ББЗ және фитопрепараттардың технологиясы
Автор: Гүлбану Сейткамалова • Май 5, 2022 • Лекция • 25,863 Слов (104 Страниц) • 326 Просмотры
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Биология және биотехнология факультеті Биотехнология кафедрасы
5В070100-Биотехнология
«ББЗ және фитопрепараттардың технологиясы» пәні бойынша қысқаша дәріс жинағы
\1 Дәріс. Кіріспе. ББЗ алуантүрлілігі. Биологиялық белсенді заттармен байытылған микронутриенттер.
Дәріс жоспары:
- Биологиялық белсенді заттар
- Биологиялық белсенді заттардың маңызы
- Биологиялық белсенді заттардың алуан түрлілігі
Өсiмдiктерде адам денсаулығына пайдалы органикалық қосылыстардың өте көп түрлері синтезделеді. Оларды синтезделу ерекшелiктерiне байланысты бiрнеше топтарға бөлуге болады. Кейбiр биологиялық биологиялық белсенді заттар (ББЗ) топтарына химиялық құрамы жағынан бiр- бiрiнен өзгеше мыңға жуық қосылыстар енуi де мүмкiн. Оларға флаваноидтар, флавондар, фитостеролдар, фенолдар, фитоэстрогендер, глюкозинолаттар және индолдар топтары жатады. Өкiнiшке орай, бұл қосылыстардың пайдалылығы туралы мәлiметтер тек эпидемиологиялық зерттеулердiң нәтижесiне сүйенiп отыр. Басқаша айтқанда, бiз құрамында осындай қосылыстар жиынтығы бар өсiмдiктердiң емдiк немесе профилактикалық қасиетi бар екенiн ғана бiлемiз. Сондықтан қазiргi зерттеулер өсiмдiктердегi әрбiр жеке қосылыстың денсаулыққа нақты пайдасын, олар әсер ететiн органды (немесе ұлпаны) және олардың әсерiнiң биохимиялық және молекуларлық механизмдерiн анықтауға бағытталып отыр. Көптеген жылдардан берi жүргiзiлген зерттеулер Өсiмдiктерден табылған биологиялық белсенді заттардың iшiнде антиоксиданттар деп аталатын қосылыстардың адам денсаулығына ғана емес, сонымен қатар өсiмдiктердiң өздерiнiң ауруларына (патогендер мен қоршаған ортаның қолайсыз факторларына) қарсы тұруында маңызды роль атқаратынын толық дәлелдеп отыр. Бұл қосылыстардың ерекшелiгi мынада. Бiздiң денемiздi құрап тұрған клеткалардың тыныс алу процесiнде тұрақты түрде, белгiлi бiр мөлшерде еркiн оттегi радикалдары түзiлiп отырады. Оларға супероксид, гидроксил радикалдары, синглеттi оттегi және сутегiнiң тотығы жатады. Олардың барлығы клетка үшiн қауiптi. Дегенмен, осылардың iшiндегi аса қауiптiсi гидроксил радикалы - ол клеткадағы барлық органикалық молекулалармен өте жылдам әрекеттесiп, оларды химиялық өзгерiстерге ұшыратады. Ең алдымен, бұл радикал клетканы қоршап және қорғап тұрған мембранамен әрекеттесiп, оны ыдыратады. Нәтижесiнде клетка өледi. Клетка iшiнде белоктармен әрекеттесiп, бiркелкi, бiр-бiрiмен байланысып жүрiп жатқан жүздеген химиялық процестердiң қызметiн тоқтатады - бұл да клетка өлiмiне алып келедi. Ал, бұл радикалдар нуклеин қышқылдарымен әрекеттескенде ДНҚ молекуласы мутацияға ұшырайды, яғни, өзiне тән қызметiн жоғалтады. Мұндай Өзгерiс адам мен жануарлар денесiнде басқаруға келмейтiн қатерлi iсiк (рак) клеткаларының пайда болуына әкелiп соқтырады. Әрине, өсімдіктердің жемісінде көп мөлшерде синтезделетін Өзімізге белгілі антиоксидант – аскорбин қышқылы немесе С- витамині. Ол сутегі иондарының доноры мен акцепторы ретінде бола алады және оның антиоксиданттық қасиеттері түрлі бос радикалдарды бейтараптандыратын әрекетінің кең спектрімен сипатталады. Липидтерді асқын тотығудан қорғауда аскорбин қышқылы басқа антиоксиданттармен салыстырғанда қуаты әлдеқайда жоғары.
Фенолдар өсiмдiктер дүниесiнде көп түрлi және кең тараған органикалық қосылыстар болып табылады және олар Өсiмдiктерде мономерлер және полимерлер түрiнде кездеседi. Олардың молекуласының ароматикалық (бензолдық) ядросында екi және одан көп гидроксил топтар болады. Қазiргi күнi фенолдардың түрлерi 4000-ға жуық және олардың көпшiлiгi флавоноидтар (қос сақиналы гетероциклдар) ретiнде белгiлi. өз кезегiнде флавоноидтар көбiнесе гликозидтер түрiнде кездеседi. Гликозидтi флавоноидтар
- антоцианиндер өсiмдiктердiң әртүрлi ұлпаларына қызыл, көк және күлгiн түс беретiн пигменттер болып табылады. Гүлдерге, жемiстерге, дәндерге және жапырақтарға әдемi түс берумен қатар флавоноидтар өсiмдiктер мен микробтардың сигналдық қатынастарда маңызды роль ойнап, тағамға ерекше дәм бередi және аса қауiптi ультракүлгiн сәулесiнен қорғайды, антимикробтық агент ретiнде өсiмдiктiң патогендерге қарсылығын күшейтедi.
...