Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шымкент қаласының ластану түрлері және қазіргі жағдайы

Автор:   •  Февраль 22, 2018  •  Реферат  •  906 Слов (4 Страниц)  •  2,286 Просмотры

Страница 1 из 4

Шымкент қаласының ластану түрлері және қазіргі жағдайы

Республиканың ең ірі аймақтарының бірі болып табылатын Оңтүстік Қазақстан облысы шығысында – Жамбыл, солтүстігінде – Қарағанды, батысында – Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде – Өзбекстан Республикасымен шекаралас жатыр. Облыс орталығы Шымкент қаласы – Оренбург-Ташкент және Түркістан-Сібір халықаралық көлік 145 магистральдарының түйіскен жерінде орналасқан. Бұдан бөлек, Ташкент-Шымкент-Тараз- Алматы және Ташкент-Шымкент-Түркістан-Самара автомагистральдары арқылы ыңғайлы байланыс орнатылған. Қазіргі өнеркәсіп, сауда және мәдениет орталығы болып табылатын Шымкент қаласы өзінің жарты миллион халқымен Қазақстан Республикасының ең ірі қалаларының қатарында. Ұлы жібек жолының бір бөлігінде орналасқан керуен жолдары қиылысында пайда болған Шымқала Орта Азияның көне қалаларының құрамына енеді және бай тарих пен мәдениетке ие. Қала аумағы-300 шаршы шақырым жерді құрайды Халқының саны — 627,5 мың адам Шымкент қаласының қазіргі күндегі өнеркәсібінің негізгі салалары болып мұнай өңдеу, химия, жеңіл, тамақ өнеркәсіптері саналады, олардың дамуы мен өркендеуі атмосфера қабатының ахуалынада әсер етеді. Атап айтсақ, металургияны өңдеу саласы, химия және химиялық тыңайтқыш өңдіру салалары «алдыңғы» орында тұр. Ал, өнеркәсіптер бөліп шығаратын зиянды қалдықтардың мөлшері мен олардың атмосфераға таралуын салыстырсақ, тазалағыш қондырғыларының өте нашар жұмыс істейтіндігін байқауға болады. Бұдан басқа, қоршаған ортаға шығарылған зиянды қалдықтар мөлшері өнеркәсіптер шығаратын өнімдерінің мөлшерімен бірдей болады. Қоршаған ортаның ластану көзі болып табылатын ірі кәсіпорындардың басым бөлігі Шымкент қаласында орналасқан. Мысалы, ШӨБ Шымкент өндірістік бірлестігі) жұмысы кезінде атмосфераға фосфорлық қосылыстар шығарады. Кезінде технологиялық регламентті сақтамау салдарынан зиянды заттардың дүркін-дүркін шығарылуы орын алады. Зерттеу барысында анықталғандай «Фосфор» Шымкент өндірістік бірлестігі Шымкент өнеркәсіп ауданының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Ал солтүстік-шығыс жағынан «Шымкент шина» өндірістік бірлестігінің аумағында мырыш фрофиді, синтетикалық жуғыш заттар өндіріледі. Бірлестіктің өндірістік қуаттылығы әр түрлі. Мысалы, сары фосфор жылына-170 мың, триполифосфат жылына 387 мың т.өндіріледі. Бірлестіктен атмосфераға жыл сайын жүздеген, тіпті, мыңдаған тонна қатты заттар, күкірт ангидриді, азот қышқылы, күкірт қышқылы, фтор қосылыстары және т.б. заттар тарайды. Анықталғандай бірлестікте 0,5-2 шк радиуста топырақ жамылғысында фтор (370- 2640 мг/кг.) және фосфорлы ангидриді (33-280 мг/кг) мөлшерімен өте қатты ластанған. Топырақ жамылғысын зерттеу барысында, негізгі ластандыру көздері: бос жыныстарының үйінділері электротермосфорлы шлак түрінде және қатты кварцит түйіршіктері түрінде кездескені анықталды. Салыстырмалы талдау жасау барысында 2000 жылдан бастап жылдық, қалдық мөлшері 137,8 мың тоннадан 1084,2 мың тоннаға дейін өсті. 1990 жылдан бастап шлак толығымен цемент өндірісі үшін қолданылады. Қойма ауданы -7,37 га. Мышьякты қалдықтарды көмуге арналған қоймаларды анықтау барысында. Мышьякты қалдықтары- реактивті ортафосфорлы қышқылды және термикалық орта фосфорлы қышқылды өндіру кезінде пайда болады. 2009 жылы қалдық мөлшері – 0,18 мың т. Бұл қалдықтар ерімейді, улылығы жағынан бірінше класқа жатады. Олардың – РН-2,79; Р2 О5 мөлшері 14%, мышьяк мөлшері 1,57 %. Ауданы 1 га. BI- қолдану мерзімі 1988-2008 ж.