Ф.Энгельстің философиялфқ көзқарастары
Автор: zhandildaeva • Сентябрь 19, 2021 • Реферат • 501 Слов (3 Страниц) • 578 Просмотры
ФРИДРИХ ЭНГЕЛЬС
(28 қараша, 1820ж, Бармен, қазіргі Вупперталь – 5 тамыз, 1895ж, Лондон)
— неміс философы, марксизмнің негізін қалаушылардың бірі, Карл Маркстың досы, әрі жақын әріптесі.
Маркстің еңбек адам санасы қалыптасуы мен дамуының материалдық негізі деген, сондай-ақ, адамзат қоғамы дамуындағы экономиканың басымдығы туралы идеялары Ф.Энгельстің еңбектерінде жалғасын тапты.
Шығармалары:
«Анти-Дюринг» (1876-1878ж.ж.), «Табиғат диалектикасы» (1873ж.) «Маймылдың адамға айналу үдерісіндегі еңбектің рөлі», «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығу тегі» (1884ж.) және т.б.
Ф.Энгельс өзінің осы соңғы еңбегінде қоғамдағы отбасы мен әйел статусының меншік формалары мен өндіріс тәсілдері эволюциясы ықпалымен тарихи даму барысында өзгерістерге ұшырағанын дәлелдеуге тырысады. Ф.Энгельс отбасы мен неке формаларының эволюциясы қандай жолмен жүзеге асатынын, әйелдер эксплуатациясы мен маргиналдануының күшейгенін жан-жақты ашып берді. Ф.Энгельс экономика негізіндегі гендерлік рөлдердің (еркек және әйел) айырмашылығы туралы пікірталас қалыптасуына ықпал етіп, әйел статусы мен оның эмансипациясы, дәстүрлі неке институтының өзгерісі мен әйелдердің еркектерге бағыныштылығын жою туралы мәселелерді көтерді.
Ф.Энгельс сондай-ақ табиғат диалектикасы, болмыс субстанциясы ретіндегі материя туралы идеяларды, материя қозғалысы формаларының классификациясын, материя атрибуттары ретіндегі уақыт пен кеңістік туралы жағдайды, әлемнің материалдық тұтастығы туралы идеяларды жасап шығарды («Анти-Дюринг», «Табиғат диалектикасы»). Ф.Энгельстің пікірінше, диалектика – бұл табиғаттың, қоғамның және адамзат ойлауының жалпы байланысы мен дамуы туралы ілім. Диалектикалық даму – бұл материалдық үдерістердің, қоғамдық жүйелердің, сондай-ақ, теориялық идеялар өзгерісінің күрделі, қайшылықты, үдемелі үдерісі. Сонымен, бүкіл әлем – бұл өзгерістер мен алмасулардың үнемі және шексіз үдерісі, ал осы өзгерістердің қайнар көзі қарама-қайшылықтардың күресі болып табылады. Ф.Энгельс «Анти-Дюрингте» диалектикалық дамудың жалпы заңдары сипаттамасына арнайы тоқталады: қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі заңы, сандық мөлшерден сапаға көшу заңдылығы, терістеу заңы.
Егер қарама-қайшылықтардың
...