Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Диалектиканың негізгі категориялары

Автор:   •  Октябрь 28, 2020  •  Реферат  •  2,094 Слов (9 Страниц)  •  2,444 Просмотры

Страница 1 из 9

Диалектиканың негізгі категориялары.

  1. Диалектиканың тарихи түрлері. Объективті диалектика және субъективті диалектика.
  2. Диалектика категорияларының мәні.
  3. Диалектиканың заңдары мен категориялары, объективті дүниені бейнелеудің жалпыға ортақ формалары.

 

Диалектиканың тарихи түрлері. Объективті диалектика және субъективті диалектика. Диалектика (грек сөзінен аударғанда тікелей мағынасы пікірталас, талқылау ) философия тарихында әр түрлі мағынада пайдаланылады. Ол ежелгі грек мәдениетіңде дүниеге келді. Диалектиканы пікірталас, ой талқылау өнері деп түсіну Сократтан басталды. Сократ шәкірті Платон диалектика ұғымын анализдеу және синтездеу әдісі деп қарастырды.

Дүниедегі табиғат болсын, заттар, рухани дүние болсын үздіксіз өзгерісте, қозғалыста болады. Мұны ежелгі грек философтары ерте заманнан-ақ байқаған. Олар дүниенің түпнегізі ретінде табиғаттың ең жылжымалы, өзгермелі заттарын алған. Анаксимен –ауаны, Анаксимандр – апейрон, Фалес – суды субстанция ретінде қарастырады. Осылайша, олар дүниенің үнемі өзгерісте, қозғалыста, бір күйден екінші күйге ауысып отыратынын байқаған. Сөйтіп, олар тұрпайы, стихиялы диалектиканың негізін қалады. Бұл – диалектиканың бірінші тарихи формасы.

Диалектиканың екінші тарихи формасы Гегельдің диалектикасы болды. Гегель бүкіл табиғи, әлеуметтік дүниені үздіксіз қозғалыста, өзгерісте болатынын айтты. Гегель диалектиканың негізгі заңдарын тұжырымдап, оның категорияларының негізгі жүйесін жасады. Категориялардың өзара байланысы арқылы Гегель дүние мен танымның әмбебап байланысын бейнелейтін заңдылықтарды ашты. Бірақ мұның бәрі идеалистік жүйеде жасалынды. Гегель бұл заңдар мен категорияларды объективті дүниенің емес, Абсолютті идеяның өзіндік дамуының заңдары мен категориялары ретінде қарастырды.

Диалектиканың үшінші тарихи формасы ХІХ ғасырдағы орыс революцияшыл демократтары А.Герцен, В.Белинский, Н.Чернышевский философиясымен байланысты болды. Олар диалектиканы танымның және дүниені қайта өзгертудің құралы ретінде пайдаланды. Сондай-ақ, қазақ халқының озық ойшылдары Шоқан Уалиханов, Абай Құнанбаевтың философиялық көзқарастары орыс демократтар философиясымен жалғасып, оларды одан ары дамыта түскенін айта кеткен жөн.

Материалистік диалектика – философиялық дүниетанымның ядросы болып табылады. Сондай-ақ түрлі құбылыстарды оқып, үйренудің, дамудың бағытын, заңдылықтарын түсіндіретін әдіс деуге болады. Маркстік диалектика адамзаттың рухани дамуының шығармашылық шыңы болып саналады. Ол өзіне дейінгі нақты ғылымдардың және философияның жетістіктеріне сын көзбен саралап, күн тәртібіне ғылым мен өмірдің өзі қойған мәселелерді шешуді қойды. Материалистік диалектика логикалық мазмұнының терең байлығымен ерекшеленді. Диалектиканың элементтері тек табиғат пен қоғамның ғана даму заңдардары емес, сонымен қатар, танымның да даму заңдары ретінде көрінеді. Диалектика өз мазмұнының байлығы сан алуан болуы арқасында, бірдей уақытта, тек методология ғана емес, сонымен қатар логика, таным теориясы ретінде де көрінеді.

Диалектика – дүниедегі түрлі құбылыстарды жан-жақты байланыстармен қарама-қарсы күштердің өзара байланысымен алып көрсетіп ойлаудың, дүниені түсінудің тәсілі. Болмыстың жалпыға ортақ байланысы, өзгерісі, дамуы өздігінен шешіледі, Оларды түсіну үшін ерекше ойлау «құралы» – диалектика қажет. Диалектика субъективті диалектика және объективті диалектика болып екіге бөлінеді. Ойлауда субъективті диалектика – объективті диалектиканың бейнесі, оны танып, білудің тәсілі болып табылады.

Диалектиканың жалпыға ортақ байланыс пен даму туралы ілім екенін білу үшін, алдымен даму принципімен, және құбылысқа бірдей байланыс приципімен танысайық. Диалектика – даму туралы жан-жақты, терең ілім. Материя қозғалысы әртүрлі бағытта болады. Солардың ішіндегі ең алдыңғы шептегісі – төменнен жоғарыға қарай бағытталған қозғалыс, бұл қозғалыс материяның негізгі қасиеті ретінде көрінеді. Төменнен жоғарыға қарай, қарапайымнан күрделіге қарай бағытталған қозғалыс даму деп аталады. Диалектика даму арқылы нені түсінеді?

...

Скачать:   txt (30.5 Kb)   pdf (80.8 Kb)   docx (14.6 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club