Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ибн рушд философиясын сипаттаныз

Автор:   •  Сентябрь 16, 2019  •  Реферат  •  1,181 Слов (5 Страниц)  •  2,307 Просмотры

Страница 1 из 5

ФИЛОСОФИЯ СРС 1.

ИБН РУШД ФИЛОСОФИЯСЫН СИПАТТАҢЫЗ.

Ибн Рушд һижри 520 миләди 1126 жылы арабтың Испания – Андалузия мемлкетінің Құртуба (Кордово) шаһарында атақты араб әулетінде дүниеге келген. Бұрыннан бұл әулеттен фиқһ, саясат, қазылық салаларында ірі қайраткерлер шыққан-ды. Сондықтан да ғұламалар Ибн Рушдты атақты Ибн Рушд әулетінің тұқымы деп қадірлейтін. Ибн Рушд жастайынан араб тілі мен поэзиясын, Құран Кәрімді, хадисті жаттаған соң фиқһ ілімін үйренді. Сол кездегі фиқһ біліміндегі ең үлкен кітап Мәліктің әл-Муатта кітабын оқып, атасы мен әкесінің жолына түсті. Жастайынан теология, фиқһ, әдебиетке ден қойып, тереңірек оқиды. Кәләм – теология ілімінде Мухтасар әл-Мустасфа атты кітап жазады. Араб тілі мәселелеріне байланысты ад-Дарури атты кітап, фиқһ ілімінде Бидаят әл-мужтаһид уа ниһаят әл-муқтасид атты кітапты тағы басқа құнды ғылыми туындыларын жазды. Алайда барлық ғылымдарда да асқан дарынды болса да Ибн Рушдтың есімі философия және медицина ғылымдарымен мәшһүр болды. Ол ғылымның осы екі саласы бойынша замандастарынан оқ бойы озық болды. Ибн Рушд медицина ғылымы бойынша өз заманының білгір ғұламалары Әбу Жағфар Һарун, Әбу Маруан ибн Жарбул әл-Бәләнсилерден дәріс алды. Кейінірек осы салада көптеген еңбектерін жазып шықты. Ибн Рушд әсіресе, өзі заманының атақты дәрігер ғалымы Маруан ибн Зуһрмен тығыз достық байланысты болды. Ибн Рушд өз ғасырының дәрігер ғалымдарының арасында шоқтығы биік тұлға еді. Тіпті, кейбір замандастары: «Ибн Рушд көпшілікке фиқһ – шариғат мәселелерінде пәтуа бергені сияқты дәрігерлік мәселелерде де шешім шығарады», – десетін. Медицина саласындағы осындай ғұлама ғалымдығына қарамастан Ибн Рушдтың атағы философия ғылымы арқылы мәшһүр болды. Бір жағынан ол араб философиясының дамуына біраз еңбек сіңірсе, екінші жағынан латын философиясының дамуына да өзіндік үлес қосты. Әсіресе, оның есімі ежелгі грек философы Аристотельдің еңбектеріне жазған түсіндірмелері арқылы бүкіл әлемге танылды. Расында оның түсіндірмелері болғанда сол кездегі араб ғалымдары Аристотельдің еңбектерін еш түсіне алмас еді.  Негізгі шығармалары: «Жоққа шығаруды жоққа шығару», «Діңмен ф.лық салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды».

                 Аверроизмнің жалпыға ортақ ерекшелігі - жануардың жаны (Нафс, Ннфс) кездесетін ақылға (акл, عقل) сүйену.Аверроизмнің алғашқы философиялық тұжырымдамасының негізгі идеялары Аверростың Аристотельге берген түсініктемелерінде келтірілген:

бір ақиқат бар, бірақ (кем дегенде) оған жетудің екі жолы: философия (фалсафа,пәлсафа) және дін арқылы;

әлем мәңгілік, өңделмеген, бірақ оған қозғалысының негізгі себебі (себебі) ретінде Құдай қажет;

Құдай бар, бірақ оның жеке қасиеттері жоқ. Ол болмыстың жеке көріністерінен бейхабар. Ол әлемді өз еркімен емес, қажеттілік бойынша басқарады.

жан екі бөліктен тұрады - жеке және құдайлық;

жеке жан мәңгілік емес және денемен бірге өледі;

өлімнен қайта тірілу мүмкін емес (бұл идеяны Бетиус айтқан).

Адамдағы құдайдың жаны - бұл жеке қасиеттерден айырылған және барлық адамдарға ортақ ақыл.

Ағымдағы және потенциалды ақыл арасындағы айырмашылық.

Аверроэс идеалды мемлекет (Мадина Фадила) туралы заңның іске асуы деп ойлады (шариғат, скрип), бірақ ақылды билеуші ​​(халиф) мұндай заңның кепілі ретінде әрекет етуі керек. Ибн Рушд үшін идеал - бұл билікке тимократиялық және гедонистік принципті әкелген Муавиядан бұрын төрт әділ халифа. Жақсылықты тарату үшін идеалды мемлекет әділетті соғыстарға барады Ислам дінінен қол үзбей ақ материя мен уақыттың мәңгілігін және оларды ешкімнің жаратпағандығын дәлелдеп, адам жанының өшпейтіндігі мен о дүниедегі өмір нег.қалаушы. «Қос ақиқат» идеясының нег.мәні ф.лық және діни ақиқат әртүрлі, діндегі ақиқат пен саналатын кейбір құбылыстар ф.да жалған болып есептелуі мүмкін. Сол сияқты ф.ғы ақиқат дінде де теріске шығарылуы мүмкін. «Қос ақиқат» теориясының нег.мақсаты ф.ны діннің шармауынан босатып, өз алдына жеке ілім ретінде қалыптастыру. Ибн Рушдтың Аристотель шығармаларына жазған түсініктемесі Еуропа ф.рын антикалық ф.мен таныстыруда үлкен рөль атқарды. Ибн рушд ақыл парасаттың нанымнан артықшылығын негіздеді, діни ілімді уағыздаушылардың ф.лық мәселелермен айналысуының заңсыздығын атап айтты. Сонымен бірге ол ф.ды өздерінің ілімін көпшілік алдында жарияламауға шақырды, өйткені мұның өзі адамдардың діни сенім нанымнан айыруы, демек адамгершілік қағидаларынан да айыруы мүмкін. Ибн Рушдтың ілімі ортағасырлық Батыс Еуропалық ф.да еркін ойдың дамуына зор ықпал етті. "Қос ақиқат" принципінің баяндалуы небәрі ақыл-парасатқа (философияға) діндар қоғамда тірі қалуы үшін мүмкіндік беретін "казуистикалық айла" ретінде шектен тыс оңайлату болса керек. "Қос ақиқат" теориясы ортағасырлық мәдениеті әлемін екі дербес алаңға – рационалды пайымдау (философия мен ғылым) алаңы мен діни сырлар алаңына – дифференциялаудың көрінісі болып табылды."Қос ақиқат" теориясы гносеологиялық принцип ретінде кез келген ақиқаттыңкеңмәтінділігін көрсетті. Оның үстіне ақиқатты пайымдаудың кеңмәтіні ретінде бұлжағдайда конвенциалистердің жаңа буржуазиялық философияда жариялағанындай, қандай кеңмәтінінбілдіреді. Екінші жағынан, "екі жақты ақиқат" принципі ортағасырлық символизмніңерекшелігін рационалистік символизм ретінде сипаттайды.

...

Скачать:   txt (16.2 Kb)   pdf (97.3 Kb)   docx (12 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club