PBL
Автор: turarzarina • Октябрь 2, 2022 • Эссе • 697 Слов (3 Страниц) • 687 Просмотры
Джураева Жасминабану 2-005 ОМ
Жалпы осы РBL сабағында Рамазан Дакенов атты пациентті талдаған болатынбыз.Алдымен топтық жұмыс болғандықтан,ережелер құрып алдық.Оңын өмір сүру салтын толықтай біліп ескере отырып,гипотеза құрдық .
Науқастың аты-жөні Рамазан Дакенов,жасы 55 те,салмағы 100+.Кенші болып жұмыс жасаған жәнеде машина бояумен айналысқан.Алғаш келгенде жөтелмен ентікпеге шағымданып келген болатын.Өмірінің соңғы 40 жылын темекі шегіп,сыра ішумен өткізген. Ол күніне 30 темекі,6 бөтелке сыра ішкенін айтты. Және 15 жыл бойы,күн сайын таңертең оянғанда жөтел ентікпе, қақырық мазалайтынын айтты.Және бұдан бөлек ортопноэ және тобығында ісіну бар. Бұл жалпы темекіні көп тұтұнғандықтан.Себебі темекінің құрамында Ниkoтин, Kөмір қышқыл газы, Көмiртеk тотығы, Kөгеретін қышқыл, Aммиак, Шайыpлы заттаp бар.Бірақ науқас таңертең темекі шеккен соң жөтелдің тоқтайтынын айтты. Бұл организмнің сол затка тәуелділігін және үйреніп қалғанын білдіреді. Және 2 3 рет респираторлық инфекция болатынын мәлімдеген болатын. Он жыл бойы кез келген физикалық күшті жасай алатын Рамазан Дакенов қазіргі уақытта баспалдақпен көтерілуге қиналатынын,серуендегенде 100 м сайын ентігіп демалып алатынын айтқан болатын.Ал темекі шеккен сон бұл ентігудің бәрі басылатынын айтқан,бұл темекіге тәуелділік.
Жалпы бұл шағымдарына зиянды әдеттерінен бөлек оның кенші болып жұмыс жасағаныда әсер етті деп ойлаймын. Себебі: Кеншілердің жұмысы ол шаң ауаны жұтады. Осының нәтижесінде өкпе жұмысы нашарлайды. Ал қазіргі уакытта айтып кеткендей көлік бояумен айналысады.Осылай науқастың анамнезімен толықтай танысып алдық. Және оның салмағына яғни семіздігіне әсер еткен ол тікелей сыра болып табылады.Ол сыраны шамадан тыс көп ішкендігін өзі мәлімдеген болатын.Артық салмақ ентікпегеде әсер етеді,адам тез шаршайды. Және науқасқа созылмалы бронхит деп диагноз қойдық.
Жалпы шағымдарын толық тыңдап,танысқаннан кейін,науқасты ,науқастарға арналған ауруханаға жатуды ұсындық. Бірақ бұл шешіммен науқасты кішкене ашуландырып алдық,оның жатпайтынын естіген соң дәрігердің айтқан кеңесін орындап,яғни зиянды әдеттерінен алшақтауды ұсындық .1 аптадан кейін қайта келуін сұрадық. 1 аптадан кейін науқас келуге уәде береді,және кеңестерді ұстанады. 1 аптадан кейін қайта келгенде оның денесіндегі ісінулер кеткенін,зиянды әдеттерді азайтқандағы денсаулығының жақсарғанын мәлімдеді . Бірақ ентігу болып тұратынын және шырышты қақырық бар екенін айтты . Және көп шаршап,ентігіп тек жатып ұйықтайтын айтып шағымданды. Осылайша тағыда ауруханаға жатуын ұсындық ,бірақ қарсы болғандықтан үйде емделуге жібердік.
Түнгі уақытта,жедел жәрдеммен бірге ауруханаға түсіп қалады. Оның картасымен танысу барысында соңғы уакыттағы ауруларын дәрігер көреді және бала кезінде демікпе немесе пневмония ауруы болған жоқ,алайда инфекцияны тез жұқтырып алатынын анықтадық. Науқасты тезірек тексеріп дене қызуы бар екенін және анализдер нәтижесінде қандда лейкоциттер мөлшерінің артқанын анықтады.Дәрігер оттегі терапиясын жалғастырып бірнеше сағаттан кейін көмір қышқыл газ мөлшерін қайта тексеруді айтады. Осылайша бірнеше сағаттан кейін Науқастың жағдайы жақсарып,сөйлей бастайды. Науқастың жағдайы ақырындап қалыпқа келе бастайды.Және оны ауруханадан шығарылуына рұхсат етіледі.
...