Биологиялық тотығу
Автор: Балзия Кобек • Май 13, 2023 • Контрольная работа • 420 Слов (2 Страниц) • 317 Просмотры
Тақырып 13: Биологиялық тотығу
Дәріс жоспары:
1 Биологиялық тотығу және оның функциялары
2 Биологиялық тотығу процестерінің жіктелуі. Бос тотығу
3 АТФ синтезімен қабат жүретін тотығу. Субстрат деңгейіндегі АТФ синтезі
4 Электрон тасымалдаушы тізбек деңгейіндегі АТФ синтезі (тотыға фосфорлану)
1.Биологиялық тотығу-тіршілік қызметі процестерінің жүзеге асыру үшін биологиялық объектіні энергиямен және метоболиттермен қамтамасыз ететін тотығу реакцияларының жиынтығы.
[pic 1]
2.Биологиялық тотығу процестерінің 2 деңгейі болады:
1)Бос тотығу-бұл кезде АДФ фосфорланбайды және тотығу кезінде бөлінетін энергия макроэргиялық байланыстардың энергиясына айналмайды.Бос тотығу кезінде бөлінген энергия жылу түрінде бөлініп, қоршаған ортаға шашырап кетеді.Бос тотығу типі бойынша жүретін реакциялар:
- оксигеназалық реакциялар
- сутек пероксидімен тотығу процестері
- оксидазалар жылдамдататын көптеген реакциялар
Бос тотығу процесі цитохромда, эндоплазмалық тор мембраналарында, лизосома, пироксисома, гольджи жиынтығы мембраналарында, митохондрия мен хлоропласттардың сыртқы мембраналарында шоғырланады.
2)АДФ фосфорлануымен қатар жүретін тотығу.Тотығудың бұл типі екі тәсілмен жүзеге асады.
А)Субстрат деңгейіндегі фосфорлану.Субстраттық фосфорлану.
Бұл кезде қандайда бір субстраттан түзілетін фосфор қышқылының қалдығы тікелей АДФ-ке беріледі де АТФ-ке айналады.Мысалы: гликолиз процесінде мұндай тотығудың екі жағдайын көруге болады.Бірінші, 1,3-дифосфоглицерин қышқылы + АДФ = 3 фосфоглицерин қышқылы + АТФ. Екінші, Фосфоенолпирожүзім қышқылы + АДФ = Енолпирожүзім қышқылы + АТФ.
Б)Электрон тасымалдаушы тізбек (тыныс алу ферменттерінің тізбегі) деңгейіндегі АТФ синтезі.Тотыға фосфорлану
...