Табиғат сырлары ертегісі
Автор: 878787A • Январь 10, 2023 • Сочинение • 725 Слов (3 Страниц) • 236 Просмотры
Алға орта мектебінің 6 сынып оқушысы
Абылайхан Инабат Болатханқызы
Табиғат сырлары ертегісі.
Баяғы заманда бір Айжан деген ерке қыз болыпты. Сыныбында ақылына көркі сай ерекше қыздың бірі болған. Үйінде жалғыз болғандықтан, ата – анасына айтқанын істететіндігі соншалықты оның айтқаны заң болған. Демалыс күні Айжан серуендеуге шығады.Серуенге шығар алдында достарымен кездесіп,қаланы қыдырғысы келетінін айтады. Бірақ достарының бәрі тауға шығатындарын айтып еді Айжан амал жоқтан келісуге тура келді. Сөйтіп Айжан достарымен бірге жолға шықты. Жол ортасында Айжан қырсығып достарына «қарнымда ашты, шаршадым,» деп мазалай бастады. Достары тауға жеткенде бірақ тамақтанатындарын айтып, Айжанды көндіруге тырысты. Айжан достарының айтқанына көніп барлығы бірге тауда тамақтанып болған соң, таудың көркіне көз тоймайтын тылсым бейнесіне қарап тамсанып, қыдырып, жан – жағын аралап қаута артқа қайтуға бел буды. Айжанға достарымен қыдырғаны еш бірі ұнамады. Соны байқаған айнұр мен Дастан Айжанның көңілін аулау үшін ойын – ойнауды жөн көрді. Ойынның қызулығына түскені соншалықты кеш батып, күн көрінбей бара жатқанын да байқамады, қарындары да ашты. Айжан қорыққанан жылап жіберді. Осы кезде Айжанның есіне анасының кішкентай кезінде айтқан ертегісі есіне түсті. Сол кезде ол жылағанын қойып, тез ұйқтап қалады. Айжан түннің бір уағында жайлап көзін ашып қараса, айналасы жап – жарық, жалт – жұлт етіп бірдеңелер ұшып жүр. Айжан бұл түсім бе, жоқ әлде өңім бе деп ойын жинақтап қараса, қанаттарын жанып ұшатын қоңыздарды көреді де таңырқайды. Неткен керемет ! – деп тамсанып тұр. Тіршілік иесінің бірі оянды, оянды деп айқайлап жібереді. Айжан өзіне – өзі сене алмай, таңырқағаны соншалықты сөйлейтін қоңыздар бар екен деп ойлайды. Сол кезде олар сұрақтарын қарша жаудырып, сен кімсің? Атың кім? Қайдан жүрсің? Біздің патшалығымыздың арасында не істеп жүрсің ? Айжан не күлерін, не жыларын білмей тұрып қалады. Тез арада есін жиған Айжан өзінің есімін айтып ал сендер кім боласыңдар деп өздерімен танысуға кірісіп кетеді. Біз осы жердің жарық қоңыздары боламыз деп бәрі бірге жауап береді. Жүр сені өзімізбен бірге таудың ішін аралатайық деп ертіп жүреді. Айжан арттарынан қалмай жүгіріп келеді. Айналасы жап – жарық, ауасы керемет, сарқыраған мөлдір судың ағып тұрғанын көрсетеді. Анандай жерде бір топ жануарлар отыр екен. Айжанның таң қалғаны жоншалықты бұрын соңды табиғаттың бұндай сұлулығын көрмесе керек. Қорықпа олар саған тиіспейді деп жануарлар отырған жерге келеді. Жануарлардың барлығының назары Айжанда болды. Бір кезде Айжанның қасына елік келді. «Көрдің бе» біздің мекеніміз осы жер, тылсым сыры көп табиғатта деп мақтанып айтады. Табиғат – тіршілік нәрі демекші табиғаттың әрбір жері адамға да жануарға да атқарара маңызы зор. Табиғатсыз осы өмірде өмір сүру де, тіршілік ету де, мүмкін емес. Жыл мезгілінің өзгеруі, табиғатты одан әрі көркейте түседі. Әр жыл мезгілі әр түрлі ғажайып көңіл күй сыйлайды. Аспаннан күнің көзінің жарқырап шығуы, жайқалып өсіп тұрған гүлдері,көлге қоңған құстары, осының бәрі табиғаттың тылсым сыры демеске болмайды. Ал адамдар болса табиғаттың қас жауы. Табиғатты қорғаудың орнына, керсінше жояды. Айжанға табиғаттың таза ауасы, көрікті жерлерінің ұнағаны соншалықты достарымен шыққан серуені қатты өзгертті. Өйткені осы кезге дейін Айжан айналасында жайқалған гүлдер мен ағаштарға деген еш бір қызығушылығы болмаған. Билеп жүріп құлап қалып орнынан тұрса оны іздеп жүрген достарының дауысы естілді. Орнынан тұрып жан – жағына қараса қпа – қараңғы ойнап жүрген көжектер мен жарық қоңыздар да көрінбейді. Достары Айжан сен осында екенсің ғой деп қасына келеді. Бәрі Айжанды тапқандарына қуанып кетеді. Ал Айжан болса қуанғанынан жылап жібереді. Бәрі үйлеріне қайтады. Серуенге келерде қырсыққан Айжан да тағы да үн жоқ. Достары тағы не болып қалды деп таң қалып келеді. Үйіне келіп басынан өткен мән жайды ата – анасына айтып берді. Сол күннен бастап Айжан адам танымастай қатты өзгереді. Өмірге деген көз қарасы өзгереді. Айжан құстардың сайраған даустары әсем әуенмен теңдей болып көрінеді. Бастысы табиғат - көз тоймайтын әсемдік пен сөз жетпес сұлулығы, баға жетпес қазына екенін түсінді. Табиғаттың еш бір сырын білмей қалай болса – солай пайдалануға болмайтынын түсінді. Табиғаттың біз білмейтін сырларының көп екенін, оны қорғап күтіп баптау керек екенімізді ұққандай. Осы күннен бастап Айжан табиғаттың тылсым сырларына деген қызығушылығының артқандығы соншалықты одан әрі зетрттей түсті. Сабаққа деген зейіні артып,үлгерімі өзге бастады. Айжанның ата – анасы қыздарының мінезінің және басқада жақсы жағынана өзгергеніне тәнті болды. Айжан табиғатты аялаған сайын адам заттың жан дүниесінің таза , кіршіксіз, аяулы болатынын ұқты. Достар табиғатсыз адам баласының күні қараң екнін ұғынып аялай білу керек екенбіз. Табиғат біздің жан дүниемізге тыныштық сыйласын десеңіздер біз әрқашан табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақ екнімізді ұмытпауымыз керек . Әрбір ағашты, әрбір бұлақты, жалғыз дәнді де ыждаһаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндетіміздің бірі деп есептеймін.
...