Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жақсылық жасауға ұмтылма

Автор:   •  Февраль 26, 2018  •  Эссе  •  351 Слов (2 Страниц)  •  1,389 Просмотры

Страница 1 из 2

Жақсылық жасауға ұмтылма, ол саған жамандық болып қайтып келуі мүмкін

Қытайдың философиясында үш негізгі бағыт бар. Олар : Конфуций ілімі, Даосизм және Фа-Цзя мектебі.Бұл эсседе мен Даосизмнің моральдық философиясын, соның ішіндегі «Өзгелерге жақсылық жасауға ұмтылма, ол өзіңе жамандық болып қайтып келуі мүмкін» деген идеясын ашып, өз ойымды білдіруге тырысамын.

Даостар жақсылық жасауға тырыспайтынн адам – ізгі адам деп санаған, яғни «Күреспей-ақ жеңіске жету» принципін ұстанса керек.Бұл оймен кейбір өмірлік жағдайлар мен мәселелерде келісуге болады деп ойлаймын. Себебі шынайы өмірде жақсылық пен жамандық бірге жүреді, сондықтан да жақсылық жасағысы келген адамның игі ойы кей жағдайда еріксіз жамандыққа ұласуы мүмкін. Мұндай жағдайларға мысал ретінде Пауло Коэльоның танымал «Бесінші шың» («Пятая гора»)  шығармасындағы басты кейіпкер Илияның басынан өткен оқиғаларын келтіруге болады.Қысқаша айта кетсем, Илия жаратушы Құдайдың берген «Егер Израиль бір жаратушы иеге табынбаса, ол елді құрғақшылық жаулайды» деген аянын елбасына жеткізгісі келеді. Алайда көп қудайлықты ұстанатын ел басшысы , Илияны халық жауы деп есептеп , керісінше бір жаратушы иеге табынатындарды өлтіруге бұйрық береді. Осының кесірінен ол халқына жек корінішті болып, елінен қашып кетуге мәжбүр болады. Яғни, менің айтқым келгені, бұл оқиғада жақсылық жасауға ұмтылу шынымен де өзіне жамандық әкеледі деп түсінуге болады. Егер Илия елбасына ол аянын айтпағанда, жазықсыз жандар бекерден айырылмас еді және өзі дехалықтың қаһарына ұшырап елден қашуға мәжбүр болмас еді, яғни, «өмір өз ағымымен ағуы керек және адам оны өзгертуге тырыспауы керек», - деген пікір толығымен дәлелденді деп еесептеуге болады.

...

Скачать:   txt (4.6 Kb)   pdf (61 Kb)   docx (11.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club