Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Биологиялық қалдықтарды утильдеу және жою

Автор:   •  Январь 14, 2019  •  Реферат  •  3,909 Слов (16 Страниц)  •  2,071 Просмотры

Страница 1 из 16

КЕАҚ «ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»

«Ветеринария» факультеті

«Ветсансараптау  және гигиена» кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Биологиялық қалдықтарды утильдеу және жою»

                                                              Орындағандар: 314 гр студенттері    

                                                                                                    Ермағамбетова Ф

                                                                                            Тәсібекова Г

                                                                                                Қоңыратбай А

                                                                                               Молболсын Д

Тексерген: В.ғ.м., ассистент Базарбаев Р.К. 

Алматы 2017 ж

Мазмұны

I. Кіріспе...............................................................................................................3-4

II. Негізгі бөлім..................................................................................................4-14

2.1. Әдебиетке шолу...............................................................................................5

2.1.1. Биологиялық қалдықтардың түрлері........................................................5-6

2.1.2. Биологиялық қалдықтарды термиялық өңдеу және залалсыздандыру................................................................................................6-10

2.1.3. Биотермиялық шұңқырлар.....................................................................11-13

2.1.4. Биологияялық қалдықтарды қайта өңдеуден алынатын өнімдер..............................................................................................................13-14

III. Қорытынды....................................................................................................15

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................16

І. Кіріспе

       Тақырыптың өзектілігі. Күнделікті тастауға шығарылатын қалдықтар санының өсуі ол экономикалық дамудың ажырамас бөлігі болып табылады. Қаншама ғасырлар бойы адамдар қалдықтарды қарапайым әрі тиімді әдістермен жойып отырған, олардың тиімділігі қоршаған ортаның тазалығымен дәлелденген. Қазіргі таңда көліктердің, өнеркәсіптік фабрикалар мен заводтардың, поездардың және т.б. пайда болуымен бұл тәсілдер тиімсіз бола бастады. Бұрындары қалдықтарды өртеу мен арнайы шұңқырларда көму тиімді болса, қазір қалдықтардың саны мен түрлерінің өсуіне байланысты бұл тәсілдерді қолдану тиімсіз әрі қоршаған ортаға қауыпті зиянын тигізуі мүмкін. Осыған байланысты қазіргі таңда жаңа технологиялар мен тәсілдерді құрастыру және ескі тәсілдерді жетілдіру өте маңызды мәселе болып табылады. Бұл ғылыми жұмыста қазіргі таңдағы жаңа тәсілдер мен ескі тәсілдердің жетілдірілген түрлері, сонымен қатар қалдықтарды қайта өңдегеннен алынған өнімдер жайлы жазылған.

        Биологиялық қалдықтарға  ветринариялық және медициналық әс-шаралар нәтижесінде қалыптасқан органдар мен тканьдер, мал, құс және жануарлар өлекселері, медицино-биологиялық эксперименттер, сондай-ақ жануарлардан алынатын азық-түлік шикізаттарынан қалған өнеркәсіптік қалдықтары жатады. Биологиялық қалдықтар – жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген, сондай-ақ жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеу мен өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдардың қызметі процесінде пайда болатын материалдар, заттар, малдан, өсімдіктерден және минералдардан қалған қалдықтар (жануарлардың өлекселері, абортталған және өлі туған төлдер, ветеринариялық конфискаттар, жемшөп қалдықтары). Биологиялық қалдықатар ветеринарлы-санитариялық утилизациямен айналысатын заводтар мен фабрикалар айналысады, сондай-ақ  оларды биотермиялық шұңқырлар мен крематорийлерде жағу әдістерімен утилизациялайды. Утиль заводтары біздің мемлекетімізде жоқ. Қазіргі таңда утиль зауыттары ҚР тиімсіз және  шығыны көп кететін нысанның бірі болып табылады. Біздің елімізде биологиялық қалдықтарды жою үшін биотермиялық шұңқыолар мен крематорилерді қолданады. Утиль зауыттары Еуропа елдері үшін өте тиімді өйткені ол елдерде жер тапшы болғандықтан биотермиялық шұңқырлар қаза алмайды. Бірақ осы соңғы жылдағы  мемлекетімізде болған «Сібір жарасы» ауруының пайда болуы осы биотермиялық шұңқырларды салуда жауапсыздық танытқан әсерінен және ауа райының қолайсыздығынан шыққан болатын. Және де тағы бір назар аударатын жағдай кейбір шұңқырлардың орналасқан жері картада сызылмаған, сызылса да қате кеткен жайыттар көптеп кездесті. Осыған байланысты мемлекетіміз дамушы мемлекет болғандықтан келешекте утильзауыттары Қазақстанда да салынады деген үміттеміз.  Мал көміндісі (биотермиялық шұңқыр) – арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіп ұйымдары мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін қолайсыз факторлардың әсер етуін азайту мақсатында жақын маңдағы аумақтардан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен имараттарды бөліп тұратын санитариялық-қорғаныш аймағын - аумақты сақтай отырып, орналасқан малдардың өлекселерін залалсыздандыруға арналған құрылыс. Мал өлген, абортталған немесе өлі туған төлді анықтаған сәттен бастап, бір тәуліктен артық емес мерзімде жеке және заңды тұлға осы туралы ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінің қызметкеріне – ветеринария саласындағы маманға хабарлайды. Қолайсыз пункттердегі биологиялық қалдықтарды кәдеге жаратуды, жоюды мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асырады. Биологиялық қалдықтарды қайта өңдеу немесе көму (жағу) үшін жеткізуді жеке немесе заңды тұлғалар жүзеге асырады.

...

Скачать:   txt (50.8 Kb)   pdf (296.7 Kb)   docx (331.7 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club