Сана, рух және тіл
Автор: AAA_igera2601 • Сентябрь 28, 2021 • Лекция • 261 Слов (2 Страниц) • 795 Просмотры
Дәріс тезистері
Сана, рух және тіл
1. Сана болмысы деген не?
2. Тілдің санаға әсері қандай және ол неден көрінеді?
3. Рух факторы деген не?
4. Тіл, ой және әрекет арасындағы байланыстан нені көруге болады?
Сана – философияның зерттеу объектісі. Философия – қоғамдық сананың маңызды формасы ретінде көрініс беретін, болмыс пен танымның жалпылама заңдылықтары туралы ойлар мен идеялардың жиынтығы. Демек, болмыс пен сана философияның зерттеу объектілері болып табылады.
Өзге ғылымдардың бәрі болмысты, дәлірек айтқанда, оның бір құраушы элементін зерттейді. Мысалы, астрономдар – аспан денелерін, географтар – жер бедерін, ботаниктер - өсімдіктерді, зоологтар – жануарларды, тарихшылар – адамзаттың басынан өткергенін, физиктер – қозғалысты, химиктер – элементтердің қасиеттерін,... зерттейді. Ал философияның болмысты зерттеуінің мәні бұлардан өзгеше. Философия болмысты тұқтастай қарастыра отырып, оның генезисіне үңіледі, қазіргісіне сипаттама береді және бұдан былайғы даму бағыттарын айқындауға тырысады.
Сананы, екінші сөзбен айтқанда, ойлау мен танымды алатын болсақ, ол – адамға ғана тән, әлі қыры мен сыры ашылмаған, тылсым, психикалық үдеріс.
Кейбір философтар, мысалы, материалистік бағыттағы ойшылдар ойлау мен танмның экономикалық жағдаймен айқындалатынын алға тартады. Бірақ, философтардың бәрі бұл тұрғыны қуаттамайды, адамның сана деңгейі оның рухани даму жағдайымен айқындалады деп есептейді.
* * *
Тіл және
...