Әбу Насыр әл-Фараби философиясы
Автор: aiganym06 • Февраль 2, 2024 • Реферат • 499 Слов (2 Страниц) • 119 Просмотры
VII ғасырдың басында Арабияда қоғамдық өмірдің сұраныстарына сәйкес фео¬далдық қатынастардың пайда болуымен тікелей байланысты жаңа дін – ис-лам дүниеге келді. Осыдан шашырап жүрген көшпелі араб тайпалары ислам туы астына жиналып, бір орталыққа бағынған феодалдық теократтық мем-лекетке – халифатқа біріктіріледі.
«Араб философиясы» атауы – салыстырмалы түсінік. Орта ғасырда араб жау¬лап алуы нәтижесінде, араб ықпалы тараған аймақтардың бәрі осы фи-лософияның дамуына үлкен үлес қосты. Сондықтан шығыс халықтарының орта¬ғасырлық философиясын шартты түрде, араб тілдес халықтар фи¬лософиясы деген атау қабылданған.
Орта ғасырлық мұсылман философиясының дамуы шартты түрде екіге бө-лінеді: 1) VІІ-ІХ ғғ. аралығы; 2) ІХ-ХІІІ ғғ. арасы. Бірінші кезеңде әлемдік ғы-лым жетістіктерін жинақтау жүзеге асырылса, екіншіде жаңа ғылым мен мә-дениет жетістіктері өмірге келеді. Ғылымды дәріптеу Құранда, оның жеке аят-тарында айтылады. Осымен бірге зерттеушілер Мұхаммед пайғамбарға та-ңылатын: «Қытай сияқты алыс көрінсе де, білім ізде» деген сөзді мысалға кел-тіреді.
Араб мәдениетінің өркен жаюы билікке Аббасидтердің келуімен бай-ланысты. Осы кезде арабтарға Аристотель философиясы белгілі болып, ма-ңызды ғылыми еңбектер сирия тілінен араб тіліне тәржімалана бастайды. Ал-ғашқы аудармалар VІІІ ғасырда өмірге келсе, ол халиф әл-Мамун (813-833 жж.) ке¬зінде тұрақты жүргізіледі. Тарихи дәуірде аудармашы ибн Исхак пен оның се¬ріктерінің аттары кең танымал болады. Бұлар Гиппократтың медициналық; Пла¬тонның «Республика», «Заңдар», «Тимей»; Аристотельдің логика мен ма¬тематикалық еңбектерін аударады.
Әбу Насыр әл-Фараби философиясы
Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 жж.) қазақ топырағында, ежелгі Оты¬рар (арабтар Барба-Фарап деп атаған) қаласында дүниеге келген. Ол Арис-тотельдің, әл-Киндидің ізін қуып, ілімдеріне бас игенімен, Аристотель ілімінің фор¬мальдық жағымен ғана шектелмей, диалектика элементтеріне де көңіл ау¬дарады. Көптеген тілді жетік білген ол арабтілдес елдерде дұрыс тәр-жімаланбаған, кейбір құнды ойлары бұрмаланып жүрген гректің ұлы философы
...