Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сана, рух және тіл

Автор:   •  Сентябрь 17, 2020  •  Лекция  •  1,554 Слов (7 Страниц)  •  22,423 Просмотры

Страница 1 из 7

Дәріс тезистері

Сана, рух және тіл

1. Сана болмысы деген не?

2. Тілдің санаға әсері қандай және ол неден көрінеді?

3. Рух факторы деген не?

4. Тіл, ой және әрекет арасындағы байланыстан нені көруге болады?

Сана философияның зерттеу объектісі. Философия – қоғамдық сананың маңызды формасы ретінде көрініс беретін, болмыс пен танымның жалпылама заңдылықтары туралы ойлар мен идеялардың жиынтығы. Демек, болмыс пен сана философияның зерттеу объектілері болып табылады.

Өзге ғылымдардың бәрі болмысты, дәлірек айтқанда, оның бір құраушы элементін зерттейді. Мысалы, астрономдар – аспан денелерін, географтар – жер бедерін, ботаниктер - өсімдіктерді, зоологтар – жануарларды, тарихшылар – адамзаттың басынан өткергенін, физиктер – қозғалысты, химиктер – элементтердің қасиеттерін,... зерттейді. Ал философияның болмысты зерттеуінің мәні бұлардан өзгеше. Философия болмысты тұқтастай қарастыра отырып, оның генезисіне үңіледі, қазіргісіне сипаттама береді және бұдан былайғы даму бағыттарын айқындауға тырысады.  

Сананы, екінші сөзбен айтқанда, ойлау мен танымды алатын болсақ, ол – адамға ғана тән, әлі қыры мен сыры ашылмаған, тылсым, психикалық үдеріс.

Кейбір философтар, мысалы, материалистік бағыттағы ойшылдар ойлау мен танмның экономикалық жағдаймен айқындалатынын алға тартады. Бірақ, философтардың бәрі бұл тұрғыны қуаттамайды, адамның сана деңгейі оның рухани даму жағдайымен айқындалады деп есептейді.

* * *

Тіл және сана. Тіл – жанды табиғаттың өмірлік қызметі үдерісінде танымдық және қатынастық міндет атқаратын белгілер жүйесі. Сөйлеу – тек адамға ғана тән, оны өзге организмдерден бөліп тұратын, ерекше қасиет. Адамзат дамуының алғашқы кезеңінде, еңбек және қорғаныс құралдары әлі жетілмей тұрғанда, өмір үшін күрес ширығып, адамның өзін өзі сақтап қалуы ұжымдық әрекетке тәуелді болған жағдайда тілдің қажеттігі туды. Еңбек үдерісін жақсарту үшін адамдар өзара байланыста болуы, ақпарат алмасуы қажет болды. Тіл адам ойының дамуында шешуші рөл атқарып, оладың өміріне маңызды өзгерістер алып келді.

Біртіндеп адамдардың бірі бірімен қауышып, пікір алмасуы күрделілене және түрлене берді. Қару дайындау және оны пайдалану, аңдарды айдап кіргізетін тосқауыл жасау, бағыттау, ұстау жұмыстарын атқару барысында ұжымның барлық мүшелеріне түсінікті сигналдар жүйесі пайда болды және уақыт өткен сайын жетіле берді.

Белгілі бір объектілер тобы үшін қолданылатын жалпылама белгілер еңбек үдерісіне қатысушылардың тануы үшін де жалпылама болуы тиіс болды. Бұл талаптарды, тек көруге негізделгендіктен, ишаралар атқара алмады.

Ұжымдық еңбекте адамдар бірін бірі үнемі көріп жүрмейді. Сондықтан, оқиғалардың, заттардың белгілі бір топтарына олардың жалпылама қасиеттерін көрсете алатындай тілдік белгілердің дыбыстық жүйесі қажет болды. Құбылыстардың тұтас тобына тән жалпы белгілердің (жүру, жүгіру, ұру, лақтыру) көрініс беруі мен шағылуы олардың арасындағы айырмашылықтарды бөліп алу, олардың тәуелділіктері мен байланыстарын қарастыру үшін ойлау қажеттігі туды.

* * *

Дүние жүзiне танымал тiлтанушы данышпандардың бiрi – Вильгельм фон Гумбольдт: «Адамдардың халықтарға және тайпаларға бөлiнуi және олардың тiлдерiнiң әр түрлiлiгi арасында, әрине, өзара байланыс бар, алайда сонымен қоса, олардың бәрi олардан да жоғары реттегi үшiншi құбылысқа – әр қашанда жаңа және көбiнесе мейiлiнше жетiлген формада көрiнетiн адамның рухани күшiнiң әрекетiне тәуелдi»- дегендi айтқан екен [9: 46]. Осы ойын шыңдай келе ол келесі бір тұста тілді оның иесi болып отырған халықтың рухының сыртқы көрiнiсi ретiнде қарастырады. «Халық тiлi – оның рухы, халықтың рухы – оның тiлi, бұлардан басқа осындай шендесетiндi табу қиын»- деп категориялы қорытынды шығарды [9: 68]. 

...

Скачать:   txt (21 Kb)   pdf (132.2 Kb)   docx (16.4 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club