Қазақстанның қазіргі дамуы мен көркеюі менің үлесім
Автор: Медет Анваров • Декабрь 8, 2021 • Эссе • 773 Слов (4 Страниц) • 1,570 Просмотры
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Ғұмарбек Дәукеев атындағы
«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Институт: Телекоммуникация және ғарыштық инженерия
Кафедра: Әлеуметтік пәндер кафедрасы
№2СӨЖ
Пән: «Философия»
Тақырыбы: «Қазақстанның қазіргі дамуы мен көркеюі менің үлесім»
Мамандық: Электр/Энергетика
Орындаған: Анваров Медет Тобы: Ээк-21-8
Қабылдаған: аға оқытушы Жарқынбаев Е.Е
2021 ж.
«Қазақстанның қазіргі дамуы мен көркеюі менің үлесім»
Қазақстан-тәуелсіз,егеменді ел.Біздің елде түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Күн санап түрлі ғимараттар,үйлер салынуда. Сан қилы салалар дамуда.Бір сөзбен айтқанда, еліміз дамып,гүлденіп жатыр. Осындай деңгейге жету үшін, тәуелсіз ел болу үшін халқымыз талай қиындықтардан өтті. Ел басы-Нұрсұлтан Назарбаевтың президент етіп халқымыз бекер сайлаған жоқ.Назарбаев халқына берген антында, елдің өркендеуіне берген уәдесін орындады және әлі де орындауда.
Ал енді, мен өз Отанымның өркендеуі үшін не істей алатыным жөнінде тоқталсам. Болашақта өз елімнің өркендеуі үшін аянбай еңбек етемін. Ең алдымен сапалы да, терең білім алсам деймін. Сол мақсатта өз мамандығым бойынша білім алудамын. Алматы қаласының, Алматы Энергетика және Байланыс университетінің бірінші курс студентімін. Болашақ мамандығым инженер-энергетик. Алдымен оқуымды жақсы оқып бітірсем деген ой бар. Сабағымды үнемі жақсы оқуға тырысамын. Оқуымды ойдағыдай аяқтаған соң инженер немесе энергетик боламын. Сол арқылы еліме халқыма көмектескім келеді. Елімізде шешімін таппай келе жатқан көптеген мәселелер бар, соларды шешуге үлесімді қосамын. Мысалы, айтатын болсам, білім беру, медицина, экология, экономика, саясат, тіпті тіл салаларында көптеген өзекті мәселелер бар. Солардың ішіндегі, білім беру саласындағы, білім беру деңгейін неғұрлым жоғырылауы үшін бар жағдайды жасаймын. Балалар мектеп қабырғасында оқып жүрген кезде дұрыс білім алуы тиіс. Осыны жүзеге асыру үшін, ең алдымен білімді мұғалімдер санын көбейтіп, мектеп жүйесін өзгерту қажет деп ойлаймын.Мектепте әр сабақ 40 минуттан болады. Осы уақыт аралығында мұғалім барлық балалардан үй жұмысын сұрап, жаңа тақырыпты толығымен түсіндіріп үлгермегендіктен қысқаша түсіндіреді. Сондықтан да, сабақ уақытының ұзартылғанын қалаймын. Тағы бір мәселе, жоғары сынып оқушыларына қатысты.Оларда күніне 6-7 сабақ болып тұрады. Оған қосымша, барлық сабақтардан берілетін үй тапсырмалары мен күнделікті ҰБТ-ға дайындықта бар. Соның салдарынан оқушыларда сапалы дайындық жасауға мүмкіндік болмайды. Күнделікті болып тұратын сабақ санының азайғанын дұрыс деп ойлаймын. Тағы бір қосатыным ҰБТ мәселесі. Мектеп оқушылары тапсыратын ұлттық біріңғай тестілеу жүйесін алып тастауды жөн көремін. Менің ойымша,ҰБТ жүйесі мектеп оқушылары үшін дұрыс емес. Бұл жүйе оқушыларға қатты әсер етіп, зардабын тигізуде, тіпті өз-өздеріне қол жұмсап жататын оқушылар да болады.
...