Нерв талшықтарының физиологиясы. Синапстер. Нерв орталықтары. Вегетативтік жүйке физиологиясы
Автор: Kyzgaldak_04 • Июнь 6, 2023 • Реферат • 3,055 Слов (13 Страниц) • 177 Просмотры
Нерв талшықтарының физиологиясы. Синапстер. Нерв орталықтары. Вегетативтік жүйке физиологиясы.
Жүйкелер жұлын жүйкелері жəне ми жүйкелері болып бөлінеді. Құрылысы жағынан жүйкелер паренхималы мүшелерге жатады. Олардың паренхимасын жүйке талшықтары, ал стромасын жүйке талшықтарын байланыстырып тұратын борпылдақ дəнекер ұлпалық аралықтар құрайды. Строма арқылы жүйкеш қоректеңдіретін қан жəне лимфа тамырлары өтеді. Жүйке талшықтарын бір-бірімен байланыстырып, талшықтар шоғырларын түзетін жіңішке дəнекер ұлпалык аралықтарды эндоневрий, талшықтар шоғырларын сыртынан қаптап, оларды бір-бірімен біріктіріп, жүйкені құрайтын ені жалпақтау келген дəнекер ұлпалық аралықтарды периневрий, ал жүйкені сыртынан қаптап тұратын дəнекер ұлпалық қабықты эпиневрий — деп атайды.
Жұлын жүйкелері жұлынның дорсальды (сезімтал жүйке талшықтарынан құралған) жəне вентральды (қозғалтқыш жүйке талшықтарынан құралған) түбіршіктерінің қосылуынан пайда болып, омыртқа өзегінен оң жəне сол омыртқааралық тесіктер арқылы шығады. Сондықтан, жұлын жүйкелерін қызметі жағынан аралас жүйкелерге жатқызады. Жұлын жүйкелерін шеттен орталыққа бағытталған сезімтал жүйке талшықтары (жұлын ганглийлеріндегі сезімтал нейроциттердің аксондарынан түзілген), орталықтан шетке бағытталған қозғалтқыш жүйке талшықтары (жұлыннның сұр заты вентральды мүйізіндегі қозғалтқыш нейроцитгердің аксондарынан түзілген) жəне симпатикалық миелинді жүйке талшықтары (көкірекбел жұлын сегменттері сұр затының латеральды мүйіздеріндегі симпатикалық орталықтары нейроцитгерінің аксондарынан) құрайды. Олар омыртқа өзегінен шыққан бойда байланыстырғыш (симпатикалык) жəне жұлын қабықтарына арналған қайтарма (сомалық) тармақтарды бөліп, сұр байланыстырғыш (симпатикалык) тармақтарды қосып алып, содан соң, дорсальды жəне вентральды (сомалық, симпатикалық жүйке талшықтарынан құралған) тармақтарға ажырайды. Дорсальды тармақтар омыртқа бағанынан жоғары орналасқан дене бөліктерін (сүйектер, бұлшықеттер, буыңдар, тері, олардын тамырлары), вентральды тармақтар омыртқа бағанынан темен жатқан дене бөліктерін жүйкелеңдіреді. Аталған тармақтар өз кезегіңде латеральды (беткей орналасқан мүшелерге) жəне медиальды (терең жатқан мүшелерге) тармақтарға тарамдалады. Жұлын жүйкелері омыртка бағаны бөлімдеріне сəйкес: мойын, көкірек, бел, құйымшақ жəне құйрық жүйкелері болып бөлінеді. Олардын саны мойында 8 жұп, құйрықта 5-6 жұп, қалған бөлімдерде жануарлардың омырткалар санына сəйкес келеді. Алдыңғы жəне артқы аяқтарды жүйкелендіретін жүйкелер жұлын жүйкелерінін вентральды тармақтары түзетін: иық, бел жəне құйымшақ жүйке тораптарынан шығады.
Ми жүйкелері 12 жұп болып, мидың төменгі бетінен бассүйектің тесіктері аркылы ми сауытынан шығады. Олардың 10 жүбы (III-XII жүйкелер) ми діңгегінен бөлінеді. Ми жүйкелері қатарында шеттен басталып, тітіркенстерді ми орталықтарына өткізетін таза сезімтал (I, II, VIII), тітіркеністерді ми орталықтарынан шеткі бұлшық еттерге жеткізетін таза қозғалтқыш (Ш, IV, VI, XI, XII) жəне аралас жүйкелер (V, VII, IX, X) болады. Ми жүйкелері кұрамыңда, олар жүйкелеңдіретін мүшелер тамырларының қызметін реттейтін симпатикалық жүйке талшықтары (алдыңғы симпатикалық жүйке ганглийінен келеді) болады. Ми жүйкелерінің 10 жүбы (X, XI жұптарынан басқалары) бас аумағы мүшелерін жүйкелендіреді.
Вегетативті жүйке жүйесі жануарлар организмінде ішкі мүшелер жəне тамырлар жүйелерінің қызметтерін реттейді. Бұл жүйенің жоғары вегетативтік орталықтары аралық, ортаңғы жəне сопақша ми бөлшдеріңдегі қыртысасты ядроларында орналасады, яғни олар үлкен ми қыртысы орталықтарымен тікелей байланыста болмайды. Олардың байланысы аралық байланыстырғыш нейроциттердің деңгейінде ғана жүреді. Вегетативті ненроцнттердін көбі мүшелер қабырғаларында немесе олардың қабырғаларынан тыс жатқан жүйке ганлийлеріңде (түйіңдерінде) орналасады. Олардан шығатын жұйке есінділерінін көбі сомалық жүйке талшықтарына қарағаңда жіңішке миелинсіз жуйке талшықтарын түзеді жəне олар жұйке тіркестерін баяу өткізел: (0,5 - 2 м/с). Вегетативті жүйке жүйесі симпатикалық бөлікке (pars sympatica) жəне парасимпатикалық бөлікке (pars parasympatica) бітінеді. Вегетативті жүйке жүйесінің аталған бөлектері орталық жүйке жүйесінің белгілі бір бөліктерінде орналасқан. Вегативті жүйке жүйесі төмеңдегідей белімдерден тұрады: 1) орталықтарлан, 2) түйіналды (преганглиоңды) жүйке талшықтарының, (миелинді) 3) жүйке түйіндерінен (ганглийлерден), 4) түйінсоңы (постганглионды) жүйке талшықтарын ан (миелинсіз) Симпатикалық жүйке жүйесінің орталыгы жұлынның сұр затында, оның көкірек-бел сегменттерінің латеральды мүйіздерінде біртұтас орналасады. Ол мультиполярлы нейроциттерден құралған. Нейроциттер аксондары миелинді жүйке талшықтарын түзіп, вентральды жұлын түбіршіктері құрамында омыртқа бағаны өзегінен шығады да, ақбайланыстырғыш тармақтар ретінде жұлын жүйкелерінен беленіп, симпатикалық жүйке түйіңдеріне (ганглийлерге) бағытталады. Бұларды түйіналды (преганглионды) миелинді жүнке талшықтары - деп атайды. Аталған жүйке талшықтары симпатиқалык жүйке түйіндеріңдегі мультиполярлы вегетативтік нейроциттерде синапс арқылы аяқталады.
...