Қазіргі заманғы қазақ философиясы
Автор: 12erlan • Март 4, 2024 • Реферат • 580 Слов (3 Страниц) • 80 Просмотры
Қазіргі заманғы қазақ философиясы
Кеңес дәуірінде қазақ философиясы идеология ықпалымен қайта дами бастады. Бұл бағыт ХХ ғасырдың 50-60-шы жылдарынан бастап тәуелсіздік алғанға дейін жалғасты. Бұл кезде қазақ философиясы өзінің ұлттық ерешеліктерінен айырылып, кеңес үкіметінің идеологиясын нығайтуға жұмыс жасады.
Бірақ көптеген кемшіліктеріне және осы кезеңдегі қазақ философиясы марксистік сипатта дамығандығына қарамастан кейбір жетістіктері де болды. Ол – қазақтың кәсіби философия дамыды, яғни ғылыми сипат алды.
1958 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының құрамында Философия және құқық институты, Қазақ мемлекеттік университетінде философия факультеті ашылды. Осылайша елімізде кәсіби философия мамандары дайындала бастады. Олардың арасында қазақ ұлтынан шыққан философтар болды. Қазақстандық философия негізінен таным теориясы, таным диалектикасы, диалектикалық логика мәселелерімен айналысып, биік деңгейге көтеріліп, Кеңестер Одағында өзіндік орны болды.
Кеңестер Одағы ыдыраған соң Қазақ философиясы өз алдына дами бастады. XX-ғасырдың 90-шы жылдары жеке өз алдына философия факульттері мен институт ашылғаннан кейін, онда кәсіби философтар даярланып, философияның көптеген мәселелері ғылыми түрде зерттеле бастады.
Еліміздің тарихындағы әкімшілдік-әміршілдік кезеңде жалпы дүниежүзілік философия тарихын марксистік-лениндік методология тұрғысынан талдап, оның мәнін партиялық-таптық тұрғыдан насихаттау басты бағыт болып келді. Ұлттық философияны танып-білуде таптық редукционизм үстемдік көрсетті. Соның нәтижесінде сыңаржақтылық, субьективті пайымдау, басқа елдің топырағында дамыған идеологиялық қасаңдықтарға бағындыру принциптеріне кең жол ашып, философия тарихын бұрмалауға, бұрыс зерделеуге жетеледі.
Дегенмен, әлемдік философия тарихын зерттеуде қол жеткен жетістіктер жоқ емес. Диалектика принциптерін талдауда тарихи-философиялық процесс тәжірибиесін аттап өтуге болмас еді. Ж.Абдилдин, А.Қасымжанов, Г.Кармышев еңбектерінде дүниежүзілік философия тағылымдары, оның ішінде неміс классикалық философиясының танымдық және логикалық проблемалары кең ауқымда зерттелді. Қазақ қоғамдық-философиялық ой тарихын танып-білуде Қ.Бисембиев, М.Бурабаев, О.Сегізбаев, А.Оразбековтің атқарған еңбектері зор. Олар негізінен қазақ ағартушылығын, әдептілік, діни көзқарастарды зерттеп, іргелі ғылыми туындылар берді. Бұл еңбектерде маркстік-лениндік методология үстем болғаны да белгілі.
Тәуелсіздік жылдарында жарық көрген тарихи-философиялық зерттеулерден Ғ.Есімнің «Хакім Абай», М.Орынбековтің «Қазақстанның қоғамдық және философиялық тарихы», А.Қасабек пен Ж.Алтайдың «Қазақ философиясы», О.Сегізбаевтің «XV-XX ғасырлардағы қазақ философиясы», Т.Рысқалиевтің «Даналық пен түсініктің үлгілері», А.Нысанбаев пен Т.Әбжановтің «Адамға қарай бет бұрсақ», «Философияның қысқаша тарихы», Ж.Алтай, А.Қасабек, Қ.Мұхамбетәлидің «Философия тарихы», Ж.Молдабеков пен А.Қасабектің «Шығыс философиясы» және тағы басқа тарихи-философиялық процесті тануға арналған ірілі-ұсақты еңбектерді атауға болады. Бұлардың бәріне тән бір ерекшелік философия тарихын, ұлттық философияны жаңа, қазіргі заман талабына сай методологиялық үрдіс деңгейінде зерттеу болды. Алынған ғылыми нәтижелер, тұжырымдар мен пайымдаулар әлемдік философия тарихын жоғары деңгейде одан әрі зерделеп, дамытуға өзінің оң әсерін тигізді (Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы/ Қазақ философиясы. «Раритет», —Алматы: 2006. 301-бет). Енді, солардың ішіндегі ең биік тұлғалық дәрежеге жеткен философ-ғалымдарымызға тоқтала кетсек, олар – А.Қасымжанов, Ә.Нысанбаев, Ж.Әбділдин, Ғ.Есім және т.б.
...