ХХІ ғасыр және Ыбырай
Автор: gulia8630 • Апрель 25, 2022 • Эссе • 1,036 Слов (5 Страниц) • 247 Просмотры
ХХІ ғасыр және Ыбырай
(эссе)
Мен тірі болсам,
қазаққа қызмет қылмай қоймаймын.
Ә.Бөкейханов
Бір құдайға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық! - Ия, осы бір өлең жолдары біз алғаш әліппенің
бетін ашқанда көзге оттай басылушы еді. Алғаш әріп танытқан ұстазымыз ең алдымен бізге Ыбырай Алтынсарин туралы біраз мағлұмат айтып кететін. Сол кезде алты-жеті жасар менің көз алдыма: алып денелі, көзі ашық, саяси сауатты үлкен ата елестейтін. Міне, араға 28 жыл салып сол үлкен даналықтың иесі, ұлы ұстаз, қоғам қайраткері Ыбырай ата туралы ой жазып отырмын.
XIX ғасырдың шоқтығы биік тұлғалары: Шоқан, Абай, Ыбырайлар ең алғаш қазақ балаларына арналған орыс мектебінде оқып, терең білім алып, орыс халқының өнер-білім, техникасын меңгерді. Абай, Шоқан сынды Ыбырайдың орыс достары көп болды. Солар арқылы орысша білімдерін жетілдірді. Өзі жазған оқулықтарды қазақ жастарының талап-тілектеріне қарай бейімдеп құруға зер салды. Ұлы ағартушы сол арқылы мәдениеттен кенже қалған қазақ халқын өнерлі, білімді елдердің қатарына қосуға батыл қадам жасап, тыңнан жол салды.
Біз, Ыбырай Алтынсаринді қазақ балаларына ең алғаш мектеп ашқан ұстаз, «Қазақ хрестоматиясы» оқулығының авторы ретінде білеміз. Алайда осы ұстаздық, жазушылық жолында қандай қиындықтарды игергенін аса біле бермейміз. Сондағы Алтынсариннің мақсаты не?
1864 жылы ең алғаш Орынбор қаласында тұңғыш рет қоңырқай үні естіліп, қазақ балаларына арнап мектеп ашты. Осы жайында ағартушы, ұстаз, өзінің қамқор-тілеулесі, досы Н.И.Ильинскийге жазған хатында: «Көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды, оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар. Олар енді небәрі үш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін болды. Кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік жағынан әсер етуге бар күшімді салып отырмын. Менің үнемі ұмтылған тілегім: қалай да пайдалы адам болып шығу еді. Қазір осыған қолым жетіп отыр...» - деп жазды.
Өз туған халқын ерекше жақсы көрген, оның сол кездегі аянышты халіне күйініп, болашағына зор үмітпен қараған ұстаз, артта қалған ел-жұртын қатарға қосудан басқа міндеті бар деп ойламаған. Ыбырай атамыз сол кезеңде қазақ балаларының парақор болып шықпауына ықпал жасап, көбінесе адамгершілік жағынада аса мән берген. Балаға білім беруде, тәрбиенің де ұштасып жүретінін баса көрсеткен. Ұлы ойшыл Әбу-Насыр Әл Фараби бабамыз: «Тәрбиесіз берген білім-білім емес»-деп бекер айтпаған. Яғни, біз қазір ұрпаққа тәлім беруде Алтынсарин методикасына қайта оралғанымызды байқаймыз.
Сондай-ақ Алтынсарин, мектептегі мұғалімнің рөліне үлкен мән берді, оның балаларға білім берудегі басты тұлға екенін дұрыс түсініп бағалады.
Ы.Алтынсариннің ұстаздық, тәрбиешілік қызметі жастарды өнер-білімге, техниканы игеруге шақыру, сол арқылы қазақ даласын жайлаған қараңғылық пен надандыққа қарсы батыл күрес ашуға бағындырылды. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінде ақын оқу – білімнің пайдасы мен қараңғылық-надандықтың зиянын салыстыра отырып сипаттайды.
Оқысаңыз,балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар,-деп ең алдымен, оқудың өмірдегі орнының
аса зор екенін баса көрсетеді.
Ақынның:
Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды
Айшылық алыс жердерден
Көзіңді ашып –жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды,
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді
Отынсыз тамақ пісірді
Сусыздан сусын ішірді- деген өлең жолдарында бұл аталған заттар
қазақ балалары үшін ми жетпейтін сиқыр болып көрінді. Бейнелеу өнерін ұтымды пайдаланған ақын, жұрт ұғымында жоқ заттарды қарапайым тілмен ұғындыруға тырысты, яғни бұл деген-қазақ балаларының зерде-зейінін ұштап, ұшқыр қиялды етіп тәрбиелеуге тікелей қызмет етіп тұр. ХХІ ғасыр осы өлеңнің айқын дәлелі ма? Ақпараттық техникалық құрылғының арқасында айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алып отырмыз, техниканың арқасында биік-биік сарайлар салып, ұшақтарға мініп, аспан көгінде жер-жерлерге саяхаттап жүрміз, отынсыз тамақ ішіп, көгілдір отынды қолданып жүрміз.
...