерді және либириндерді бөліп шығарады. Либириндер - гипофиздің аллдыңғы бөлігінің қызметің жандандырып реттейтін гормондар. Статиндер гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметін тежейді.
Гипофиздің алдыңғы бөлігінде мынандай гормондар тузіледі: АКТГ, СТГ, ТТГ, ФСГ, ЛГ, пролактин.
Гипофиздің ортанғы бөлігінде МСГ гормон бөлінеді.
Гипофиздің қысқаша анатомиялық-физиологиялық сипаттамасы.
Гипофиз бас сүйектін түрік ерінде ершігінде орналасқан, оның пішіні дөңгелек шар тәрізді, немесе сопақша болып келеді.Оның алдыңғы-артқы мөлшері 10 мм, көлденең мөлшері 12-15 мм, биіктігі 16 мм. Ересек адамның безінің салмағы 0,7 гр. Бұл бездің мөлшері науқастың жасына тікелей байланысты. Неғурлым жасы үлкен болса, сол гұрлым бездің мөлшері артық болады жуқті әйелдерде гипофиздін мөлшері өсіп гормонды көп бөліп шығарады.
1-сурет.Гипофиз.
Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады нейрогипофиз.Алдынғы және ортаңғы бөлітер аденогипофиз деп аталады. Оденогипофиз базофильді, эозинофильді, және хромофобты клеткалардан тұрады. Базофильды клеткаларда тропты гормондар бөлініп шығарылады: АКТГ, ФСГ, ЛГ, ТТГ. Эозинофильді клеткаларда СТГ, пролактин түзіледі.
Бұл гормондардың әр қайсысының өзіне тән қызметтері бар. Мысалы, АКТГ б.ү. безінің қыртысты қабатының торлы және шумақты зоналарға әсер етіп оның қызметін реттейді. Б. Ү. безінің шумақтық аумағы АКТГ-нің әсеріне онша тәуелді емес. ТТГ қалқанша безге әсер етіп тиреоид гормондың биосинтезінің барлық 4 фазасына әсер етіп жандандырады.
СТГ гипофиздің сүйекке, бұлшық еттерге тікелей әсер ететін гормон болып табылады. Сүйектерде СТГ сүйектің шеміршектіқ аумағына әсер етіп остеокластардың түзілуін күшейтеді. Сүйек тіні остеобластармен остеокластардан құралады. СТГ мен шеміршектің аралық затына соматомединдер жатады. Соматомединдер дегеніміз биологиялық белсенділігі артқан полипептидтер. Олар бауырда буйректе тузіледі. Оның түзілуі СТГ-нің басқаруымен іске асады. Соматомединдер тіндердің өсіп-өнуін жандандырады, және инсулин тәрізді әсер етеді. СТГ май тіндерінің ыдырап таралуына жағдай жасайды. Оны жас балалар өскен кезде жақсы байқауға болады. Өйткені олар өсіп қана қоймайды,
...