Сана, рух және тіл
Автор: Улжалгас • Февраль 25, 2023 • Лекция • 1,763 Слов (8 Страниц) • 267 Просмотры
Дәріс 2. Сана, рух және тіл
ЖАН — кейде психика терминінің синонимі ретінде қолданылатын сөз. Бұл ұғым философия тарихында, идеализмде ерекще бейматериалдық субстанциямен барабарландырылған, адамның ішкі жан дүниесі туралы көзқарасты білдіреді.
Алғашқы адамдардың түсінігінде жан материалдық бірдеме (қан. дем және т. б.) сияқты ұғым берді.
Дінде жан өз бетінше, денеден тәуелсіз, о дүнйеде тіршілік ететін денесіз бірдеме, мәңгі өлмейтін биматериалдық күш деп ұғындырылды.
Идеалистік философияда жан сананың әрқилы элементтерімен барабарландырылады. Платон философиясында — бұл мәңгілік идея, Гегельде — материямен байланысын білдіретін (сезілетін, түрткі болатын) рухтың төменгі, сезім-түйістіктің көрінісі.
Дуалистик ілімдерде жан денемен қатарласа өмір сүретін, бастапқы бірдеме ретінде қаралады (Декарт, Спенсөр, Вундт, Джемс).
Материализмде (Демокрит, метафизикалық материализм) жан денеге тәуелді, екінші, туынды нәрсе ретінде қаралса да, сонымен қатар психикалық іс-әрекет механикалық жүйе физ.-хим процестермен теңестірілген. Ал, кейбір жекелеген философ-материалистер дүние заттарының жалпы бәрінде де болатындығы туралы (Гилозоизм) ұйғарым жасаған.
Қазіргі жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, жан туралы ғылымға жат, идеалистік түсініктердің жалғандығын әшкерелей алатын, адам психикасы туралы шынайы ғылыми тұжырым жасалуда.
АҚЫЛ немесе ИНТЕЛЛЕКТ (лат.. іntellectus — түсіну, ұғыну, танып білу, ақыл-ой)— жоғары дамыған және қүрделі миы бар организмдердің психикалық қызметінің айрықша функциясы; ақпар алуға, оны сақтауга, өңдеуге және беруге, жаңа білімдер қорытып шығаруға, жеткілікті негізделген шешімдер қабылдауга, алға қойылатын мақсаттарды тұжырымдап, соларға жетуге бағытталған іс-әрекеттерді қадағалауға, қоршаған ортада болатын хал-ахуалдарды дұрыс бағалауға қабілеттілік.
Ақыл-ой өңдейтін хабардың аса маңызды қайнар көзі және ол қорытып шыгаратын білімдерді, шешімдер мен мақсаттарды қолданудың объектісі — объективтік дүние. Осы тұрғысында адамиың ақыл-ой немесе интеллектілік қызметі объективті шындықты өзгертуге бағытталған қызметтің негізінде бейнелендіру болып табылады.
Еуропалық философияның дәстүрінде ақыл-ой қызметінің негізгі деңгейлері ретінде ақыл-парасат пен пайымдауды бір-бірінен ажыратып көрсетеді. Пайымдау әлеуметтік-тарихи және мәдени даму процесінде және жеке адам қызметінің барысында қалыптасқан нормалар мен қалыптар шеңберіңен шықпайтын ақыл-ой қызметі ретінде қарастырылса, ақыл-парасат — ақылдың мүлдем жаңа білімдер қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық қабілет ретінде қарастырылады.
Ақыл жастан, асыл тастан.
Ақылды ісіне сенеді,
ақымақ түсіне сенеді.
Метафизика және жаратыластану-ғылыми материализм ақылды мидың нейрофизиологиялық қызметі деп қана түсіндіреді.
Диалектикалық материализм ақылды және бүкіл психикалық қызметті мидың функциясы деп біледі, бірақ оны бүтіндей нейрофизиол. процестерге жатқызуға болмайды, ойткені ол хабар беретін белгілерді қолданады және өзгермелі әлеум-тарихи практиканың негізінде, адамзаттың қоғамдық және мәдени даму процесінде қалыптасып дамиды.
Қазіргі уақытта компьютерлердің кеңінен қолданылуына және «жасанды интеллекттің», яғни цифрлік технологияда бірқатар ақыл-ой жұмыстары мен операциаларын (логикалық қорытынды жасауды, диагностикаға эксперттік баға беруді, матем. есептеулерді, теқсті оқуды, бейнелерді тануды т. б.) орындай алатын күрделі бағдарламалар жүйесінің жасалуына байланысты ақыл-ой қабілеттерін зерттеудің маңызы ереқше артып отыр.
...