Лекции по "Философии"
Автор: Kakosh18 • Сентябрь 27, 2021 • Курс лекций • 7,909 Слов (32 Страниц) • 302 Просмотры
дәріскер: филос.ғ.к, философия кафедрасының доценті – Амиркулова Ж.А.
семинар қабылдушы: Гуманитарлық гылымдар магистрі, оқытушы – Бекенова Ж.Н.
Дәріс тақырыптары:
1 Дәріс. «Философияның пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі».
2 Дәріс. «Болмыс мәселесі. Онтология және метафизика».
3 Дәріс. «Сана және тіл».
4 Дәріс. «Таным және шығармашылық».
5 Дәріс. Білім, ғылым, техника және технологиялар
6 Дәріс. «Адам».
7 Дәріс«Өмір және өлім. Өмірдің мәні».
8 Дәріс. «Этика. Құндылықтар философиясы».
9 Дәріс. «Еркіндік».
10 Дәріс. «Өнер философиясы»
11 Дәріс. «Қоғам және мәдениет».
12 Дәріс. «Тарих философиясы».
13 Дәріс. «Дін философиясы»
14 Дәріс. «Мәңгілік ел» және «Рухани жаңғыру» – жаңа Қазақстан философиясы».
1 Дәріс. «Философия пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі»
Философия - адамзат баласының сонау көне заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Философия сөзі грек тілінен аударғанда – «даналықты сүю», «даналыққа махаббат» деген мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғғ. Ежелгі Үнді, Қытай және Грекияда бір уақытта пайда болады. «Философия» сөзін алғаш рет қолданған грек философы және математигі Пифагор.
Философия пәні мынадай негізгі бөлімдерден құралады: 1. Онтология (болмыс туралы ілім); 2. Гносеология (таным туралы ілім); 3. Антропология (адам туралы ілім); 4. Аксиология (құндылықтар туралы ілім) 5. Этика (мораль туралы ілім) 6. Логика (ойлау заңдары туралы ілім) 7. Эстетика (сұлулықтың заңдары мен канондары туралы ілім)
Дүниетаным – дүние және ондағы адам орны туралы тұтас көзқарас. Тарих дамуында адамзат дүниетанымының үш тарихи түрі қалыптасты: Мифология; Дін; Философия; Мифология (гректің «миф» - «аңыз» сөзінен ) – қоршаған дүние туралы реалды түсінікпен қатар фантастикалық қиялдың қосындысынан тұратын ежелгі қоғам дүниетанымы, қоғамдық сананың формасы. Дін дегеніміз – дүниедегі түрлі табиғи және әлеуметтік құбылыстарды ең жоғарғы жаратылыстан тыс күш иесі – жаратушы құдайдың құдіреті арқылы түсіндіретін қоғамдық сананың ерекше формасы.
Философия – дүниетанымының ғылыми-теориялық түрі. Философиялық дүниетанымының діни және мифологиялық дүниетанымдардан айырмашылығы: 1.Нақты ұғымдармен категориялардан құралады; 2. Қиялға, сенімге емес, білімге сүйенеді; 3. Рефлексивті (ойдың өз-өзіне бағытталуы); 4. Қисындылығы (ішкі тұтастық пен жүйелілікке негізделеді.)
Философияның – дүниетаным ретіндегі эволюциясы үш кезеңнен өтті:
Космоцентризм - Әлем, табиғат құбылыстары – сыртқы күштердің – Космостың күшімен, әсерімен, шексіздігімен түсіндірілетін, бүкіл тіршіліктің космостық циклдарға тәуелділігін тұжырымдайтын философиялық дүниетаным (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, т.б шығыс елдерінде және Ежелгі Грецияға тән). Теоцентризм – бүкіл болмыс, тіршілік – тек қана құдіреттің, Құдайдың үстемдігімен түсіндірілетін пікірге сүйенетін философиялық дүниетаным түрі (Орта ғасырлық Еуропаға тән). Антропоцентризм – орталығында адам мәселесі тұрған философиялық дүниетаным түрі (Қайта Өрлеу дәуіндегі Еуропаға, Жаңа заманға, қазіргі заманға философиялық мектептерге тән.) Философиялық білімнің ерекшіліктері (екіұдайлығы). Философиялық білімнің басты ерекшелігі – оның екіқұдайлылығында. Ол ғылыми бөлімге жақын: пәні, әдістері, логткалық - ұғымдық аппараты ғылыммен ортақ.
...