Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Геоэкологияның зерттеу пәні мен өзектілігі

Автор:   •  Ноябрь 2, 2022  •  Лекция  •  563 Слов (3 Страниц)  •  2,512 Просмотры

Страница 1 из 3

Лекция №12.

Тақырыбы: Геоэкологияның зерттеу пәні мен өзектілігі.

Бүгінгі сабақта:

Геоэкологиялық зерттеулер негіздері. Геоэкологияның қолданбалы маңызы оның табиғат пен қоғам арасындағы өзара әрекеттесу проблемаларын шешуге қатысуымен анықталады. Табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесуінің ғаламдық проблемалар халықаралық ынтымақтастықты қажет етеді. Географиялық қабықтың жай-күйін бағалау моноторинг деректерін талдау арқылы жүзеге асырылады. Геоэкологияның конструктивті рөлі зерттеулердің сан-салалы болуынан көрінеді.

Аумақты шаруашылық пайдалану зерттеу табиғат ресурстарын пайдаланумен байланысты болады. Олардың маңызы қорлардың едәуір азаюымен, ежелгі өнеркәсіпті аудандарда табиғат ресурстарының сапасының нашарлауымен және олардың көпшілігінің қалпына келмеуімен байланысты анықталады. Сондықтан бұл болжамдар аумақтың табиғи-ресурстық әлеуетіне сапалық және сандық баға беруге негізделеді және игеру кезеңдерін, типтерін, жолдарын және базаларын, игерілетін аумақтың болашақ әлеуметтік-экономикалық даму варианттарын ескереді.

  • Аумақты шаруашылық пайдалану зерттеу
  • Аумақтардың геоэкологиялық жағдайына баға беру
  • Аумақтардың рекреациялық әлеуетін бағалау
  • Геоэкологиялық жоспарлау (жобалау)
  • Геоэкологиялық аудандастыру
  • Геоэкологиялық болжаулар

Рекреациялық әлеуетті бағалауға қатысты зерттеулер туризм мен демалыс аудандарын орналастыру мен дамытуды негіздеуге бағытталады. Рекреациялық болжамдардың күрделілігі рекреациялық объектілердің табиғи, экономикалық, әлеуметтік элементтерін қамтитын көп құрамды құрылымын кешенді түрде ескеру қажеттілігіне негізделеді. Бұл объектілердің дамуын болжауда табиғи ортаның антропогендік өзгерістерінің динамикасын, аумақтың рекреациялық «сыйымдылығын», объектілердің қолжетімділігін және демалысқа қолайлылығын ескеру қажет.

Геоэкологиялық болжаулар шаруашылықтың жекелеген салаларының дамуы мен орналасуына, халықтың орналасуына, табиғат кешендерінің дамуына болжам жасаудың нәтижелеріне сүйенеді. Аталған болжауды жасау бірнеше кезеңнен тұрады.

  • Ауданның табиғи-ресурстық әлеуетін талдау
  • Аудандағы табиғи ортаның «сыйымдылығын» анықтау
  • Ауданның өндірістік әлеуетін талдау
  • Аудан экономикасының қазіргі даму жағдайы, құрылымдық өзгерістері, инвестициялар динамикасы
  • Жекелеген кәсіпорындарды орналастырудағы кемшіліктерді анықтау және шешу жолдарын ұсыну

Геоэкологиялық жоспарлау (жобалау) деп табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды негіздеу, оларды орындау көлемін уақыт интервалы мен аумақтар бойынша бөлуді атайды. Зерттеудің алғашқы кезеңінде табиғат ресурстарына экономикалық баға беру жүзеге асырылады. Екінші кезеңде белгілі бір аумақтағы табиғатты пайдалану бағаланады. Табиғат ресурстарына экономикалық баға берудің басты көрсеткіштері – бағаланатын ресурстарды пайдалану нәтижесінде алынатын бастапқы өнімдердің экономикалық көрсеткіштері. Келесі кезеңде әртүрлі табиғат ресурстарын пайдаланудың динамикасы талданады, табиғат ресурстарын пайдаланудың қазіргі кездегі және болашақтағы жағдайы шаруашылықтың жекелеген салаларының нақты ресурстарға (жер, отын, шикізат, су және т.б.) сұраныстары анықталады. Бұл үшін әдетте баланс әдісі қолданылады, ол ресурстардың мүмкіндіктері мен оларды пайдалану жағдайын салыстыруға мүмкіндік береді.

...

Скачать:   txt (9.7 Kb)   pdf (103.6 Kb)   docx (10.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club