Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тыныс алудың негізгі мүшесі – өкпе

Автор:   •  Октябрь 20, 2020  •  Реферат  •  2,163 Слов (9 Страниц)  •  438 Просмотры

Страница 1 из 9

Қарағанды Медицина Университеті

Қибаш Жансая Елдосқызы

2-001 топ/ Жалпы Медицина

Тақырып: Тыныс алудың негізгі мүшесі – өкпе

Өкпенің жалпы құрылысы

Өкпе, pulmo  тыныс алу жүйесінің негізгі мүшесі. Ол кеуде қуысында, cavum thoracis, өкпеқаптың ішінде, pleura pulmonalis, орналаскан жұп мүше . Оң жақтағы өкпе сол өкпеге қарағанда көлемді және қысқарақ болып келеді. Бұған бірнеше себептер әсер етеі. Олар: Өкпенің сырткы пішіні кесілген конус тәрізді, екі өкпенің өкпе үшы, apex pulmonis, және өкпе негізі, basis pulmonis, ажыратылады. Сонымен қатар өкпе ұшы, apex pulmonis, алдынан қарағанда: І-кабырғадан 3- 4 см, немесе бүғана сүйегінен 2-3 см жоғары орналасады, арткы бетінен қарағанда, ол жетінші- мойын омыртқаның көлденең осіндісіне сәйкес орналасады. Өкпе негізі, basis pulmonis, жалпак, көкетпен беттесіп орналаскан.

           Жәнеде өкпенің келесідегідей беттерін ажыратады , facies pulmonis: екі өкпенің дөнестеу келген кабырғалық беті, facies costalis, ойыстау келген төменгі көкеттік беті, facies diaphragmatica және көкірекаралык беті, facies mediastinalis ажыратылады. Сонымен қатар егер өкпені ортасынан горизантальзы кескенде үлес аралық беті,facies interlobares – ті ажыратады. Өкпенің медиалді беті, facies medialis, ойыстау келген жәнеде артында омырткалық бөлікке, pars vertebralis, алдында көкірекаралық бөлікке, pars mediastinalis, болінеді. Медиалді бетінің ортаңғы бөлігінде өкпе батынкысы немесе өкпе қакпасы, hilus pulmonis, орналаскан. Көкеттік беті, facies diaphragmatica, ойыстау келіп көкеттің дөңестеу келген бетімен беттесіп орналасқан.

          Сонымен қоса өкпенің жиектері де болады. Соларға тоқталып өтер болсам:

-  Өкпенің алдыңғы жиегі, margo anterior . Орналасқан :  өкпенің қабырғалық беті мен, facies costalis көкірекаралық бетінің, facies mediastinalis, аралығында орналасқан. Сол өкпенің ал- дыңғы жиегі, ойыса келе, жүректік тілікті, incisura cardiaca (pulmonis sinistra) кұрап, өкпенің төменгі жиегіне жалғасады. Бұл тіліктің төменгі бөлігі, сол өкпенің тілшігімен, lingula pulmonis sinistri, шектелген .

 - Өкпенің төменгі жиегі, margo inferior, өкпенің қабырғалық беті, facies costalis, мен көкірекаралык бетін, facies mediastinalis, көкеттік бетінен, facies diaphragmatica, бөледі.

 - Өкпенің арткы жиегі, margo posterior, омыртка бағанасының бүйір капталында, өкпе ұшынан XII- қабырғаның басына дейінгі аралықта, вертикаль бағытта орналаскан.

     Өкпе сыртында саңылаулар орналасады. Соларға толығырақ тоқталып өте кетер болсам:

- fissure obliqua dextri et sinistri, қиғаш саңылау-бұл екі өкпенің де бетінде болатын саңылау. Бұл саңылау  оң және сол өкпе қакпасының, hilus pulmonis, арткы кап- талынан, III - кеуде омыртқанын артқы өсіндісінің тұсынан басталады. Саңылау өкпенің қабырғалық бетімен томен және алға карай өтіп, ҮІ - кабырғаның тұсында, жоға- ры және артқа қарай өкпенің көкеттік, одан әрі көкірекаралық бетімен өтіп, өкпе қақпа- сына барып тұйыкталады. Өкпенің қиғаш саңылауы осы екі өкпені жоғарғы, lobus superior, және төменгі бөліктерге, lobus inferior, бөледі.

- fissure horizontalis pulmonis dextri- бұл саңылау тек оң жақ өкпеде ғана болады. Осы аталған саңылау оң өкпенің қиғаш саңылауынын ортаңғы бөлігінен немесе  ортаңғы қолтык сызықтан, linea axillaris media басталып, одан әрі оң өкпенің кабырғалық бетімен горизонталді бағытта алға карай өтіп, ІҮ - қабырғаның тұсында окпенің көкірекаралык бетіне өтіп, өкпе қакпасына барып тұйықталады. Осы саңылау арқылы оң өкпе  ортаңғы боліктерге, lobus superior et medius pulmonis dextri, бөлінеді.

Ендігі кезекте өкпе қақпасына, hilus pulmonis тоқталып өтетін болсам. Ол екі өкпенің көкірек аралық бетінің ортаңғы бетінің ортаңғы бөлігінен жоғарылау орналасады.

- Маңыздылығы: Осы өкпе қақпасы арқылы өкпенің тереңірек қабаттарына өкпенің басты бронхтары,bronchi principalis, жәнеде өкпе артериялары, аа. pulmonales dextra et sinistra, жәнеде өкпе нервтері өтіп, өкпе қақпасынан кері бағытта өкпе веналары мен лимфа тамырлары шығады. Сонымен қатар осы өкпе қақпасы арқылы өтетін анатомиялык құрылымдар жиынтығы өкпе түбірі, radix pulmonis, деп аталады. Осы өкпе қақпасында орналасқан құрылымдар орналасуы бойынша екі өкпеде айырмашылықтары бар. Әр өкпе қақпасына тоқталып өтер болсам:

...

Скачать:   txt (25.2 Kb)   pdf (497.5 Kb)   docx (2.1 Mb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club