ж. Қоқыс үйінділері: аз өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды шоғырландыруға арналған жерлерде. Ауданы-6,7 га. Зерттеу барысында «Шымкент шина» өндірістік бірлестігінен тазартылған өндірістік қалдық сулардың құрамын анықтадық, суда мұнай өнімдері (1,1-4,0 г/л) кездесті, яғни бұл ШРК мөлшерінен 3-13 есе көп екендігі анықталды. Сонымен бірге «Фосфор» Шымкент өндірістік бірлестігінің маңында да металдардың өте улы иондық формалары шоғырланғаны анықталынды. Мысалы, ШРҚ-дан 2-7 есе, цинк 1-3 есе, қорғасын 2-6 есе, хром 45 есе, селен 7 есе артық.. Соңғы жылдары «фосфор» ШӨБ-не жақын жатқан 46 гектар бау-бақша құрғап кеткен. Ағаш жапырақтардың құрамында фосфор мөлшерінің көптігінен жібек құрты олармен қоректене алмайды. Сонымен қатар жайылымдық жерлер де қатты ластанған, мұндағы мал жаңбыр жаумаса мал амалсыз фосфорлы шөпті жейді, ал бұл алдына уланған ет пен сапасыз сүтің пайда болуына әсер етеді. 146 Шымкент қорғасын зауытының аумағы мен оның өндіріс қалдықтары ластандырудың негізгі көзі болып табылады. Қорғасын зауыты атмосфераға жыл сайын ластандырушы ауыр заттардан 1660 т., қорғасыннан 677,7 т., күкірттіангидридтан 18 мың т., көмір қышқылынан 21 000 т. және табиғатты ластандырушы заттардан 0,47 тоннасын шығарады. Табиғи кешендерді ластаушы техногендік қалдықтардың мөлшері кешендердің шығу тегіне, ластандыру орталықтарынан алыс-жақын орналасуына байланысты әр түрлі сипатқа ие. Мысалы, Шымкент қорғасын зауытынан 1,5 км қашықтықта топырақ жамылғысын зерттеу барысында кадмий мөлшері 40 есе көп болғаны анықталынды. Өңдірістің өте қауіпті қалдығы- кальций арсенаты болып табылады. Улылығы жағынан бұл адам ағзасының жасушасын зақымдайды. Адам үшін мышьяктың қатерлі дозасы 0,15-0,2 гр. Бұлармен бірге көп мөлшерде майлар, бояғыш заттар, мұнай өнімдері, фосфаттар, қорғасын, мышьяк және тағыбасқалары түседі. Шымкент қаласының аса ірі табиғат пайдаланушыларының тұрақты көздерінен атмосфераға шығарылатын ластауыш заттары шығарындыларының салыстырмалы талдауы (2008-2009ж.ж) уы Зиянды зат Төмендеуі, № р/с шығарындылары, мың көбеюі %, есе тонна 2008г. 2007г. 1 «Петро Қазахстан Ойл Продактс» 16,816 16,779 + 0,22 % ЖШС 2 «Южполиметалл» ӨК» АҚ 1,098 8,51 — 87% 3 «Шымкентцемент» АҚ 1,463 2,261 — 35% 4 «3-Энергоорталық» АҚ 1,586 0,741 + 2 есе Кестені талдау жасай отырып келесілерді байқауға болады: 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы «Южполиметалл» ӨК» АҚ-да (87%), «Шымкентцемент» АҚ-да (35 %) ластауыш зат шығарындылары төмендеген, сәйкесінше, негізгі металлургиялық кешеннің тоқтап қалуымен және цемент шығарудың төмендеуімен байланысты. «Петро Қазахстан Ойл Продактс» ЖШС-де (0,22 %) мұнай өңдеудің азырақ өсуіне байланысты шығарындылар да көбейген. «3-Энергоорталық» АҚ кәсіпорнында 2009 жылы ластауыш заттардың 2008 жылмен салыстырғанда өсуі (2 есе). Шымкент қаласында жоғарыдағы аталған өндіріс орындарынан шыққан улы газдардың атмосфераға таралуынан ауаның ластануы көптеген аурулардың түрлерінің таралуына әкеп соққан. Атап айтқанда: рак ауруы, жоғары тыныс алу жолдары аурулары таралып отыр. Қаланың шығыс бөлігінде «Шымкентфосфор» өндіріс бірлестігі зонасында соңғы жылдары сүйек, жүйке жүйесімен ауыратын адамдардың саны өскен. Шымкент осылайша аса ірі өндірістік қаладан экологиялық әлеуметтік проблемалар қаласына айналып отыр, яғни қаламызда су, жер ресурстарының экологиялық мәселелері өте шиеленіскен жағдайда тұр. Ең бастысы, адамның біртұтас организмінде қалыпта жұмыс ырғағы бұзылған. Өңіріміздің кендік қалалардың бірінде улы ауа уысында қалған адамдардың денсулығы нашарлап, қатерлі дерттердің құрбаны көбейіп отыр. Қорыта келгенде, Шымкент қаласы табиғат жағдайы қайталанбас, өсімдігінің алуан түрлілігімен ерекшеленетін аумақ болғандықтан, ондағы біртұтастықты сақтау үшін тез арада нақтылы ғылыми негізделген шаралар ұйымдастыру мен оны қолдануды және аймақ табиғатының байырғы көріністерін қалпына келтіруді қажет етеді.

...

Скачать:   txt (12.9 Kb)   pdf (84.1 Kb)   docx (13.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club