Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

PBL

Автор:   •  Декабрь 16, 2023  •  Доклад  •  640 Слов (3 Страниц)  •  175 Просмотры

Страница 1 из 3

ҚАРАҒАНДА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

                                                                                       

                                                                            Эссе

                   

                    Пән:PBL

                      Орындаған:Нарматов Мухаммадамин

                     

                      Қабылдаған:Есимова Роза

                   

                                             2023

                                         Эссе                                        

Берілген ПБЛ сабағында біз, студенттер сабақ барысымен таныстық. Бұл сабақта оқытушының нұсқауымен топ басшысын және хатшыны таңдадық. Топ студенттерімен ақылдаса келе топ ережелерін бекіттік. Сабақ барысында белгілі бір пациенттің жеке мәліметтерімен, оның басынан өткен жағдайымен танысып, қалай және қандай зақымдау алғанын анықтап, зерттеп, өз гипотезаларымызды ортаға салып, барлық топ студенттерімен қызу талқыға салдық және нәтижесінде нақты шешім қабылдап, пациенттің сырқатын таптық. Осы талқылауға қатысқан пациентіміз Тимур Мурзалин болды. Оқиғаны қорытындылай келе, біз берілген пациент Тимур Мурзалиннің рентген нәтижесіне сүйене отыра, гипотезалар ішінен белгіленген дұрыс гипотезаны анықтай алдық. Тимурдың рентген нәтижесі оған «тобық буынының байламдарының созылу инверсиясы» деген диагнозды бекітті. Бұл сабақ маған, сонымен қоса барлық топ студенттеріне өз үлесін қосты. Себебі бұл сабақта біз өзімізді болашақ дәрігер ретінде сезініп, паценттің сырқатын талқылай отыра, оның қандай зақымдану алғаны жөнінде өз ойымызды ашық әрі нақты жеткізе алдық. Сонымен қатар, топтық жұмыс жасай отыра, бір-біріміздің ойларымызды тыңдап, толықтырып, бір түйінді шығара алдық. Сабақ барысында, осы уақытқа дейін оқып келген мәліметтерімізді еркін қолдана білдік. Меніңше ПБЛ сабағының ерекшелігі, ол медицина студенттерінің тек қана кітаппен жұмыс жасамайтынын, олардың болашаққа апарар жолында қазірден бастап, осындай проблемалық сұрақтарды шешуде екенін айдан анық көрсетеді. ПБЛ сабағы менің болашақ дәрігер болуыма деген мотивациямды одан әрі арттырды.Кейсті зерттеген маған ұнады себебі бұл кейс өте қызықты әсіресе топпен бірге жұмыс жасау.Аурудың не себепті ауырғанын зерттеу жұмыс барысында көп нәрселер білдік және үйрендік.

...

Скачать:   txt (3.9 Kb)   pdf (39.4 Kb)   docx (8 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club