Философия қандай рухани құндылықтарды зерттейді
Автор: farizacake • Ноябрь 17, 2022 • Практическая работа • 567 Слов (3 Страниц) • 302 Просмотры
1. Философия қандай рухани құндылықтарды зерттейді?
Философияда құндылық формаға байланысты екіге бөлінеді: материалдық және рухани құндылықтар. Рухани құндылықтар адамда тәрбие алу процесінің басынан бастап пайда болады және өмір бойы дамиды, сонымен қатар әртүрлі өзгерістерге ұшырайды. Рухани құндылықтарға дүниетанымдық-философиялық, адамгершілік, эстетикалық құндылықтар жатады. Дүниетанымдық құндылықтар адамды ғарышпен, кеңістікпен, уақытпен және жалпы табиғатпен, болмыстың өлшемі ретінде байланыстырады. Дүниетанымдық құндылықтар адамға деген көзқарасты, оның әлемдегі орны жайлы идеяны анықтайды. Адамгершілік құндылықтар адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттейді. Олардың арасында жеткілікті қатаң жазылмаған заңдарды, принциптерді, ережелерді, нормалар мен тыйымдарды бекітеді. Мұнда негізгі адамгершілік құндылықтар адалдылық, ар-намыс, жауапкершілік, патриотизм, парыз, ұжымшылдық, еңбекқорлық. Эстетикалық құндылықтар үйлесімділік, әділеттілік, тұтастық және кемелдік туралы тамаша идеяларды қамтиды. Ол адамның рухани мәдениетімен және оның күшті сезімдерімен тығыз байланысты. Әдемі, асқақ, қайғы, және күлкі негізгі эстетикалық құндылықтар. Қорыта келе, рухани құндылықтар адамның мінез-құлқын анықтайтын нұсқаулық ретінде қызмет етеді. Адам этика, мораль, адалдық, бейбітшілік және т.б. белгілі бір құндылықтар жиынтығымен байланыстыра отырып, қоғамдағы орнын анықтайды, және өзін белгілі бір әлеуметтік топтарға жатқызады.
2. Сана мен мидың айырмашылығы неде?
Ми физикалық материядан тұрады, ал сана физикалық емес материядан. Толықтырып айтсақ, ми - жасушалардан, қан тамырлардан және жүйке жүйесінен тұрады. Ол адамның бассүйек қуысында орналасқан, және адамның негізгі электрохимиялық нейрондық процестерге жауапты физикалық және биологиялық материя ретінде анықталады. Адам мисыз өмір сүре алмайды. Сана мида орналасқан, және сол мидың көмегімен өмір сүреді. Сананы миға қарағанда қолмен ұстап, зерттей алмаймыз. Өйткені ол ешқандай материалдан жасалмаған. Сана – бұл эмоциялардан, ойлардан, естеліктерден және сезімдерден құрылған жиынтық. Жалпы сана қоғамның ортасында қалыптасады және дамиды. Мен үшін, сана әртүрлі ақпараттар алатын компьютерге ұқсайды. Ал оның барлық дереккөздері біздің күнделікті тәжірибемізден басталып өткен естеліктерімізге дейін болуы мүмкін. Бұл естеліктер санада сақталып, бірнеше жаңа ойлардың қалыптасуына әсер етеді. Ал ми ойлардың өмірге келуіне, яғни болашақта жасалатын іс-әрекеттерге жауап береді. Сонымен, “ми” мен “сана” ұғымдарының арасында көп айырмашылықтар бар. Ми – бұл зат ретінде өмір сүретін адамның маңызды мүшесі, ал сана – бұл зат ретінде өмір сүрмейді, бірақ адамның “рухани миы” ретінде анықтауға болады. Ол тек адамдарға тән қасиет, себебі жануарларда сана жоқ.
...