Адам және жануарлар физиологиясы институты
Автор: saeory • Май 22, 2019 • Реферат • 5,967 Слов (24 Страниц) • 1,100 Просмотры
КІРІСПЕ
Мен, Ахайбек Темірлан Асилбекұлы , Алматы технологиялық университетінің тағам өндірісі факультетінің Тағамдық биотехнология кафедрасының 5В070100-«Биотехнология» мaмaндығының студенті. 2018 жылдың 28 мамырдан 29 маусымға дейін ҚР БҒМ ҒК Адам және жанурарлар физиологиясы институтының лимфа жүйесі физиологиясы лабораториясында өндірістік практикадан өттім.
Адам және жануарлар физиологиясы институты 1945 жылы 7 наурызда Қаз ССР Ұлттық ғылым академиясы жанынан құрылды. Біз өндірістік практикаға барған лимфа жүйесі физиологиясы лабораториясы алғашқы кезде, ҚазССР ҒА Физиология институтында 1974 жылдың қыркүйегінде салыстрырмалы физиология лабораториясы (меңгерішісі б.ғ.д., проф., Л.Е.Бөлекбаева) болып құрылды, 1995 жылы лимфа жүйесі физиологиясы лабораториясы болып өзгертілді. 2006 жылдан бастап лаборатория меңгерушісі болып м.ғ.д. Демченко Г.А. Лабораторияның ғылыми зерттеулердің негізгі бағыты - қалыпты және патологиялық жағдайдағы лимфа жүйесінің қызметін зерттеу. Лимфа жүйесінің сору-сіңіру, жинау, тасымалдау қызметі қарастырылады, әртүрлі артериялық гипертензия, веноздық іркілу, айналмалы гипоксия кезеңдерінің дамуы және жер жағдайында салмақсыздықты моделдеу жағдайларында лимфа жүйесінің қызметі қарастырылады. Соңғы кезеңдерде лаборатория әртүрлі моделдік зерттеулер, оның ішінде улы гепатит, қант диабеті, ишемия, панкреатит және т.б. ауруларды жан-жануарларға моделдеу әдістерімен шығылдануда және оларды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде, яғни бұл жағдайларда лимфа жүйесінің бейімделу қызметін зерттеу болып табылады, сонымен қатар ағзаның металл тұздары мен ұшпалы органикалық заттармен улану кезіндегі лимфа жүйесінің маңызы қандай екендігі зерттелді. Улы гепатит кезінде, аллоксан диабеті және токсиканттармен улану кезіндегі ішкі мүшелер мен лимфа жүйесінің бұзылуын алдын алудың жаңа жолдары ұсынылды.
ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Адам және жануарлар физиологиясы институты
Қазақстан Ғылымдар Академиясының ғылыми зерттеу институттарының бірі. Институттың негізгі іргетасы 1943 жылы қаланған Институттың іргетасы 1945 жылы КСРО-ға қазақ бөлімшесінің физиология секторы негізінде ғылымға енген. Қазіргі уақытта институтта Ұлттық ғылыми академияның 1 академик, 1 корреспондент мүшесі, 11 ғылыми доктор, 22 ғылыми кандидаттар қызмет атқарады. Институт ғалымдары «Бөбек» қорының президенті С.А. Назарбаеваның ұсынысымен «Балақай» табиғи сауықтыру жүйесін қолданудың ғылыми негіздерін жасады. Осы институтта лимфа, қан айналымы, ас қорыту, сүттену, нейрогуморальдық реттеу, бейімделу және лимфалық жүйе физиологиясы лабораториялары бар. Негізгі ғылыми зерттеу бағыттары: лимфаның құрамы мен қасиетінің өзгеру заңдылығын түзілуін және оған әсер ететін факторларын, ас қорыту, жүйке жүйесі ішкі секреция бездері қызметін зерттеу. Құрылғаннан бері институт ғылымдары гисто-физиологиялық зерттеулерін Н.О.Базанованың басшылығымен адамның естен танып ауыратын дертін емдеу жолын А.П.Полосухин фистулалық әдіс арқылы малдың ас қорыту ерекшелігін білу. Қ.Тәшенов ірі қара малдың сүттілігін арттыру, бие сауатын «Темп» аппаратын шаруашылыққа пайдалану жолын Х.Д. Дүйсембин ұсынды. Ф.Ж. Жұмағалиева диспепсия энтерит дертін емдеуге қажетті кермек және таран өсімдіктерінен жасалған тұнба ерітінділерін алу, киікоты өсімдігінен жасалған дәрімен жүрек ауруын емдеу жолын тапты. Қазақстандағы экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты қолайсыз факторлардың (қорғасын, улы газ, т.б.) организмге зиянды әсерін және одан қалай сақтану жолдарын, ауыр металдардың қан мен лимфаға, ас қорыту, сүт шығу процестеріне әсерін анықтайтын ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Адамның ғарышты игеруіне байланысты ғылыми бағдарлама бойынша зерттеулер жүргізілді. Оның ішінде Қазакстан ғарышкерлері Т.Әубәкіров және Т.Мұсабаевтың ғарышқа ұшар алдындағы және жерге қонғаннан кейінгі қанының құрамы зерттелді. Институт Австралияның Нью-Кассл университеті, Англияның Кембридж университеті, Францияның Безансон университеті, Польшаның жануарлардың қоректену физиологиясы институты, Чехияның Ауыл шаруашылығы жануарлары физиология институты, Ресейдің Медицина-биологиялық мәселелер институты, Ғарышкерлерді дайындау орталығымен тығыз байланыстағы институттар.
...