Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Саясатты түсіндіруге бағытталған парадигмаларды жекелеп талдауға арналған тақырыптық рефераттар

Автор:   •  Октябрь 15, 2025  •  Реферат  •  922 Слов (4 Страниц)  •  47 Просмотры

Страница 1 из 4

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

[pic 1]

Факультеті: Философия және саясаттану

Кафедрасы: Саясаттану

СӨЖ

Орындаған: Жумабек Санжар Нуриұлы

Тақырыбы: “Саясатты түсіндіруге бағытталған парадигмаларды жекелеп талдауға арналған тақырыптық рефераттар”

Алматы, 2025ж

Жоспар:

  1. Кіріспе;
  2. Натуралистік парадигма;
  3. Тиімді-сыни парадигма;
  4. Теологиялық парадигма;
  5. Әлеуметтік парадигма;
  6. Қорытынды            

Кіріспе

«Парадигма» ұғымын XX ғасырдың 20 жылдарында ғылыми әдебиетке алғаш енгізген америка философы және қоғам тарихын зерттеушісі -Г.Кун. Парадигма – белгілі бір мәселені шешуде негізге алынатын теориялық үлгі. Саясаттану ғылымында парадигма дегеніміз – саяси өмірді түсіндіру мен сипаттауда білімді жүйелеудің логикалық тәсілі, яғни әлеуметтік құбылыстардың белгілі бір тобын теориялық тұрғыдан талдауға арналған негізгі ғылыми бағыт.

            Саясаттану ғылымында парадигмалардың төрт түрі бар. Олар: натуралистік, тиімді-сыни, теологиялық және әлеуметтік парадигмалар.

Натуралистік парадигма

Натуралистік парадигма саясатты қоғамнан бөлек, табиғи факторлар арқылы түсіндіреді. Ол саяси құбылыстардың себебін географиялық орта, биологиялық және психофизиологиялық ерекшеліктермен байланыстырады. Бұл парадигма мемлекет пен биліктің табиғи жолмен пайда болып, олардың өмір сүруі мен дамуы табиғи қажеттілікке негізделген деп есептейді.

Және бұл парадигма теологиялық бағытқа қарсы идея ретінде қалыптасты. Ол саясаттың мәні мен бастауын түсіндіруде құдайлық не тылсым күштерге сүйенбей, оларды жердегі, яғни нақты өмірдегі себептер арқылы түсіндіруге ұмтылды. Сондықтан саяси құбылыстардың негізін аспаннан емес, адамдардың шынайы өмірінен іздеу керек деп есептелді. Мысалы, климат, жергілікті жердің рельефі, адамдар қауымдастығының өмір сүру ортасы, су бассейнінің болуы сияқты аймақтық ерекшеліктерді жатқызсақ болады. Бұл ерекшеліктер мемлекеттердің саясатына ықпал ете алады. Ол туралы ежелден Платон, Гиппократ сияқты ойшылдар айтқан, бірақ теория жүзінде ғылымға енгізген француз ойшылы Ж. Боден болды. Оның ойын әрі қарай жалғастырған Шарл Луи Монтескье болды.

Қазақстан бойынша мысал келтірейін. Біздің елімізде әлемдік мұхитқа баратын жол жоқ, алайда Қазақстанның жері өте үлкен және Азия мен Европа құрлықтарында қатар орналасқан. Осыны ескере отыра Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды құрлықтық сауданың орталығы ретінде дамыта бастады, яғни бұрынғы Ұлы Жібек Жолының сауда жолдарын қайта жандардырғысы келді. Міне, осылайша Қазақстан өз саудасын дамыта бастады деп айтуға болады.

Тиімді - Сыни парадигма

Бұл парадигма саясаттың мәнін оның өз ішкі себептері, қасиеттері мен құрамдас бөліктері арқылы түсіндіреді. Ол екі бағытқа бөлінеді: жанжалдық парадигма және мәмілеге келу парадигмасы.

Жанжалдық парадигма XIX ғасырда қалыптасқан. Оның негізін қалаушылар — К. Маркс, А. Бентли, Г. Зиммель, Л. Козер және басқа ғалымдар. Олар саяси өмірдің дамуында қақтығыстар мен қайшылықтар шешуші рөл атқарады деп санаған. Бұл идеяны қазіргі кезде Р. Дарендорф, Дж. Бертон, К. Ледерер сияқты зерттеушілер жалғастыруда.

Ал мәмілеге келу парадигмасының өкілдері — М. Вебер, Дж. Дьюи, Э. Дюркгейм және Т. Парсонс. Олар да саяси өмірде қайшылықтардың болатынын жоққа шығармайды, бірақ басты назарды келісім мен өзара түсіністікке аударады. Олардың пікірінше, халықтың ортақ мақсаттары мен құндылықтарының бірлігі қоғамдағы жанжалдарды саналы түрде реттеп, тұрақтылық пен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді. Бұл бағыт өкілдері саяси мәселелерді шешуде күш қолдануға және қоғамның революциялық жолмен дамуына қарсы болған.

...

Скачать:   txt (13.7 Kb)   pdf (345.1 Kb)   docx (1.1 Mb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club