Орта ғасырдағы христиан дінінің қоғамдағы орны мен қызметі
Автор: toleukhanakbope • Февраль 12, 2019 • Лекция • 749 Слов (3 Страниц) • 1,923 Просмотры
Сабақ жоспары: Орта ғасырдағы христиан дінінің қоғамдағы орны мен қызметі.
Мақсаты: Сабақ туралы қысқаша мағлұмат беру арқылы оқушылардың бойында cабаққа деген қызығушылын сезіндіру.
Топтағы оқушылар саны: 25 оқушы .
Топқа бөлгендегі оқушылар саны: 6 оқушыдан.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар христиан діннің бағыттары мен Еуропадағы қоғамдық орнын білуі, және діни сауаттылығын жоғарлату.
7 модульдің қолданылуы: АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Оқушыларға христиан діні туралы мәлімет:
Христиан діні (гр. Χριστός, Khristos, cөзбе-сөз аудармасы мәсіхтелгендер) – әлем бойынша ең көп таралған дін. Христиандардың басым бөлігі Исаның Құдайдың ұлы және Көне өсиетте айтылған адамзатты құтқарушы екеніне сенеді. Сондықтан, христиандар Исаны Христ немесе Мессия көреді. Христиандық дін ілімі қасиетті жазу көне және жаңа өсиеттерге негізделген. Христиандық б.д.д. I ғасырда Рим империясының қүрамында шиеленіскен экономикалық, саяси, қоғамдық-психологиялық, әлеуметтік және этникалық теңсіздік жағдайында, езгіде болған Палестинада пайда болды.
Христиан діні догматикасы IV–VI ғасырларда қалыптасты.
Христиан догматтары үлкен тартыс-таластар арқылы жүйеленді. Бірақ, діни таластар догматтардың канондығын анықтаған соң да тоқталмады. Ақырында бұл таластар христиан шіркеуінің әртүрлі ағымдарға бөлінуіне алып келді. Орта ғасырлардан бастап Рим шіркеуі христиандарды өзіне бағындыруға тырысты. Бұған шығыстағы Византия қарсы болды. Нәтижесінде IX–XI ғасырларда Христиан діні Батыс шіркеуі (католиктер) және Шығыс шіркеуі (православтар) болып екіге бөлінді. XVI ғасырда католик шіркеуінен протестант шіркеуі бөлініп шықты. Сөйтіп, даму барысында Христиан діні негізгі үш тармаққа (православие, католик, протестантизм) бөлінді және олардың әрқайсысының өз ішінде әртүрлі ағымдар мен бағыттар пайда болды.
Сабақты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:
«Сұраққа жылдам жауап».
Тақырыпты терең түсіну және оқушылардың назарын сабаққа аударып,ой-өрісін дамыту мақсатында төмен дәрежелі сұрақтарға толық жауап қайтару тапсырыңыз.
«Алфавит тізбегі»
Оқушылар өткен тақырып бойынша алған білімдерін алфавиттегі әріптерден басталатын сөздерді кезекпен атап шығу керек.
«Суретке қарап мәтінді құрастыру» өте тиімді тәсіл .
Оқу шапшандығын , және өз ойын еркін жеткізу қабілетін дамытудағы үлесі зор екендігіне көз жеткіздім.
Қоланылатын құралдар:флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер.
Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалімнің іс әрекеті:
Оқушыларды топқа бөлу.
Алтын ереже құру қажеттілігі туралы айту.
Әр топқа бағалау парағын таратып беру.
Оқушының іс-әрекеті.
Оқушылар топ-басшысын сайлауы.
Топ ішіндегі тәртіптің сақталуы.
Бағалау парағымен жұмыс жасауы
Әр топ өз мүшелеріне белгілі бір қызмет түрін меңгеруі
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Тренинг:
Сұрақ-жауап:
Топқа «Сұрақ-жауап» парағын ұсыну.
1-топқа :
1. Христиан діні қай жерде пайда болды?
2. Христиан дінін таратқан адамдар қалай аталды?
3. Еуропада христиан дінінің таралуы қанша уақыт алды?
2-Топқа:
1. Христиандар Иса пайғамбарды кім деп есептеді?
2. Нешенші жылы христиан діні екіге бөлінді?
3. Қандай белгі Христиан дінінде сыйынуды білдіреді?
3-Топқа:
1. Нешенші ғасырда христиан діні екіге бөлінді?
2.Католик шіркеуінің басшысы қалай аталды?
3.Православие шіркеуінің орталығы қай қала болды?
4-Топқа:
1. Орта ғасырларда христиан дінің кімдер өзіне бағындырғысы келді?
2.Басқа діндегі тайпалар арасында өз дінін тарататын адамдар кімдер?
...