Фрейд және Юнг:психоанализ және аналитикалық психология ерекшеліктері
Автор: Molyaa_00 • Октябрь 13, 2021 • Эссе • 1,064 Слов (5 Страниц) • 618 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛГІ
«ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ
Журналистика факультеті
Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік
өнер кафедрасы
[pic 1]
СӨЖ
Тақырып: «Фрейд және Юнг:психоанализ және аналитикалық психология ерекшеліктері»
Орындаған: Мөлдір Асқарова
Тексерген: Назгүл Құдайбергенова
Алматы 2021
Мазмұны
I.Кіріспе
- Психоанализ және аналитикалық психология
II.Негізгі бөлім
1.Фрейд және Юнг психологияларының ерекшеліктер
III.Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Тақырыпты бастамас бұрын, психонализ бен аналитикалық психологияға анықтама бере кетейін. Психотерапия ретінде психоанализ XIX ғасырда пайда болған болатын.Және бұл терминнің негізін қалаған – австриялық психоаналист З.Фрейд еді.Ал енді осы «психоанализ» деген не? десеңіз: психоанализ-психикалық бұзылуы бар науқас адамды емдеуге арналған әдіс.Және бұнда қиял мен армандар туралы тақырыптар қозғалады.Және оның бірнеше принциптері бар,олар:біздің балалық шағымыздағы түрлі оқиғалармен ерекшеленеді және Фрейдтің ойынша, біздің жеке басымыздың қалыптасуы без жасымызда басталады екен.Сонымен қатар,біздің мінезімізге,құлқымызға бейсаналық импульстер әсерін тигізеді делінген.Қысқаша айтар болсам,психоанализ адамға өзін түсінуіне ықпал жасап, көмектеседі.Ал,енді, аналитикалық психология дегеніміз-адам түрінің біздің дамуымызға әсер ететін ұжымдық бейсаналық типке ие екенін көрсететін ұғым.Оның негізін қалаушы швейцариялық психолог К.Юнг.Және бұл аналитикалық теория қазіргі кездегі ойшылдардың ең керемет жетістігі болып табылып отыр.
...