Сана және бейсаналық
Автор: aksunkarzh002 • Апрель 18, 2021 • Эссе • 574 Слов (3 Страниц) • 2,041 Просмотры
Жалпы, болмыстың таңғажайып түрі – ол сана, рух, дәлірек айтқанда адамның психикасы болып табылады. Сана мәселесі философиядағы басты және күрделі мәселелердің бірі, себебі сана – материя емес, оны көру, өлшеу, дәмін сезіп, иісін анықтау секілді сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес. Бізді басқа тіршілік иелерінен ерекшелендіретін, сондай-ақ адам мен қоршаған орта арасында байланысты жүзеге асыратын да – ол біздің санамыз. Сол себепті қазірге кезге дейін философия тарихында сана, бейсана ұғымдарының төңірегінде түрлі көзқарастар айтылып, пікірталастар жүріп отыр. Сана мидың айналасындағы объективтік шындықты бейнеленуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Сондай-ақ сана мисыз өмір сүре алмайды, ал біздің түсініктерімізге әсер ететін – сыртқы дүние, сол әсерлер орталық жүйке жүйелері арқылы адам миына жетеді. Ми оларды қорытады, шешім жасайды. Әрине, адам ми арқылы ойлайды, бірақ оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуінде. Ми – ең алдымен объективті ақиқатты дәл, былайша айтқанда, сыртқы дүниені дұрыс бейнелейтін орган. Бірақ сана мен объективті ақиқат ешқашан да мейлінше дәлме-дәл болмайды. Сана – оның идеалдық бейнесі. Бұл – дәлдік пен айырмашалық диалектикасы. Сананың мәнінде білім жатыр. Ал оны туғызатын танымдық ізденіс. Әр нәрсені білуге, түсінуге деген талпыныс, ізденіс сананы құрастырады. Сана – материядан мүлде өзгеше сапа, рухани құбылыс.
Адам санасының ең маңызды қасиеттерінің бірі – белсенділігі.
Болмыстық тұрғыда, сана – адамның ішкі жан-дүниесі, адам белсенділігінің психикалық деңгейі, яғни нақтылай келгенде, ол адамның ой толғаулары. Ойлау, рационалдық таным – сананың өзегі болғанмен, оған адамның сезім толқындары да кіреді: адам қуанады, ренжиді немесе мұңайып, ашуланады, шаттанады, сүйеді, жек көреді және тағы да басқа. Егер біз кең түрде адамның психикасын қарастырар болсақ, оған санамен қатар бейсаналық та кіреді. Кейбір жағдайларда адам санаға сыймайтын, оған қарсы нәрселерді жасауы мүмкін. Бейсаналықты ашу, оның құрылымын, адамның жеке өмiрiне, қоғамға тигiзетiн әсерiн зерттеу - Фрейдтiң ғылымға еңгiзген жаңалығы болды. Бейсана – адамның жан
...