Модульдiк окыту технологиясынын бiлiм сапасына əсерi
Автор: mgm_7 • Сентябрь 29, 2018 • Реферат • 3,304 Слов (14 Страниц) • 992 Просмотры
1. МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ БІЛІМ САПАСЫНА ӘСЕРІ
2. МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТҰЛҒА ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН ҚАНАҒАТТАНДЫРУҒА ЖƏНЕ ОНЫ ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛЫ
Модульдік оқыту XX ғасырдың 60 жылдарының аяғынан бастап ағылшын тілді елдерде дами бастаған. Оның негізгі мəні – сабақтың жоспары, ақпараттар банкі жəне сабақтың дидактикалық мақсаттарына қол жеткізуге бағыт беретін əдістемелік нұсқаулардан тұратын жеке оқу бағдарламасын студенттердің өзіне ұсынып, сол бойынша оларға өз бетімен жұмыс жасату. Педагогтың қызметі əр түрлі болған: ақпаратты игеруге көмектесу, кеңес беру, бағыт беріп студенттің жұмысын ұйымдастыру жəне бақылау. Модульдік оқыту «модуль» сөзінен шыққан. Модуль – бұл белгілі бір функционалдық жүктемесі бар қандай да бір жүйенің өз алдына жеке бөлігі, бөлшегі. Оқыту теориясында функционалдық жүктеме болашақ маманның кəсіби білімі мен дағдыларын қалыптастыруға қажетті əрекеттердің жəне ақпараттың белгілі бір «мөлшері» («дозасы») болып табылады. Осы айтылғандарды ескере отырып, модульге мынадай анықтама беруге болады: «Модуль – бұл оқу пəнінің танымдық жəне кəсіби аспектілерден тұратын мазмұндық бөлігінің жүйелі түрде аяқталған формасы, ол студенттің берілген модульді толық меңгеруі нəтижесінде қалыптасатын білім, білік, дағдыларын бақылап, тексерудің тиісті формасымен аяқталуы тиіс».
[pic 1]
МОДУЛЬДЕР БЕЛГІЛІ БІР ЕРЕЖЕЛЕРГЕ СƏЙКЕС ЖАСАЛАДЫ,
ОЛАРҒА МЫНАЛАР ЖАТАДЫ:
[pic 2]
МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
[pic 3]
Модульдік оқыту кейбір философиялық, əлеуметтік, психологиялық жəне педагогикалық теориялар мен тұжырымдарға негізделеді. Оларға ізгілендіру, оқуда, іс-əрекетте жетістіктерге міндетті түрде қол жеткізу, жеке тұлғаға бағдарлай оқыту идеялары
тəн. Сондай-ақ модульдік оқыту оқу үдерісін ұйымдастырудағы құрылымдық нақтылығымен жəне жоспарланғандығымен ерекшеленеді. Оқу үдерісінде, бір жағынан, оқу мазмұнын жалпыға ортақ көлемде ұсыну, барлық студентке бірдей əдіс-тəсілдер, құралдар қолдану, уақытты шектеу мəселелері мен екінші жағынан, білім мазмұнын меңгерудің жеке тəсілдері, студенттердің əрқайсысының жеке мүмкіндіктері, қарқындары арасында қарама-қайшылық туатыны белгілі. Модульдік оқыту кезінде бұл қайшылықтарға жол берілмейді, «Дəстүрлі емес оқыту» принциптеріне негізделген оқыту мазмұнын таңдау үшін қолайлы жағдай туғызады, əрбір студент өзіне оқу бағдарламасын таңдай алады. Модульдік оқытуда басты назар студенттің іс-əрекетіне бағытталады. Модульдердегі оқу материалдарын қандай да бір деңгейде прагматикалық деп айтуға болады. Оқу материалының прагматикалығы оның студентті ойлауға, оқуға, нұсқаларды таңдай жəне оларды талдай білу қабілетіне бағытталуынан көрінеді. Модульдік оқыту теориясы оқу үдерісін оған қатысушы екі жақтың əрқайсысы өзіне тиісті функцияларды атқаратын, яғни оқытушы – басқарушы, студент – өзін-өзі басқарушы болып табылатын студент мен педагогтың мақсатты белсенді əрекет ретінде қарастырады. Модуль нақты дидактикалық мақсаттарға қол жеткізуге, оқу материалын игеруге байланысты студенттің өзіндік танымдық іс-əрекетін қалыптастыруға бағытталған.
Кеңес педагогикасында модульдік оқыту XX ғасырдың соңғы онжылдығында оқыту технологияларының өріс алуына байланысты дамыды. Көптеген зерттеушілер (В. П. Беспалько, О. В. Долженко, В. Л. Шатуновский, П. А. Юцявичене, т.б.) оқыту технологияларын құрылымдық-мазмұндық жағынан алдын ала жоспарланған оқу-танымдық үдерістің тəжірибеде жүйелі жəне бірізді түрде жүзеге асуы ретінде қарастырады. Олардың ойынша, модульдік оқытуға осы анықтама анағұрлым сай келеді. П. А. Юцявичене модульдік оқытудың мəні оқудың субъектісі, негізінен, модуль түрінде ұсынылған оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істейтіндігінде деп көрсетеді. Жеке алынған модуль əрекеттің мақсатты бағдарламасын, ақпарат банкін жəне студенттердің алдына қойылған мақсаттарға жетудің əдістемелік нұсқауын қамтиды. Модульдік оқыту технологиясының бір ерекшелігі – оның білімді меңгертуде, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін жəне танымдық үдерістерін: яғни жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл жəне т.б.) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу жəне танымдық жағдайлар арқылы тануға, сондай-ақ жеке тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас жасау, ойын танымдық жəне шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға; белсенді сөздік қорын (ауызша жəне жазбаша тілде) дамытуға бағытталуында. Модульдік оқытудың мақсаты студенттің өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тəсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрену. Модульдік оқыту іс-əрекет принципіне негізделген, студенттің кейде ғана емес, жүйелі түрде белсенді іс-əрекеті болғанда ғанабілім мазмұны саналы меңгеріледі. Сондықтан оқытушы тапсырмаларды дайындағанда студенттерді оқу мақсатына бағыттайды, оның қабылдауына жағдай жасайды, студенттердің өзін-өзі бақылау жəне бағалау жүйесін анықтайды, сол арқылы өзін-өзі басқаратын рефлексивті оқыту үдерісін қамтамасыз етеді. Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген: Егер студент тапсырманы оқытушының немесе группаластарының көмегімен орындайтын болса, онда ол өзінің жақын даму аймағында деп есептеледі. Бұл баланың психикалық функциясының жетілуіне септігін тигізеді. Өйткені, ол бүгін басқалардың көмегімен орындалған тапсырмаларды ертең өзі орындай алады, яғни бір цикл аяқталады да, студент актуалды даму аймағына енеді. Осылай жаңат деңгейде келесі цикл бастау алады. Модульдік оқытуда бұл цикл оқытушының студентке беретін көмегінің мөлшері мен мазмұнын саралап, оқу əрекетінің əртүрлі формада (жеке, топтық, тұрақты жұптың жəне ауыспалы құрамда) ұйымдастырылуы арқылы жүзеге асырылады.
...