Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Асқорыту жүйесі

Автор:   •  Сентябрь 15, 2020  •  Доклад  •  521 Слов (3 Страниц)  •  597 Просмотры

Страница 1 из 3

Асқорыту жүйесі

Асқорыту жүйесі бір-біріне қалыпты жалғасып, байланысқан түтікше мүшелрден тұрады. Бұл мүшелерден тыс орналасқан бауыр мен ұйқы безі де асқорыту жүйесіне қатысып, маңызды қызметтер атқарады. Асқорыту – тағамның механикалық және химиялық өңделіп, толық қорытылудан өтіп, одан ыдыраған пайдалы өнімдері қанға не лимфаға сорылып, сіңуі болып табылады. Адамның асқорыту жүйесінің мүшелері, түтікше тәрізді екі шеті тұйықталмаған күрделі биологиялық жүйе. Бұл жүйе арқылы ағзаға энергия және құрылыс материалдармен қамтамасыз ететін заттар қабылданады, сондықтан бұл жүйеге қатысатын мүшелердің жасушалары бұзылып, жойылған кезде құрылымдары қайта қалпына келіп отырады. Асқорыту жүйесі негізінен үш бөлімнен тұрады.

Алдыңғы бөліміне – ауыз қуысы және ондағы мүшелер мен (ерін, ұрт, тіл, тістер, қатты және жұмсақ таңдай және т.б.) жұтқыншақ және өңеш жатады. Мұнда тағам механикалық өңдеуден өтеді. Бұл мүшелерден басқа ауыз қуысынан тыс орналасқан бездерінің де атқаратын қызметтері айтарлықтай. Бұларға жататындар: тіласты және жақасты және құлақ қасындағы ірі бездер тобы. Аталған бұл бездерден басқа ауыз қуысындағы майда бездер де сөл бөліп, тағамды шылауға өзіндік маңызды қызмет атқарады.

Ортаңғы бөліміне – асқазан, ащы ішек және тоқ ішек, бауыр мен ұйқы безі жатады. Аталған бөлігінде тағам химиялық өңделіп, одан ыдырап шыққан маңызды заттар қанға сіңеді де, ал қалған қалдық заттардан нәжіс түзіледі.

Соңғы бөліміне – тік ішектің каудальді бөлігі жатады. Мұнда тағамның қорытылмаған және қорытылған бөлшектерінің қалдығынан пайда болған нәжіс асқорыту түтігінен жылжып, сыртқа шығарылады(эвакуация).

АУЫЗ ҚУЫСЫНЫҢ КІРЕБЕРІСІНІҢ ДАМУЫ

Ауыз қуысының кіреберісінің дамуы еріннің және ұрттың дамуымен байланысты. Бұл үрдіс алғашқы ауыз қуысын қаптап жататын көпқабатты эпителийдің эмбриогенездің жетінші аптасында жуандаған құрылым – тіс үйемесін (валик) – түзеуінен басталады. Бұл үйеме мезенхиманың ішіне кіре орналаса бастайды. Осының нәтижесінде алғашқы ауыз қуысының бүкіл шетіне созылған эпителиалдық вестибулярлық табақша немесе ұрттық – еріндік

...

Скачать:   txt (7.4 Kb)   pdf (36.1 Kb)   docx (9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club